Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 8822 10 пікір 4 Желтоқсан, 2020 сағат 13:34

Орыс патшасы, барлаушысы Ф.А.Щербиннің жазбасы

20-шы ғасырдың басында орыс патшаның тыңшысы Федор Андреевич Щербин өзінің "Киргизская народность в местах крестьянских поселений" атты тыңшылық жазбасында қазақты былай деп суреттеп, оның әлсіз, яғни, "буыннан ұратын" жағын өз патшасына атап көрсетіп беріпті:

1. Қазақта өзіне шынайы сүйіспеншілік жоқ (өзін құрметтемейді деген сөз ғой)

2.Табансыздық.

3. Жалғаншылық

4. Сөзқұмарлық

5. Пайдакүнемдік

6. Аңқаулық

7. Арызқойлық

8. Дауқұмарлық

9. Даңғойлық

10. Айлакерлік

11. Құмарпаздық

12.Мақтаншақтық

Қазір біз 21 ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Бұл жазбаның жазылғанына да 100 жылдан аса уақыт өтіпті....

Соған орай мындай бір сұрақ туады:

- Әрине, бұл жазбадағы атап өтілген жағымсыз қасиеттер түгелімен барлық қазаққа тән деуге келмес, бірақ белгілі бір ситуацияларда осы "мінездердің" әртүрлі вариациялары әртүрлі интенсивті түрде кездесіп отыратыны рас. Мүмкін, ондай мінез барлық халықтарда бар шығар...

Алайда, мұнда атап өтілген мінездерден біреуі - "Өзіне шынайы сүйіспеншіліктің жоқтығы" барлық қазаққа әлі де тән мінез ретінде сақталып отыр дер едім...

Бұл өзі терең талдауды:

1. Халықтың тұтас болмысына толық ревизия жасауды,

2. Халық Рухының барлық астарын қопара тексеріп шығуды,

3. Этнотәрбиесі мен Қоғамдық сана түрі ретінде әрекет етуші қазіргі діни сана арасындағы байланысты қайта қарауды,

4. Ұлттық тәрбиедегі ТҰЛҒА ТӘРБИЕСІ" Концепциясын түбірімен өзгертуді

5.Сана еркіндігінің алғышарты болатын демократиялық өзгерістер мен Ұлттық патриотизмді нығайту жолдарын қарастыруды;

Барлық деңгейде МЕМЛЕКЕТШІЛДІК сананы мемлекеттік тетіктер арқылы ерікті не күшпен енгізу жолдарын сараптауды талап ететін өте күрделі тақырып (сұрақ) болып тұр екен.

Кім жүрегі дауалап, осы мәселені зерттеп, түйінді-түйінді ұсыныстар жасай алады?!

Болмаса, жоғарыда аттары аталған барлық "мінездердің" (тексіздіктің деңіз) басыбүтін ИЕСІ мен оны заманнан-заманға Жалғастырушысы болып қала береміз бе?

Әбдірашит Бәкірдің жазбасы

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5359