Талдықорғандық жастар агитациялық флешмоб өткізді
Бүгін Алматы облысы, Талдықорған қаласындағы Жастар спорт сарайының алдында «Nur Otan» партиясының ұйымдастыруымен агитациялық флешмоб өтті.
«Nur Otan» партиясы жақтастарынан құралған еріктілер тобы үгіт-насихат жұмыстарын «Жастар» cпорт сарайында өткізді. Кезекті кездесуге Талдықорған қалалық партия филиалынан 70 белсенді жас қатысты. Аталмыш іс шара әлеуметтік желіге жарияланып, жергілікті тұрғындардың оң бағасына ие болып ғана қоймай, халықтың қошеметіне бөленді.
Бүгінде барлық азаматтар партиядан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтуде. Ол үшін «Nur Otan» партиясы жүйелі партиялық қайта жүктеуді және партия ішілік іріктеуін өткізді.
Партия барлығы үшін ашық! Біз сындарлы ұсыныстарыңызды қолдауға дайынбыз және өзара тиімді ынтымақтастыққа үміттенеміз. Сондай-ақ жақсы нәтижелерге бірге қол жеткізетінімізге сенімдіміз! Аймақты одан әрі дамыту әр азаттың өз қолында.
Қазақстанның болашағына дауыс бер! Біз біргеміз!
Ескерту! Материалдың ақысы «Nur Otan» партиясының Талдықорған қалалық филиалының сайлау қорынан төленді.
Abai.kz