Аман бол, Елім!
Жуырда Қазақстандағы букмекерлердің өзін-өзі реттейтін ұйымы «Тыныс ал» жобасын қолға алыпты. Жобаның мақсаты – коронавирус індетінен сақтану үшін мұқтаж азаматтарға көп рет қолданатын бетперделер сыйлау.
Қазақстандағы букмекерлердің өзін-өзін реттеу ұйымының атқарушы директоры Ғалымжан Дуамбеков мырза редакция поштасына аталған жоба туралы егжей-тегжейлі баяндаған мақаласын жолдаған екен. Соны оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік.
Ғалымжан Дуамбеков, Қазақстандағы букмекерлердің өзін-өзін реттеу ұйымының атқарушы директоры:
- Коронавирустың алғашқы толқыны басталған кезде букмекерлік кеңселердің басшылары көп отбасыға көмектескен болатын. Олар өздерінің достарының, таныстардың, жақындары мен көршілердің ауырып жатқанына бей-жай қарай алмады. Бірақ, мұндай көмектің тиімсіз екенін тез ұқтық. Өйткені біреуіне жәрдем беріп үлгергенше, тағы он адам сырқаттанып жатты. Біз өз ортамызда тығыз қарым-қатынастамыз. Ал мұнда ортақ бір ғана мәселе бар ол: коронавирус пен карантин. Ойлана келе, барлығымыз күшіміз бен қаржымызды біріктіруіміз қажет деп шештік. Қауымдастық мүшелері барлығымыз қосылдық, ақша жинадық.
Әуелгіде жабдықтар, оттегі баллондарын сатып алып, ауруханаларға табыстау туралы ой туды. Бірақ оның бәрі тиімсіз боп шықты. Салалық жабдықтар ауырған адамдарға ғана көмектеседі. Оның үстіне, мұнда да көптеген кедергілер болды. Бұл жабдықтардың барлығын Денсаулық сақтау министрлігі қатаң қадағалайды. Көп құжаттар қажет. Сондықтан, біз қажетті құрал-жабдықты сатып алып, оны елге әкелсек те, қағаздарды алу, сертификаттау кезеңінде, кеденде кедергілерге тап болу қаупі бар еді.... Одан кейін, бұл жабдықты ауруханаларға табыстау кезінде де көптеген қиындықтар туындауы мүмкін. Біз сатып алған аппараттар науқастарға дер уағында жете ме, тағы сұрақ... Сондықтан біз қарапайым жолмен жүруді шештік. Ол - мұқтаж азаматтардың барлығын індеттен қорғайтын бетперделармен қамтамасыз ету. Бұл аурудан сақтанудың ең қарапайым тәсілі.
Қандай бетперде жасау керек? Біз ұзақ ойландық. Әдеттегі бір реттік бетперделер сатып алу керек пе, әлде көп рет қолданатынын тігу керек пе?.. Басында бір реттік бетперделерге тоқталдық. Қаладағы кез-келген аялдаманы барып қараңыз, қолданылған маскалар қоқыс жәшіктерінде толып жатыр. Алматы күн сайын 5 миллион бетперде тұтынады. Олар табиғи емес материалдардан жасалған, сондықтан, олар өте ұзақ шіриді. Бұл дегеніміз экологияға да қауіпті. Табиғатты ластау деген сөз. Оларды қазір барлығымыз тағып жүруіміз керек. Сондықтан, бетперделер полиэтилен пакеттері секілді күнделікті проблемаға айналды. Бетперде кеерк, бірақ оларды кейін жойып, қайта өндіруге тура келеді.
Баға жағы да түсініксіз. Бетперденің арзандағаны рас. Үш қабатты ең жақсы деген масканың өзі бір күнге ғана жарамды. Ал бір реттік маскалар бар болғаны екі-ақ сағатқа жарайды. Содан кейін оны тастау керек. Яғни, жұмыс істейтін адамға күніне кем дегенде бес маска қажет.
Қазіргідей көп жүрт жұмыстан қысқарып, ақшасын қалған қиын кезеңде бұл тым көп әрі тиімсіздеу... Егер сіз дәл осы мәселеге тереңірек үңілсеңіз, басқа да фактілер анықталады. Біздің азаматтардың көпшілігі ай сайын тек қана бетперде үшін 3000 теңге жұмсай алмайды. Сондықтан, көпшілігі оңайырақ жолын іздейді. Ол түсінікті де. Халық қазір бірнеше күн, тіпті, бірнеше апта бойы бір масканы тағады. Көшеде өтіп бара жатқан адамдарға мұқият қараңызшы, дені ескі маскаларын тағып алған. Қала тұрғындарының жартысығ тіпті жартысынан көбі солай жүр. Бастысы маска тағып жүрміз керек дейді. Болды...
Негізінен бұл бетперделерді өз денсаудығының қауіпсіздігінен гөрі дүкенге баруға немесе қоғамдық көлікке отыру үшін қолданылады. Өйткені қоғамдық орындарға маскасыз кіргізбейді. Мұндай жағдайда қорғану туралы қайтып айта аламыз? Бұл маскалар өте қауіпті, өйткені бізге ешкім жеке қорғаныс құралдарын қалай қолдануды үйретпейді.
Содан біз көп реттік бетьперделер тарату туралы шешімге келдік. Біздің тапсырысымыз бойынша дизайны жасалды. Ол бетперделер тағуға ыңғайлы болуы керек. Сондықтан тек табиғи материалдар таңдалды. Ол адамды тек қорғап қана қоймай, сонымен қатар эстетикалық тұрғыда әдемірек болсын дедік. Қазір біздің бетперделер Шығыс Қазақстандағы тігін фабрикаларының бірінде тігілді. Бірінші кезеңде аса көп емес - барлығы 200 мың дана ғана...
«Тыныс ал» жобасы қашан өтеді? Бұл қалалар үшін аса өзекті болғандықтан, біздің іс-шаралар көбінесе қалаларда өтеді. Біз тікелей көшелерде таратамыз. Кім маскасыз жүрсе, біздің ерікті оған келіп, екі маска ұсынады. Ол табиғи мақтадан жасалғандықтан, оны жууға болады. Алматы мен Нұр-Сұлтаннан бастаймыз. Кейінірек жоба елдің басқа қалаларында өтеді. Бірде бір ірі қаланы қалыс қалдырмаймыз.
Бұл бетперделерді еріктілер таратады. Соның ішінде букмекерлік кеңсенің қызметкерлері. Біздің еріктілерді тану оп-оңай. Олар «Дыши.kz» деген жазуы бар қара маска тағады және қолғап киеді. Біз зерттеу жүргізгенде, масканы тарататын адам қарапайым киімде болуы керек екен. Қорғаныс костюмдегі адамдар көпшіліктің үрейін туғызады. Олардың қолынан ешкім ештеңе алмайды екен. Біз «Дыши.kz» жобасының сайтын аштық. Сол жерге тіркеле аласыз немесе сонда көрсетілген телефон нөміріне қоңырау шалсаңыз да болады. Біздің қыз-жігіттер сізге барлығын түсіндіріп береді.
Abai.kz