Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2606 0 пікір 2 Ақпан, 2012 сағат 11:13

Сәдуақас КЕБЕКБАЙ. Шенеуніктер қымбат көліктерден қашан бас тартады?

Елбасы пікір білдірген кез келген тақырып біздің қоғамда кеңірек талқыға түсіп, өзекті болатыны даусыз. Қазіргі кезде Мемлекет басшысының шенеуніктерді отандық көліктерге мінгізу жөніндегі пікірі өте орынды.  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде «Қорғаныс министрлігіне немесе басқа мекемелерге назар аударыңдаршы, біз қандай көлік алып жатырмыз? Өзіміздің жұмысты дөңгелету үшін отандық көліктерді неге алмайды, барлығы «Тойота» алуға құмар. Осының бәрін кім қадағалап отыр?», - деген болатын. Әсіресе бюджет есебінен алынатын автокөліктер мәселесін ретке келтіру - уақыт күттірмейтін мәселе.

Қазір мемлекеттік қызметкерлердің тақымынан темір тұлпарлардың түр-түрін көруге болады. Қазақстанда қандай көлік жоқ дейсің? Кеше ғана Франкфурттың, Токионың, Нью-Йорктің автосөрелеріндегі теледидар арқылы тамашалаған көліктеріңізді көп ұзамай Алматы мен Астананың көшелерінен көресіз. Сол көліктер шенеуніктің жекеменшігі болса, ол бөлек әңгіме екен. Дегенмен қазір мемлекеттік тапсырыс арқылы, салық төлеушілердің ақшасына сатып алынатын автокөліктерді сөз етсек. Себебі еліміздің кез келген азаматы мемлекеттің ортақ қаржысының орынсыз шашау болғанын қаламайды.

Парламент депутаттары мен министрлер, ірі шенеуніктер, қала әкімдерінің қай-қайсысы құны 80 мың доллардан басталатын «люкс» санатындағы темір тұлпарлардың бірін мінбесе, «қорланып қалатыны» екібастан белгілі. Билік басында жүргендерді былай қойғанда, қазір қарапайым аудандық әкімдер, кейде ауыл әкімдері, мемлекеттік кәсіпорындар мен компаниялардың басшылары су жаңа «Land Cruiser» мінбесе болмайтын жағдайға жеттік.

Дағдарысқа дайындық үнемділік саясатынан басталуы керек

Дағдарыс кезінде әлемнің барлық елдері экономиканы сақтап қалудың негізгі жолы ретінде шығынды азайту, яғни үнемдеу саясатын қолға алды. Еуропа елдерінің арасынан дағдарыстың соққысын ерекше сезінген Греция елі артық шығындардың барлығын қысқарту арқылы ғана ел ретінде жойылып кетпей, аман қалды. Көршілес Өзбекстан да үнемдеу саясаты арқылы «екі қоянды бір оқпен атып» жатыр. Өзбекстанның мемлекеттік мекемелері тек отандық көліктер мен отандық жиһаздарды ғана пайдалана алады. Расында, көршілес Өзбекстан елі секілді мемлекеттік қызметкерлерге берілетін көлікті тек отандық көліктермен жарақтауға арнайы ереже қажет шығар. Соңғы жылдары Қазақстанда әлемдік танымал брендтердің өкілдері автомобиль құрастыра бастады.

Жуырда Қырғызстан үкіметі мемлекеттік мекемелердегі артық шығындарды азайтуды ерекше қолға алып, үкіметтегі артық көліктерді арзан-қымбатына қарамастан қысқартып тастады, ал депутаттарға қоғамдық көлікпен жүруге кеңес берілді. Ал бізде дағдарыстың екінші толқыны туралы жиі сөз болғанымен, соған лайық шаралар әлі ұйымдастырылған жоқ.

Жуырда БАҚ құралдары қаржы министрі Болат Жәмішевтің жұмысқа кейде жаяу келетінін айтып мәз-мәйрам болысты. Расында, бұл - біз үшін таңсық құбылыс. Ал көп-теген елдерде мұндай қарапайымдылықты жиі кездестіруге болады. Мәселен, Лондонның мэрі Борис Джонсон жұмысқа велосипедпен барады. Айта берсе, мемлекеттің ақшасын үнемдеу мақсатында өзіне берілген мүмкіндіктерді шектеп жатқан шенеуніктер әлемде же-тіп-артылады.

Қазақстандық шенеуніктердің де дәл солай велосипедке көшпесе де «люкс» санатындағы автокөліктерден бас тартуына толық мүмкіндік бар. Жиі айтылатын «Арзан көлік тез бұзылады немесе отандық көліктер сапасыз, сәйкесінше, оны жөндеуге мемлекеттен көп ақша кетіп отырады» деген пікір орынсыз екені кімге де болса аян. Шындығына келгенде, шенеуніктер мініп жүрген 10 миллион теңгелік көліктер - әуесқойларға арналған көліктер. Яғни оларға қажетті тетіктер де, жөндеу жұмыстары да ерекше қымбат.

Көлік шығыны қанша болуы керек?

Бір ғана шенеуніктің жүріп-тұруына кететін ақшаны есептеңіз. Мемлекеттік сатып алу арқылы құны 10 млн теңгеден басталатын бір көлікке тапсырыс беріледі. Ондай көлікке кемінде бағасы бір литрі 145 теңге болатын АИ-96 жанармай құйылады. Оның үстіне, біздің шенеуніктердің көңілінен шығатын көліктердің қозғалтқыштарының көлемі 3,5, 4,0-ден басталатыны белгілі. Мұндай көліктердің техникалық жөндеу жұмыстарына ай сайын кемінде 100-300 мың құйылып отыратыны заңдылық. Себебі ондай көліктер қа-рапайым көлік жөндеу орталықтарында жөңделмейді. Ал тетіктері шетелге тапсырыс беру арқылы алдырылады. Енді соған әлгі шенеуніктің шопырының жалақысын қосыңыз. Қысқасы, бір шенеунікке ғана берілетін көліктің машақаты бастан асады. Ал енді елімізде мемлекеттік қызметкерлердің, оның ішінде талғамы биік шенеуніктердің көліктерінің шығынын қосып есептесе, Қырғызстанның бірнеше жылдық (бәлкім, одан көп) бюджеті шығып кетуі әбден мүмкін. Парламент пен Министрлер кабинетін былай қойғанда, қа-рапайым кәсіпорындар мен ауыл, аудан әкімдерін қарапайымдылыққа кім үйретеді? Әкімдердің өз мекемесіне осындай қымбат көліктер сатып алу жөніндегі шешіміне мәслихат депутаттары қалай жол беріп қояды?

Ерекше талғаммен келген қымбат көліктер тозығы жеткенше мемлекетке қызмет жасаса бір сәрі. Бас-аяғы екі-үш жыл. Одан ары ол көлікке «күрделі жөндеу жұмыстары қажет» деген диагноз қойылып, мемлекет мүлкінен сызылып тасталады. Нәтижесінде, сол көлік шенеунік туыстарының мүлкіне айналып кетуі де мүмкін.

Сергей ЗЛОТНИКОВ, Transparency Кazakhstan ұйымының бас директоры:

- Шенеуніктің еркіне салса, ол 100 мың доллардың көлігін мініп жүре береді. Демек мемлекеттің қомақты қаржысына неше түрлі ойыншықтар сатып алуға жергілікті мәслихат өкілдері де рұқсат беріп отыр ғой. Бақылау жүргізетін болсақ, сол көліктердің басым бөлігі екі жылдан соң мемлекет мүлкінің қатарынан сызылып кетеді. Шенеуніктерге қымбат көлік алуға заңнамамыз жол беріп қойды деп заңды кінәлауға болмайды. Заң дұрыс, мәселе адамдардың қомағайлығында болып отыр. Шағын ауылдардың да әкімдері аса қымбат джиптерге мініп жүретіні тұрғындар үшін жағымды құбылыс емес.
«Алаш айнасы» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3553