Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3260 2 пікір 10 Желтоқсан, 2020 сағат 11:59

Мәулен Әшімбаев: Ұлтқа қызмет ету билік тұтқасын ұстап, шенеунік болу деген сөз емес

Бұл жөнінде Сенат Төрағасы «Zeren» республикалық жастар білім беру лагерінің жұмысы аясында өткен жас буынмен кездесу кезінде айтты.

Өз сөзінде Мәулен Әшімбаев желтоқсан айының ұлт тарихындағы орнына, Тәуелсіздікті сақтаудың маңызына және осы жолдағы жастардың рөліне тоқталды.

«Жастар тәуелсіздікті сақтау үшін елге қызмет етіп, осы жолда аянбай еңбек еткен жөн. Елге қызмет ету деген билік тұтқасын ұстап, шенеунік болу деген сөз емес. Ең бастысы, жақсы оқып, белгілі бір мамандықты толық игеру керек. Қызметте болсын, кәсіпте болсын өз саласының мықты маманы болу қажет. Ұлы Абай «сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар, қалан», деп осыны айтқан болатын. Отанға, ұлтқа, қоғамға қызмет ету – сол елдің бір кетігіне кірпіш болып қалану деген сөз», – деді Сенат Төрағасы.

Сонымен қатар ол тәуелсіздік алғалы Елбасымыздың бастамасымен жастарды қолдауға арналған көптеген маңызды жобалар іске асырылғанын айтып, алдағы уақытта да бұл жұмыстар жалғаса беретінін жеткізді.

«Бұл мәселені Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев басты назарда ұстап отыр. Мемлекет басшысының бастамасымен осы бағытта көптеген жобалар да қолға алынды. Дегенмен, мемлекеттен қолдау күтіп отыра бермеу керек. Қазақта «іздеген жетер мұратқа» деген аталы сөз бар. Расымен, ізденген, талпынған, ұмтылған адам мақсатына жетпей қоймайды», – деді Мәулен Әшімбаев.

Өз сөзінде Сенат Төрағасы жастарда биік мақсаттар болмаса, елдің болашағы бұлыңғыр екеніне назар аударды. Мемлекеттің болашағы жас буынның білім-білігі мен парасат-пайымына байланысты болатынын да ерекше атап өтті.

Айта кетейік, «Zeren» республикалық жастар білім беру лагері 2018 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Лагерьдің биылғы қорытынды кездесуі «Жаңа жағдайдағы жастар: іс-қимыл кезеңі» тақырыбына арналды. Іс-шараға Сенат Төрағасымен бірге Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелері, жастар бірлестіктерінің лидерлері, волонтерлар, «Болашақ» стипендиясының иегерлері, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5413