Сенбі, 23 Қараша 2024
2176 0 пікір 5 Қараша, 2020 сағат 17:03

Қазақстанда бала туу көрсеткіші көрнекті жоғарылады

Кез келген мемлекеттің ең басты байлығы демография деген жазылмаған қағида бар. Бір мемлекеттің даму деңгейін анықтаудың басты белгілері ретінде экономикасының дамуын, саяси ахуалының тұрақтылығын және демеографиялық өсімінің оң бағытта болғанына қарау керек. Экономикасы өркендеген, саяси-әлеуметтік жағдайы тұрақты, демографиясы өсу үстіндегі ел дамудың даңғыл жолында келеді деуге негіз бар.

Жер бетіндегі барша елдің басты байлығы ретінде халық санын айтып жатады. Туу көрсеткіші жоғары, табиғи өсімі оң және қарттадың денсаулығы жан-жақты қорғалған елдерде халық саны қашанда тұрақты болады. Мемлекеттік басты тірегі тұрақты демография. Табиғи өсім оң нәтиже көрсеткен кезде ғана демография дамып, елдің болашағы жарқын болады деп санауға болады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әйгілі «Қазақстан-2050» мемлекеттік стратегиясында мемлекеттің демографиялық жағдайының оң бағытта дамуының маңыздылығын ерекше атап өткен болатын.

Демографиялық өсімнен бөлек, ел халқының жас ерекшелігі де өте маңызды. Ел халқының арасында қарттар көп пе, әлде жастар көп пе деген мәселе де өте-мөте маңызды саналады. Мәселен Біріккен Ұлттар Ұйымының  классификациясы бойынша, кез-келген ел халқының арасында алпыс бес жастар асқан немесе жасы бұдан да жоғары адамдардың мөлшері жеті пайыздан жоғары болса, онда сол елде қартаю процесі жүріп жатқанының аңғартады екен.

Бұл көрсеткіш бойынша айтқанда, біздің мемлекетте қартаю процесі басталды деп айтуға келмейді. Себебі біздің елде жасы алпыстан асқандар он бір пайызды ғана құрайды. Ал жасы алпыс бестен асқан адамдардың үлес салмағы жеті жарым пайыз. Бір қарағанда Біріккен ұлттар ұйымының межесіне жетіп қалғандай көрінгенімен, бұл Еуропа елдеріндегі халықтың қарттық көрсеткішімен салыстырғанда әлдеқайда төмен.

Оның үстіне біздің елде соңғы жылдары бала туу көрсеткішінің көрнекті түрде өсіп келе жатқаны байқалады. Әсіресе соңғы он жылдағы бала туу көрсеткіші айтарлықтай жоғарылады. Атап айтқанда, елімізде соңғы он жылда бала туу көрсеткіші он бес пайызға өскен екен. Мұндай оң өсім еліміздің оңтүстік және батыс аймақтарында, сондай-ақ, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында байқалады. Демек Қазақстан үшін халықтың қартаюы мәселесі қазірше күнтәртібіне шықпайтыны сөзсіз.

Биылғы жылдың бірініш ақпанымен салыстырғанда қазан айындағы Қазақстан халқының жалпы саны 132 мың адамға өскен екен. Демек осы жылдың алғашқы он айындағы өсім осындай болды деген сөз. Бұл елдегі демеографиялық ахуалдың тұрақты екенін, халық санының жылдан-жылға артып келе жатқанын аңғартса керек. Жоғарыда біз соңғы он жылда бала туу көрсеткішінің он бес пайыз өскенін жаздық. Ал жалпы жылдық табиғи өсім 1,3-1,5 пайыздық мөлшерді тұрақты түрде сақтап отыр. Осы көрсеткіштердің өзі елімізде халық санының артуы алаңдатарлық жағдайда емес екенін дәлелдейді.

Енді сөз басында айтқанымыздай, елдегі қарттар мен жастардың үлес салмағы мәселесіне оралайық. Елде қартаю жағдайы көрінбегенімен, қарттар санының бұрынғыға қарағанда сәл өскені анық. Мәселен өткен жылғы санақ бойынша, Қазақстанда ел миллионнан астам зейнеткер бар екен. Бұның себебі елдің медициналық әлеуетінің жоғарлағанын, тұрмыстық-әлеуметтік жағдайының бұрынғыдан да жақсарғанын көрсетіп береді. Дамыған елдерде қарттар саны біршама көп болады. Оның басты себебі медицинаның мықтылығынан деп түсіндіруге болады. Демек біздің елдің де емдеу сауықтыру әлеуеті артып келеді деген сөз.

Елдегі демографиялық өсімнің оң көрсеткіш көрсетуінің басты себебі, мемлекеттің қолдауынан деп бағалауға болады. Соңғы жылдары елімізде түрі әлеуметтік көмектердің саны артып келеді. Ана мен баланы қолдауға арналған, қарттарды қорғауға бағытталған, зейнеткерлердің жағдайын түзеуді көздеген көптеген мемлекеттік бағдарламалар қолға алынып, жүзеге асып жатыр. Осының арқасында елдегі демографиялық жағдай оң нәтиже көрсетіп отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5355