Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3461 0 пікір 20 Ақпан, 2012 сағат 05:14

Нұрғали Жүсіпбай. Былықстан: толеранттылық пен транспаренттілік

Мақлұқат өкілдерінің бірі болып табылатын балықтар үшін ойлану - Тәңірдің қатаң тыйымындай.

Тіпті үн шығарудың өзі оларға ұмыт болған көне аңыздай жат қасиет, жат мінез.

Кім білсін, бәлкім, өздері осыған лайық болғандықтан ойланбай күн кешуді маңдайларына сор қылып жазған да шығар.

Бізден айырмашылғы да, бізбен ұқсастығы да осында.

«Бас» деп аталатын ағза оларға ойлану үшін емес, үн шығармаса да, жем жегенде жалмаңдайтын ауызды арқалап, бұлаңдаған құйрығын денесімен бірге алып жүру үшін ғана қажет. Ал ауыздары болса, тым құрығанда, өмірінде бір рет болса да,  үнін шығару үшін емес, керісінше, дымын шығармау үшін қажет...

Ауыздың қызметі - егесінің бергенін жеп, қарынын қампиту; өмірлік уәзипасы - егелері еріккенде үнсіз ермек болу ғана...

Ойландыратыны, сырт көзге балықтар, дәлірек айтсақ, аквариум балықтары өздерінің осындай үнсіз тіршіліктеріне де, өздерін кез келген сәтте сатып жібере салатын егелерінің опасыздығы мен сатқындығына  да дән риза секілденеді. Бейшаралықтан болса керек...

Балықтардың еркіндік көкжиегі өздері мекендейтін аквариумның көлемімен, тереңдігімен өлшенеді. Балық бақытының шарықтау шегі - кейде сатқын да опасыз, кейде жомарт болып көрінетін егелерінің көңіл-күйіне қарай екі-үш рет берген жемін бір-бірінен қызғана, су бетінен шүпірлетіп алып, үнсіз жұту сәті; пысықтау, қулауларының ілгенін су түбіне зулай барып қылғытып жіберу кезі ғана. Осымен балықтық бақыт, еркіндік бітеді. Ілгендер бір-бірімен іліге ойнап, аш қалғандар сорлап егелерінің ендігі келуін  мақұлықтық толеранттылықпен күтумен болады...

Егелерінің аквариум «халқына» жем беруі - тату-тәтті өмір сүріп келе жатқан барша балық өкілдері үшін аса ірі қоғамдық құбылыс, берекетті науқан, керемет жаңалық  болғандықтан, күллі балық қауымы коллективті түрде беткейге жиналады да  қуаныш, бақыт сәтінің нұры жарқ етіп қайта туады. Бірақ, неге екені белгісіз, аквариум пайда болып, бір кездері мұхитта еркін өмір сүрген Көк балықтың ұрпақтары қол балыққа айналғалы бұл нұрмен нұрлану нәсібі ылғи да ең жағымпаз пысықтардың бағы болып келеді...

Сондықтан болар, қарындары қампиған барлық пысықтар егелеріне ерекше табынады, ал пысықтардың ең пысығы, жағымпаздарының ең жағымпазы көбірек жем берсе деген пиғылмен береген қолын сүйермен болып дал болатындығы соншалық, кейде, өзін-өзі ұстай алмай су бетінен ытқи секіріп кетердей-ақ болады. Бірақ, әттең, балыққа Тәңірден бұйырған қанатсымағы ұшу үшін емес, жүзу үшін болғасын, амал нешік... Шіркін, бір сәтке адам болып кетсе ғой осындайда, аквариуымнан ытқып шығып, иіліп тұрып қолын шөлп-шөлп еткізіп сүйіп алар ме еді, кім білсін...

Кейде егелері қайта оралып, аквариумның үстінен қолының сұлбасы көріне бастағаннан балықтар тағы да қарық болармыз деген үмітпен шүпірлей жинала бастағанда,  әлгідегі жомарт қол, қамқор қол, нұрлы қол қорқынышты құбыжықтың ауына айналады да, балықтардың арасындағы ең қымбатын, ең таңдаулысын немесе көңіліне жақпай жүрген біреуін алмай тынбайынша балықтардың станы - балықстанды әп-сәтте былықстанға, транспарентті елді тоталитарлық топалаңға айналдырып жібереді.

Осындайда балықтардың ең ұсқынсызының өзі жалмауыз қолдың өзін емес, басқасын аларын сезе тұра, біле тұра, осы бәле ертерек жалмап тынса екен деп, әр тастың астынан далбасалап пана іздейді. Өйткені, біреудің тұтылуы, алдамшы болса да, уақытша болса да өзінің құтылуы екенін мақұлықтық түйсік ымдап тұрады. Бірақ, амал қанша, тіршілік ортасы, қоғамы ашық һәм транспарентті болғаннан соң жасырынған болып, басын қай тастың астына тықпаласа да жағымпаз құйрығы сумаңдап көрініп қала береді. Осындай қиын сәттерде бойын қорқыныш пен үрей шалған, тым-тырақай  қашқан барша балықтар үшін бейбіт, тыныш күнде дариядай, теңіздей боп көрінетін шетсіз де шекісіз аквариум кішірейіп кетеді. Бірақ сонда да, егелерінің залымдығын біле тұра, түптің түбінде өзін де әйтуір бір алатынын білсе де, сезсе де ажал ескен сол бір қолды сүюге даяр  тұрады, сорлы балық.

Кім білсін, бәлкім, мұхит пен теңіздің еркін егелеріне тән «еркіндік», «ерлік», «батырлық», «өжеттілік» деген сезімдер мен қасиеттердің аквариумдықтарда кездеспейтіні, оның орнына «ынжықтық», «ездік», «қорқақтық», «көмпістік», «жалқаулық» «жағымпаздық» секілді сезімдердің басымымрақ болуы содан да шығар, сірә.

Бір таң қаларлығы, балықтардың арасындағы ең ұсқынсызы, ең бейқамы әрі ең жалқауы басқаларының нәжісімен, ірілі-ұсақты тастардың, шынының бетіндегі ластықпен қоректенетін түрі екен.

Бірақ, сонда да, әлемнің ең толерантты мақұлығы - балық-дүр, оларға салсаң ең транспарентті құт мекен - аквариум - балықстан: бейқам балықтардың бейбіт мекені, ойлануды, ойын үнмен яки қарекетпен білдіруді қажет етпейтін жүзгек мақұлықтардың үнсіз жәннаты.

Ғажабы, балық асыраумен айналысу, олардың құйрықтарын ирелеңдете жүзгенін, тояттанғанын, таласып-тармасып шүпірлесе жем жегенін, жалпы үнсіз тіршілігін тамашалау - жүйкесі тозған, ерте алжу процесіне, психикалық ауруларға шалдыққан ауруларға өте-мөте пайдалы деседі білетіндер. Мұның қаншалықты рас екенін қайдам, бірақ, адамизаттың мақлұқизатқа, халықстанның балықстанға, топалаң былықстанға айналуы, қоғамның балық ғұмыр тіршілік етуі аса қауіпті екені хақ-дүр.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572