Сенбі, 23 Қараша 2024
Осы ғой енді... 6061 3 пікір 10 Желтоқсан, 2020 сағат 14:29

Байқоңыр. 6 жыл бұрын және 6 жылдан кейін...

Бүгін Үкімет басшысы Асқан Маминнің Ресей жалға алып отырған Байқоңырдағы 7 мектептің РФ Білім жүйесімен оқытылып жатқанын айтқаны ақпаратта тарады. Аталған мектептерде «Қазақстан тарихы», «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» оқулықтарын оқыту үшін Ресей Оқу-ағарту министрлігінің рұқсаты керек екен.

Байқоңырдағы қазақ мектептері мен қазақ тілі бірінші жыл сөз болып отырған жоқ. Аталған мәселе осыған дейін де екі ел арасында Үкіметаралық комиссия құрылып шешілетіні айтылған. Қараңыз:

6 жыл бұрын

Көшербаев Президент Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды | КТК

2014 жыл. Қырымбек Көшербаев, сол кездегі Қызылорда облысының әкімі:

«Ия, Байқоңырда Қазақстан балалары оқитын алты мектеп бар. Олар Қазақстанның білім стандарты емес, Ресейдің білім стандарты бойынша білім алды. Қазақтың балалары қазақ мектебінде кітап бетін ашады да, «Президентім Путин» дейді. Ертең олар қандай азамат, қандай патриот болады деп айта аламыз?

Сондықтан, екі елдің Білім министрліктері Үкіметаралық келісім жүргізді. Бұған дейін айтқанымдай, осы айда Байқоңырда Үкіметаралық отырыс өтеді, сол отырыс барысында бұл мәселе де өз шешімін табады. Сөйтіп 2015-2016 оқу жылынан бастап байқоңырлық мектептер біздің еліміздің стандарты бойынша жұмыс істейтін болады», - деген.

2015 жыл. Қырымбек Көшербаев, сол кездегі Қызылорда облысының әкімі:

«Биылғы оқу жылы баршамызға үлкен қуанышпен басталып отыр. Өйткені Ресейдің оқу стандартына өтіп кеткен қазақ мектептерін өзімізге қайтарып алдық. Бүгіннен бастап осындағы 6 қазақ мектебі отандық білім беру жүйесімен жұмыс істейді. Бұл Тәуелсіз еліміз үшін және осындағы қаракөз балаларымыздың болашағы үшін маңызды», - деп сөйлеген.

2016 жыл. Қырымбек Көшербаев, сол кездегі Қызылорда облысының әкімі:

«Біз Қазақстанның ғарыш обьектілерін жалға бергенімізбен, Қазақстан азаматтарын жалға берген жоқпыз. Олардың әлеуметтік мәселелерімен, әлеуметтік жағайларымен біз жұмыс істеуіміз керек. Өйткені, Байқоңырда тұратын халықтың 64 пайызы Қазақстан азаматтары», - деді.

2017 жыл. Қырымбек Көшербаев, сол кездегі Қызылорда облысының әкімі:

«Байқоңырдағы 6 мектепті қазақстандық білім беру жүйесіне көшірдік. Өйткені, олар ресейлік оқулықтарды қазақшаға аударған да, соны оқытқан. Қазақ мектептеріндегі оқушылар «Менің президентім – Путин», «Менің астанам – Мәскеу» деп оқып келген. Біз осыны түзетіп, Байқоңырдағы алты мектепті де қазақстандық білім стандартымен оқитындай еттік.

Сонымен қатар, қалада мемлекеттік бюджетпен салынған перзентхана бар еді. 6 жылдан бері босқа тұрған болатын. Соны біз қазіргі таңда облыстық медициналық орталықтың бөлімшесі ретінде пайдалана бастадық» - деген.

6 жыл өткесін...

Асқар Мамин ҚР Премьер-Министрі болып тағайындалды

2020 жыл. Асқар Мамин, ҚР Премьер-министрі:

«Байқоңыр қаласының 7 мектебінде оқыту Ресей Федерациясының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес жүргізіледі. Бұл мектептерде қазақстандық балалар да оқиды. Олар өз болашағын Қазақстанмен байланыстыратындықтан, олар үшін «Қазақстан тарихын», «қазақ тілі мен әдебиетін» білу маңызды болып табылады. Мектеп бағдарламасына аталған пәндерді енгізу үшін Ресей Федерациясының Оқу-ағарту министрлігінің рұқсаты қажет.

Байқоңыр қаласы бойынша Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының бөлек отырысында қараудың орындылығы туралы шешім қабылданып, аталған мәселе күн тәртібінен алынып тасталды.

Байқоңыр қаласындағы 7 мектептің біреуін Ресей Федерациясының балансынан алып Қазақстанның коммуналдық меншігіне беру мәселесі де білім беру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық кезекті комиссияның отырысында қарастырылатын болады», - деді.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5448