Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 3365 0 пікір 28 Желтоқсан, 2020 сағат 17:28

Тарихы мен мәдениеті бай аймақ

Мәдениет – ұлттың қуаты. Ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан рухани болмысы, ақыл-ой, парасаты. Әрбір елдің рухани күші – оның мәдениетімен өлшенеді. Ұлт руханияты мен мәдениеті жолында еңбектеніп жүрген шығармашылық иелерінің алдағы тыныс-тіршілігі партия назарында. Талдықорған қалалық сайлау штабы төрағасының орынбасары Жайық Тазабекұлы, облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Руслан Сенкебаев, қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Жамал Нұрлыбаева мен Серік Джансеңгіров мәдениет саласының қызметкерлері және спорт өкілдерімен кездесті.

Алдағы уақытта да Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын іске асыру бойынша жұмыстар  жалғасатын болады. Тарихи-мәдени мұраны сақтау, мемлекеттік тілдің  қолданылу аясын кеңейту бағытында түрлі іс-шаралар мен жобалар жүзеге асырылады. Мерейтойлық даталарға жиындар өткізу арқылы елге белгілі  тұлғалардың, оның ішінде жетісулықтар мұрасын кеңінен насихаттау, ақындар айтысын, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастыру  арқылы жастардың  патриоттық сезімін нығайту басты назарда болмақ. Сондай-ақ, партия алдағы бес жылдағы жұмысында ұлт денсаулығын нығайтуға, халықты спортпен жаппай айналысуға тартуға бағдарланатын болады. Осы орайда еңбек ұжымдарында спорт командаларын құру және спорттық іс-шаралар өткізуді тұрақты түрде ұйымдастыру көзделуде. Жүзуді, спорттық туризмді дамыту, тұрғылықты жері бойынша халықтың спортпен шұғылдануы үшін жағдай жасау, яғни,  10 шағын футбол және 6 StreetWorkaut алаңы орнатылмақ. Сонымен қатар көркем гимнастикамен айналысуға арналған спорт кешенін, көгалдағы хоккейге арналған жабық спорт кешенін, футбол, баскетбол, волейболмен айналысуға арналған әмбебап спорт кешенін салуға ықпал ететін болады. Қоғам белсенділері «Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев «Мәдениет пен өнер қоғам дамуының негізгі қажетті саласы. Мәдениетті ел, өнері өркендеген қоғам әр уақытта алға дамиды» деген еді. Өнер – ұлттың жаны. Халқымыз ғасырлар бойы мәдениеті мен өнерін, дәстүрі мен асыл мұрасын алтын бесігінде тербетіп келеді. Қай заманда да еліміз дәстүрін дәріптеп, рухын жоғары ұстаған. Ұлы даланың бір бөлшегі жер жаннаты Жетісу өлкесі  өнер қонып, бақ дарыған өңір. Шаhарымыз өндіріс пен бизнестің, мәдениет пен өнердің, спорт пен туризмнің орталығына айналуда. Толағай табыстарымыз бен қол жеткізген жетістіктеріміз ауыз толтырып айтарлықтай. Біз үшін бұл үлкен мәртебе»-деді.

«Nur Otan» партиясы мәдени және рухани құндылықтарды сақтау мен көбейтуді қолдайды. Бүгінде Алматы облысында 105-тен астам ұлт өкілдері тұрады, 71 этно-мәдени бірлестік бар. 558 мәдениет және өнер ұйымы жұмыс істейді. Өңірде жыл сайын онлайн қарауды ескере отырып, 6 млн. адамды қамтумен 60 мыңнан астам мәдени іс-шара өткізу көзделуде. Одан бөлек 405 тарихи-мәдени мұра нысандарын QR-кодты белгілеу жоспарланған. Сондай-ақ, Елбасының «Рухани жаңғыру» бастамасын жүйелі жүзеге асыру мақсатында қасиетті және таңбалы орындар бойынша өлкетану экспедицияларын ұйымдастыру жолға қойылмақ. Сайлауалды бағдарламаның «Тарихы мен мәдениеті бай аймақ» бағыты бойынша   «Көлсай көлдері», «Шарын», «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи парктерінде туристік маршруттар бойында жұмсақ инфрақұрылымды дамыту (шағын сәулет нысандарын, көрсеткіштер мен 19 конструкцияларды орнату),  «Алтынемел» МҰТП-да геопарк пилоттық жобасының 4-ші кезеңін іске асыру,  Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған  «Жұлдызы жарқыраған – Жетісу» облыстық патриоттық форумы өткізіледі.

Ескерту! Материалдың ақысы «Nur Otan» партиясы Талдықорған қалалық филиалының сайлау қорынан төленді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340