Дүйсенбі, 28 Қыркүйек 2026
4648 0 пікір 19 Қараша, 2020 сағат 13:07

Сенат жаңа құжат қабылдады

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «ҚР Ұлттық қорынан 2021 - 2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Заңы қабылданды.

Құжатта Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт 2021 жылы – 2 трлн 700 млрд теңге, 2022 жылы – 2 трлн 400 млрд теңге, 2023 жылы – 2 трлн 200 млрд теңге сомасында ескерілген.

«Заң жобасында сондай-ақ кепілдендірілген трансфертті пайдаланудың нысаналы бағыты айқындалды. Осы қаражат республикалық бюджеттен ортақ зейнетақыларды төлеуге және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдеріне бағытталады.

Аталған кепілдендірілген трансферт Ұлттық қордағы қаражаттың жалпы ішкі өнімнің 30 пайыз мөлшерінде төмендемейтін қалдық бойынша шартты қамтамасыз етеді», - деді ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1564
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3180
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1172
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1087