Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4982 5 пікір 25 Қараша, 2020 сағат 14:20

«Nur Otan» партиясының кезектен съезі туралы...

Бүгін Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XX Съезінде Қазақстан қазіргі ахуалға қарамастан стратегиялық даму мақсаттарын дәйекті түрде іске асырады, деді.

Сондай-ақ мемлекет басшысы Елбасы саясатының сабақтастығын қамтамасыз ету негізгі міндеттің бірі. Партияның қоғамдағы жетекші рөлін ескере отырып, биылғы Жолдауда айтылған реформаларды «Nur Otan» партиясының зор әлеуетіне сүйене отырып жүзеге асырылатынын атап өтті.

Мемлекет басшысы бүгінгі сөзінде алдағы бес жылда басымдылық берілетін негізгі мәселелерді де атап өтті.

«Біздің бағдарламамызда негізгі 4 басымдық бар. Бірінші - әр азаматқа өз әлеуетін жүзеге асыру үшін тең мүмкіндік беру. Біз әлеуметтік-экономикалық саясатта нарық тәсілдерін басшылыққа аламыз. Қаржыны және жәрдемақыны негізсіз, оңды-солды таратуды доғару қажет. Мемлекет атаулы көмекті шын мәнінде мұқтаж адамдарға беру керек. Ең бастысы - әлеуметтік әділдік», - деді ҚР Президенті.

Алдағы 5 жыл ішінде әлеуметтік төлемдерді жыл сайын индекстеу үшін 3 трлн теңгеден астам қаражат бөлінбек.

«Nur Otan» партиясының съезінде кандидаттардың қатары жаңа есімдермен толыққаны белгілі болды. Олардың арасында елге танымал тұлғалар бар. Сонымен қатар бұл жолы кандидаттар ішінде жастар мен әйелдердің көбейгендігін аңғаруға болады.

Асхат Садырбай

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1123
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2658
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 777
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 741