Сенбі, 23 Қараша 2024
2715 2 пікір 25 Желтоқсан, 2020 сағат 12:33

Дауыс берушілердің 58,1%-ы сайлауға қатысады

Сайлау қарсаңында «Астана» телеарнасы «Астана-Зерттеу» қоғамдық қорына өз қаражаты есебінен әлеуметтік сауалнама өткізуге тапсырыс беріп, 10 мен 15 желтоқсан аралығында мамандар, халықтың электоралды көңіл-күйін зерттеді. Сауалнамаға қатысушылар дайын қысқа сұрақтарға жауап берді.  Әлеуметтік зерттеуге Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және республиканың 14 облысынан: 6 800 респондент қатысты. Іріктеу коэффициент қателігі шамамен 2,1 пайызды құрады.

«2021 жылғы 10 қаңтарда Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайламақ. Сіз бұл туралы білесіз бе?» деген сауалға, респонденттердің 65.4% «иә» деп жауап берген. Атап өтер ерекшелігі, қалаға қарағанда ауыл тұрғындарының басым бөлігі сайлау өтетіні туралы жақсы білетін болып шықты. Оның ішінде ер адамдар жақсы құлақтанған. Ал жас ерекшелігіне келсек, 46 жастан асқан азаматтар сайлау туралы ақпаратты жақсы білетінін көрсеткен.

«2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін сайлауда дауыс беруді жоспарлап отырсыз ба?» сауалына қатысушылардың 58,1%-ы оң жауап берген. Ауыл халқының үлесі басым, нақтырақ айтсақ 66,8%-ы сайлауға баратындарын айтты. Ал, қалалықтардың үлесі 52,6%.

«Партияны таңдау кезінде Сіз үшін не маңызды?» деген сұраққа 28,7%-ы бірінші кезекте партия көшбасшысына деген сенімді таңдапты. Екінші - 26,8%-ы елдегі жағдайды саяси партия өзгерте алады деп сенеді. Сауалнамаға жауап бергендердің 21,6%-ы партияның саяси келешегін маңызды деп санайды. 20,1%-ы болса қарапайым азаматтардың мүддесін қорғай алуы деп көрсеткен.

Бұған қоса, сайлауға баруды жоспарлап отырған сауалнамаға қатысушыларынан, «2021 жылғы 10 қаңтарда өз сайлау учаскеңізге келсеңіз, қай партияны таңдайсыз?» деген сауалға қатысушылардың 74,2%-ы Nur Otan-ға дауыс беруге дайын екенін көрсеткен. Сондай-ақ, «Aқ жолға» – 5,2%, Қазақстан Халық партиясына – 4,4%, «Ауыл» – 4,1% және Adal саяси партиясына – 2,5% дауыс бермек. Бұдан өзге 9,6% әзірге ешқандай шешім қабылдамағанын жеткізген.

Айта кетейік, «Астана» телеарнасының тапсырысымен «Астана-Зерттеу» қоғамдық қоры сайлау жақындағанда сайлаушылардың көңіл-күйін білу мақсатында тағы да осындай әлеуметтік сауалнама өткізеді. Бұған қоса сайлау күні қорытынды жасамақ.

«Астана» телеарнасының сюжетін мына жерден көре аласыздар.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5352