Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2910 0 пікір 6 Ақпан, 2012 сағат 08:24

Мәриям ӘБСАТТАР. Отандық телеарналардың шетелдік бағдарламаларды ретрансляция жасауына шектеу қою мүмкін бе?

Отандық деген аты болмаса, шынтуайтында, шетелдік бағдарламаларды тасымалдаушы қызметін ғана атқарып отырған арналарымыз аз емес. Олай дейтін себебіміз, олардың өзіндік өнім жасап, өзіндік келбет, өзіндік бет-бейне таныта алмай отырғандығында. Әрине, арналардың барлығы бірдей солай деуден аулақпыз, бірақ көбінен көрермен осыны көріп отыр. Ендеше, біз шетелдік бағдарламаларды ретрансляция жасауды шектеу арқылы, отандық арналардың намысын оятып, шабысын үдете аламыз ба? Осыны талқыға салып көрелік.

Серік ӘБІКЕНҰЛЫ, «Алматы» телеарнасы бас директорының орынбасары:

Иә

Отандық деген аты болмаса, шынтуайтында, шетелдік бағдарламаларды тасымалдаушы қызметін ғана атқарып отырған арналарымыз аз емес. Олай дейтін себебіміз, олардың өзіндік өнім жасап, өзіндік келбет, өзіндік бет-бейне таныта алмай отырғандығында. Әрине, арналардың барлығы бірдей солай деуден аулақпыз, бірақ көбінен көрермен осыны көріп отыр. Ендеше, біз шетелдік бағдарламаларды ретрансляция жасауды шектеу арқылы, отандық арналардың намысын оятып, шабысын үдете аламыз ба? Осыны талқыға салып көрелік.

Серік ӘБІКЕНҰЛЫ, «Алматы» телеарнасы бас директорының орынбасары:

Иә

- Мүмкін және бұлай ету қажет те. Мысалы, бізде шетелдік арналардың бағдарламаларын сатып алып көрсеткенде де өздерінің нені сатып алып, ол арқылы нені көрсеткісі келетінін өзі де түсінбей, ақшаны желге ұшырып жатқан арналар бар, өкінішке орай. Қандай істе де адам өзіне-өзі есеп беріп, одан не пайда, не зиян екенін, алдымен өзі ұғынуы керек қой. Ретрансляция, рас, бізге бір кездері ауадай қажет болды, не үшін? Әлемдік ақпаратқа қол жеткізу мүкіндігі шектеулі кезде сол олқылықты толтыру үшін керек еді. Ал енді шоу деген тұрғыдан келгенде, әр халықтың өз менталитеті, өз ұлттық ұстанымы бар. Жасалып жатқан хабарлар сол ұлттық болмысына сай  келуі керек. Олай болмады ма, онда ретран-сляция жасаудың не қажеті бар? Мүмкін, отандық өнім жасауға қарағанда әлдеқайда арзандығы тиімді деп, қаржылай мүмкіндік тапшы кезде тапқан амал да болар.

Бірақ шетелдік бағдарламаларды жөнсіз ретрансляциялау арқылы, былайша айтқанда, басқалардың қаңсығын өзімізге таңсық қылудың қажеті жоқ. Егер шындап келсек, ретрансляциясыз да күн көре аламыз. Қазір қазақстандық телеарналардың көбінің техникалық та, шығармашылық  мүмкіндігі де сапалы бағдарламалар туғызуға жетерлік, яғни ешкімнен ештеңе алмай-ақ, таза отандық өніммен эфирді толтыра алады.

Бар мәселе сапаға келіп тіреледі. Мысалы, көп арна Ресейдің сатиралық бағдарламаларын ретрансляциялап көрсетуге құмар. Эфирдің көп уақытын сонымен жабады. Осы тұста сол арна басшылары қазақы қалжың мен орыс қалжыңының арасында айырмашылықтың жер мен көктей екенін неге түсінбейді? Ең жаманы, олардың көп қалжыңында басқа ха-лықтарды менсінбеу сияқты шовинистік иіс бұрқырап тұрады. Ал біз солардың өзімізді қалай кемсітіп жатқанын көрсетеміз. Және де анау-мынау емес, қаржыға сатып алып көрсетеміз, осының қанша қажеті бар?

Біздің елімізде, заң бойынша, ретрансляцияның үлес салмағын 20 пайыздан асыруға бол-майды, бірақ көптеген арнаның эфирлерін қарасаңыз, 20 пайыз жолда қалады-ау... Бұл - біріншіден, біздің қаражаттың сыртқа кетіп жатқаны, екіншіден, қазаққа қиянат жасап жатқан тұстары да бар. Өз ұлтымызды әжуалайтын бағдарламаларды сатып алып көрсету қиянат емей, немене?! Қолыңнан келе ме, сен де сондай хабарлар жасап, әжуалап, сат оларға. Бірақ біздің қолдан келмейтіні былай тұрсын, «таспен атқанды таспен атып», ырылдасудың да қажеті шамалы ғой.

Айдос ҚАРТАҢБАЙҰЛЫ, саясаттанушы:
Жоқ

- Қазіргі таңда қазақстандық телеарналар отандық өнімдермен көрермен сұранысын толы-ғымен қанағаттандыра алмай отыр. Еліміздің БАҚ туралы заңында отандық арналардың шетелдік арналардан ретрансляциялайтын бағдарламалардың үлесін жыл сайын кемітіп, отандық өнімдерді арттырып отыруы керектігі жайлы арнайы бап бар. Алайда ол бап орындалып отырған жоқ, себебі бізде көрермен санын кемітпей ұстап тұрарлық сапалы әрі шын мәнінде қоғамдағы өзекті мәселелерді қамтитын қазақша бағдарламалар әлі жоқ, барының өзі - орыс тілінде. Мұның барлығы тіл мәселесіне келіп тіреледі. Екіншіден, қазіргі жаһандану заманында көрерменнің қандай бағдарламалар көруге өз құқығы бар. Біз бәрібір шектеу қойғанымызбен, көрермен керегін кабельді арналардан іздеп, тіпті отандық арнаны ұмытып та кетуі мүмкін.  

Демек, ретрансляциялау да өз кезегінде арналарымыздың көрермен жоғалтпау жолындағы жанталасы іспетті болып отыр. Эфир толтырудағы бір амалына айналды десе болғандай.

Осы тұста айта кету керек, көптеген телеарнамыз, тіпті барлығы десек те болады, шетелдік сериалдарды үздіксіз беруді және қайталап беруді әдетке айналдырды. Көрермен сұранысын, шыны керек, бағдарламамен емес, сериалмен қанағаттандыратын болып алды. Себебі бағдарламалар қоры жоқ. Кейінгі кездері шетелдік бағдарламаларды ретран-сляция жасамай, сол бағдарламаның көшірмесін жасайтын болып та жүр. Сондықтан біздің отандық телеарналарды дамыту үшін мемлекет арнайы бағдарлама жасағаны дұрыс деп ойлаймын.

Тағы бір осы жағдайға әсер ететін тенденция - арналарымыздың көбін кәсіби журналистер емес, басқа сала мамандарының жаулап алғандығы. Ал олар телехабардың тілін, оның телесценарий жүйесін, көрермен алдындағы өзі жүргізіп тұрған бағдарла-маның көп қабатты, терең астары мен жауапкершілік жүгін толық түсінбегендіктен, қандай бағдарлама болсын бір түрлі тартымсыз, жеңіл-желпі сипат алып шыға келеді. Ойландырмайды. Оған деңгейі жетпейді. Арналарды актерлер басып алған. Кәсіби журналистерге тиесілі жұмысты, былайша айтқанда, еш қымсынбай алып қойып, нәпақасынан айырып та жүр деп айтуға негіз бар бұл ретте. Мейлі, алсын, бірақ соған сай болып, көрермен алдында тек әдемі ойнап кетпей, жанына азық боларлық бір нәрсе беруді де есте ұстасын.

Бейтарап пікір

Арман СҚАБЫЛ, «Хабар» агенттігі бас продюсерінің орынбасары:

- Бұған бір жақты қарап, бітті, шектеу қою керек деп те айту, меніңше, орынсыз. Себебі шетелдік бағдарламалардың да берері бар, яғни олардың барлығы нашар дей алмаймын, сапалы, танымдық дүниелер бар. Телеарналар да шеттен сатып алғанда көрермен сұранысын ескереді. Егер одан ешқандай пайда болмаса, арна рейтингі көтерілмейтін болса, онда неге алады? Демек, өз кезегінде оның пайдасы болып отыр. Екіншіден, ретрансляциялау отандық бағдарлама жасаудан әлдеқайда арзанға түседі. Бірақ бұл барлығын бірдей шеттен сатып алып, эфирді толтырсақ болды деген сөз емес. Онда біздің ұлттық журналистикамыздың, өзіндік бет-бейнеміздің қайда қалғаны? Біздің де өз мәселеміз, өз айтарымыз болмаса, онда неге арна ашып, оны қаржыландырып отырмыз? Бұл ретте айта кету керек, шетелдік бағдарламаларды ретрансляциялауды шектейтін заң күшіне еніп отыр, көп ұзамай біз оны сезінеміз деген ойдамын.
«Алаш айнасы» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2276
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3593