Еріктілер қозғалысы қарқын алып келеді!
Бәріміз білетіндей 2019 жылдың 27 тамызында Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2020 жылды Еріктілер жылы (волонтерлер жылы) деп ресми түрде жариялған болатын. Бұған себеп еріктілер еңбегі әлемдік деңгейде мойындалған, ел өміріне, халық тұрмысына орасан пайдалы қоғамдық қозғалыс ретінде мойындалған.
Сол үшін де елімізде де еріктілер қосынының қатарын көбейтіп, қоғамдық қозғаушы күшке айналдыру кезек күттірмейтін маңызды шаруа болатын. Сол үшін де мемлекет басшысы биылғы жылды еріктілер жылы болады деп бекіті. Сөйтіп 2020 жыл Қазақстан Республикасының отыз жылға жуық тарихындағы ерекше есте қаларлық елеулі жылнамалар қатарына қосылды.
Қазақстан Республикасының Президенті 2020 жылды еріктілер жылы деп жариялағанда кезде өз сөзінде «Биылғы жыл біздің елде қайырымды істер уақыты» деген болатын. Президент еріктілер еңбегінің маңыздылығын, қоғамдық қозғаушы күш ретіндегі әлеуетін түсіндіріп берген. Мемлекет басшысының айтуынша, еркіті болу еріккендердің ермегі емес, қайта заман талабының үддесінен шыққан үздік жандардың әрекеті саналады. Еріктілердің қоғамдағы өзгеше қозғаушы күш екенін жоғарыда айттық. Ендеше сөзмізге сұйық шықпас үшін елдегі еріктілер қосынының атқарып жатқан игілікті істерінен бірер мысал келтіре кетейік.
Мемлекет басшысы еріктілер жылын жариялай сала, елдің әр аймағы президент үндеуіне үн қосып, аймақтық еріктілер қосынын жасақтай бастады. Мәселен 2020 жылдың басында республика бойынша алғашқылардың бірі болып Қызылорда облысында «Сыр еріктілері штабы» еріктілер қосыны құрылды. Облыстағы азаматтық қоғам өкілдерінің бастамасымен құрылған аталған қосынның қанатының астына Арал өңіріндегі барлық еріктілер бас қосып, бірікті деуге толық негіз бар.
Биылғы жылдың ақпан айында ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен жалауы желбіреген «BIRGEMIZ» волонтерлердің республикалық фронт-офисін іске қосу рәсіміне Қызылорда облысында құрылған «сыр еріктілері штабы» арнайы барып қатысып қайтты. Мұндай мүмкіндікке аймақтың жас еріктілері елдегі волонтерлік қозғалысты барынша дамыту ісіндегі белсенділігі үші қатысқанын ерекше айта кетейік.
Бүгінгі таңда біз сөз етіп отырған «Сыр еріктілері штабы» еріктілер қосынынындағы еріктілердің қызмет аясы барынша кеңейіп, қоғамдық күш ретінде қарқынды түрде дамып келеді. Аймақтағы еріктілердің фронт-офисінде 695 волонтер тіркеліп, жұмыс істеуде. Облыстық еріктілер биыл жыл басынан бері жүзден астам жақсы істерді қолға алып, жүзеге асырды. Бұдан бөлек еріктілер тұтас әлемді табанынан тік тұрғызған коронавирус пандемиясы кезінде де ел үшін өте көп игілікті істердің басын қайырды. Еріктілер қосыны атқарған игі істер облыс көлеміндегі эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына үлкен пайдасын тигізді.
Коронавирус пандемиясы кезінде «Сыр еріктілері штабы» еріктілер қосынынының қатысуымен аймақтағы сегіз мың бес жүз отбасына әлеуметтік көмек көрсетілгенін атап айтуға болады. Толықтырып айтар болсақ, жас еріктілердің тынбай жұмыс істеуінің арқасында өңірдегі бес мыңға жуық мұқтаж отбасылар мен көпбалалы отбасыларға қажетті көмек көрсетіліп, олардың балаларына білім алуға қажетті оқу құралдары жеткізіліп берілді. Бұдан бөлек облыстағы екі жүз елу бес медицина қызметкерлеріне де дер кездінде қолдау көрсетілді. Олардың отбасына қажетті азық-түлік себеттері жеткізіліп қана қоймай, «алдыңғы шепте» аянбай еңбек етіп жатқан мың жеті жүз дәрігер қауымы уақытылы ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп отырды.
Сонымен қатар қазіргі таңда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілік етуімен жеті бірдей жалпымемлекеттік арнайы бағдарлама аясында жеті жүзден аса нақты іс-шара ұйымдастырылғанын айта кету керек. Бұл жобалар қатарында білім беру саласына қолдау білдіру, қарттар мен арнайы қамқорлықты қажет ететін адамдарға көмектесу, техногендік апаттарды тазалау, экология мәселелерін реттеу, медицина саласын қолдау және мәдени рухани тарихи құндылықтарды ұлықтау жұмыстары қамтылды.
Ең маңыздысы Қызылорда облысындағы кәсіпкерлер мен ерікті жастардың көптеп күш салуымен жыл басынан бері он бір тұрғын үш кешені салынды. Бұл тұрғын үйлер Сырдария, Жаңқорған, Қармақшы және Қазалы аудандарында бой көтерді. Тұрғын үйлер аталған аудандардағы тұрмысы төмен отбасыларға және жалғыз басты қарт кісілерге көмек ретінде берілді. Қазіргі таңда аз қамтылған отбасылар үшін баспана мәселесі өте өзекті болып тұрғаны белгілі. Ендеше қызылордалық белсінді жастардың бұл ізгі ісі көп көңілінен шықты деген сөз.
Сонымен қатар «Сыр еріктілері штабы» еріктілер қосыныны қолға алып атқарған игілікті істердің бірі көктемдегі су тасқынынан зардап шеккен аймақтағы тұрғындарға көмек қолын созу болды. Атап айтқанда су тасқыны жүрген Түркістан облысы Мақтаарал ауданының тұрғындарына қажетті тұрмыстық керек-жарақтар, киім-кешек және азық-түлік өнімдерін жеткізіп берді. Бұл жұмыстар Қызылорда облысының ерікті жастары белсене еңбек етті.
Сөз соңында айтарымыз, еріктілік қызмет еріктілер жылымен аяқталмасы сөзсіз. Статистикаға сүйенсек, тұтас әлем халқының жетіден бірі ерікті болып жүр екен. Ендеше мемлекеттік көркеюі үшін, халық тұрмысының жақсаруы үшін тынбай еңбек етіп жүрген волонтерлер қосыны қызмет аясынан бұрынғыдан да кеңейтіп, келесі жылдарда да жалғастыратыны сөзсіз. Себебі еріктілер қосынының қызметі қашан да өте үлкен маңызға ие. Мұны Мемлекет басшысы да атап айтқан болатын.
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды «еріктілер жылы» деп жариялағанын айттық. Бірақ бұл еріктілер қозғалысының қызметі биылғы жылдың соңында аяқталады деген сөз емес. Мемелкет басшысының бір жылды арнайы еріктілерге арнау себебі еріктілер қосынына қолдау білдіру, тұтас әлемде кең етек жайған волонтерлік қызметті Қазақстанда дамыту үшін екені сөзсіз. Демек, өзгеге көмектесуді қуаныш санайтын еріктілер саны жылдан-жылға көбейе береді деп сенеміз.
Abai.kz