Сенбі, 9 Қараша 2024
Әлеумет 17048 8 пікір 1 Желтоқсан, 2020 сағат 13:50

Алматының ең ірі базарларын кімдер басқарады?

Карантиндік шектеулерге қарамастан, 2020 жылы Алматы базарларындағы ақша айналымы өскен. Бұл компаниялар Мемлекетке қанша салық төлейді және Алматының ең ірі базарларын кім басқарады? Бұл туралы Kursiv.kz жазды.

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар департаментінің (UPII) мәліметтері бойынша, көлемі мен айналымы жағынан қаладағы ең ірі әмбебап базарларға «Кенжехан», «Ақ-Бұлақ», «Алатау-1», «Алатау-2» «Жұлдыз» (көтерме сауда),«Барыс-4» және «Көк базар» жатады.

Мемлекеттік кірістер комитеті аталған базарлардың бюджетке 135 миллион теңге салық төлегенін айтады.

«Кенжехан» 

Алматыдағы ең ірі сауда базары. Көтерме сауда нарығының сайтында, оның иесі «Сандель-Сауда» ЖШС деп көрсетілген. Электрондық үкімет порталының хабарлауынша, компания құрылғаннан бері (2013 жылдың желтоқсаны) «Сандел-Сауданың» бес тұрақты құрылтайшысы бар. Олар: Анипа Назарбаева, Амантай Мамырбеков, Исламбек Джакибаев, Айдар Примханов, Параджан Тохтахунов.

Компанияның қызмет саласы - меншікті жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару, сауда нарығы мен бөлшек сауда қызметін жалға беру және пайдалану.

Мемлекеттік кірістер комитеті ұсынған салықтық жеңілдіктер негізінде, компания 2019 жылы ең жоғары айналымға ие болды. Серіктестік бюджетке 18,5 млн.теңге салық төлеген. Ал, 2020 жылдың үш тоқсанында «Сандель-Сауда» 13 миллион теңге салық төлепті.

Сонымен қатар аталған серіктестік жанында тіркелген тағы бір компания - «Кенжехан» ЖШС. Оның жалғыз иесі - Анипа Назарбаева.

Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, бұл компания өзінің жылжымайтын мүлігін жалға беру және басқарумен, сондай-ақ сауда нарығын жалға беру және басқарумен айналысады. Сондай-ақ, eGov.kz сайтында серіктестіктің «кәсіби, ғылыми және техникалық» бағытта қызмет көрсететіні жазылған.

Ал, 2020 жылы компания бюджетке шамамен 8 миллион теңге салық төлепті.

«Ақ-Бұлақ» 

«Ақ-Бұлақ» базары үш сауда павильонынан тұрады. Нарық өкілдері заңды тұлғалар ретінде екі компанияны көрсетеді. Олар: «Ақ-Бұлақ 67» ЖШС (1 және 2 павильон) және «Ақ-Бұлақ 66» ЖШС (3 павильон).

Біріншісі - жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқарумен айналысады. Екіншісі мүлікті жалға береді.

«Ақ-Бұлақтың» иесі Нұржан Құлсейітов. Ол сонымен қатар «Жұлдыз» базарының да қожайыны.

«Ақ-Бұлақ 67» ЖШС құрылтайшысы Павел Бугаев.

Ал, «Ақ-Бұлақ 66» ЖШС Қанатбай Нұрышов пен Любовь Яновскаяға тиесілі. Компания 2020 жылдың үш тоқсанында 33 миллион теңгеден астам салық төлеген. Ал, 2019 жылы төлеген салық көлемі 32,2 миллион теңге болыпты.

«Ақ-Бұлақ 66» ЖШС-нің ресми кірісі былтырғыға қарағанда айтарлықтай төмен. 2020 жылы серіктестік 25,4 миллион теңге салық төледі. Ал өткен жылғы салық көлемі 51,3 миллион теңгені құраған. Бұл Алматыдағы барлық ірі нарықтар арасындағы ең жоғары көрсеткіш.

«Алатау»

Базар «Достар Сауда» ЖШС-нің қарауында. Ал, eGov-та серіктестіктің жалғыз құрылтайшысы Әділет Қожаберген деп көрсетілген.

Биыл базар иесі бюджетке 30,3 миллион теңге, ал бір жыл бұрын 34,2 миллион теңге төледі.

«Жұлдыз» 

Аталған базар қазір «Жаңа Ақ-Бұлақ» ЖШС-на тіркелген. Оның қызметі - жалдау және сауда нарығын пайдалану. Иесі - Аманжол Бурабаев.

Ал, «Жұлдыз» базарын басқаратын серіктестікті Нұржан Құлсейітов басқарады ...

Биылғы жылы «Жаңа Ақ-Бұлақ» ЖШС бюджетке 10,6 млн.теңге салық төленген.  2019 жылы бұл көрсеткіш 10,3 млн.теңге болды.

«Барыс-4»

Базар «Барыс-IV» ЖШС-ына тиесілі. 2005 жылдың мамыр айынан бастап қожайыны Болат Назарбаев. Ол сондай-ақ «Тастак» ЖШС-не тиесілі Тастақ базарының да соңғы иесі. Компания сауда нарығын жалға беру және пайдаланумен айналысады.

2020 жылы «Барыс-IV» ЖШС бюджетке 5,9 млн.теңге салық төледі. Соңғы 10 жыл ішінде компанияның салық төлемдері 4-6 миллион теңге болған. Ал, 2010 және 2012 жылдары компанияның жылдық салығы 3 миллион теңгеден аспаған.

Көк базар

Көк базар үш жыл бұрын 2,5 миллиард теңгеге жаңартылған. Ол «Dostar Fresh Market» ЖШС-ына тиесілі. Серіктестік иелері - Яков Цхай, Динара және Тимур Құлыбаевтар мен Александр Ли.

Компания меншікті жылжымайтын мүлікті жалға берумен және басқарумен айналысады.

Биыл наурызда тіркелген компания бес айда 4,7 млн.теңге салық төлеген. 2020 жылы оның бас компаниясы - «Достар-Коммерц» ЖШС-нің салықтық шегерімдері 134 млн теңгені құрады. Бірақ бұл екі қызмет түріне - сауда нарығын жалға беру және пайдалану, сондай-ақ кестеге сәйкес келмейтін әуе жолаушылар көлігі қызметі бойынша салықтар кіргізілген.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1134
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2363
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 2378