Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
6305 2 пікір 3 Желтоқсан, 2020 сағат 16:22

Қазақстан мұнай қоры бойынша әлемде 11 орында тұр

Биыл 10 айда Қазақстандағы шикі мұнай өндірісі 61 млн тонна болды. Уағдаластықтарға сәйкес, шикі мұнай өндірісі бір жылда 6% азайған.

Energyprom.kz хабарлағандай, 2020 жылғы мұнай қоры бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 30 млрд баррель көлемімен 11 орын иеленді. Рейтингте 302,8 млрд баррельмен Венесуэла көш бастап тұр. Көп мұнай өндірген үш ел арасында Сауд Арабиясы мен Канада бар.

Ақшалай алғанда шикі мұнай өндірісінің көлемі 6,5 трлн теңгені құрады. Естеріңізге сала кетейік, ОПЕК+ елдерінің уағдалыстығы бойынша, мамыр айынан бастап мұнай өндірісін  үш ай ішінде тәулігіне 9,7 миллион баррельге дейін төмендету көзделген.

«Елімізде мұнай өндіретін ең негізгі екі аймақ- Атырау мен Маңғыстау. Өндірістің 64,3% Атыраудың, 22,8% Маңғыстаудың еншісінде.  Биыл қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстан 18,7 млрд АҚШ долларына тең 55 млн тонна мұнай экспорттады», - деп жазған дереккөз.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 961
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2470
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 665
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 642