Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 4353 0 пікір 21 Ақпан, 2012 сағат 12:40

Жаңаөзен: жұрт тағы да алаңға шығатын көрінеді

Әлеуметтік желілер бойында (м.агент, эл.пошта,т.б) «Жаңаөзен қаласының тұрғындары ақпанның 23-25 аралығында тағы да ереуілге шығады» деген ақпарат тарауда.  «Жел соқпаса, шөптің басы қимылдамайды» дейді қазақ, тегінде бұндай сөз бекерден-бекер шықпаса керек. Ел ішін дүрліктіруді көздеген әлдебір әумесердің ойлап тапқаны болса да біздің кәсіби міндетіміз - мәселенің мән-жайына жету, жұртқа жан-жақты мәлімет беру. Осы мақсатта Маңғыстау облысы әкімшілігіне  қоңырау шалдық. Әуелі әкімшіліктің ішкі саясат басқармасының әлдебір қызметкері бастықтарының  (облыстық ішкі саясат баскармасының телі, бастығы Айтуаров Жармағамбет Қайырмағамбетұлы)Астанаға жүріп кеткенін, қоңырау шалып тұрған мәселенің мән-жайын бастықтың орынбасарынан білуімізді өтінді. Орынбасарға сауалымызды түсіндіре  бастап едік, «Бастыққа барып келейін, жарты сағаттан соң хабарласыңызшы» деп кеткен, содан қайтып «оралмады». Телефонды безілдетіп-безілдетіп біз де қойдық.  
Қандай да бір ақпарат алсақ деген ниетпен Жаңаөзен қаласының әкімі Серікбай Тұрымовтың ұялы телефонына да хабарластық. Тұтқаны көтермеді.

Жаңаөзенде болуы ықтимал митингке бұл жолы тек қыз-келіншектер, ақ жаулықты аналар ғана баратын көрінеді. Ер азаматтар қара көрсетіп, жиын жасай қалса, оларды қарулы полиция айдап апарып қамап тастайды екен. Митингке келетін әйелдер 16  желтоқсан күнгі оқиға барысында әлеуметтік теңдік талап еткен ереуілшілердің текке айыпталып, жазықсыз істі болып жатқандарын айтып шағынбақшы. Ресми Астанаға ашынған аналар өз үндерін  осылай жеткізбекші.  Редакциямызға келіп түскен  Жаңаөзен жайындағы  хабарды әріптестерімізден де сұрап көрдік. Олар да құлағдар екен. Мысалы, «Дат» жобасының жетекшісі Ермұрат Бапи бастаған журналистер және Жаңаөзен оқиғасына байланысты құрылған Тәуелсіз Қоғамдық комиссияның бірқатар мүшелері  Алматыдан Жаңаөзенге қосын артпақ.  Комиссия мүшелері Өзендегі елмен кездесіп, жұрттың қанды оқиға кезінде көрген, білген, бастан кешке жайттарын қағазға түсіріп, комиссияның Жаңаөзен оқиғасына қатысты құжатына тіркемек.
Жаңаөзенге қарулы күштердің бір легі таяу күндері жетіп те үлгеріпті. Демек, ел аузындағы сөз жаңсақ емес.
Жаңаөзен мұнайшылардың полициямен қақтығысынан кейін жабық жағдайдағы қала болды. Бірақ, Елбасының пәрмен етуімен Мәжіліс сайлауына қатысып, дауыс беріп, тұрғындар азаматтық еріктерін білдірді. Сонымен «қаһарлы» қаланың тірлігі қалыпқа түскен сияқты көрінген. Бірақ, Бас прокурор А. Дауылбаевтың  мәлімдемесінен кейін оқиғаға тікелей қатысы бар деген бірнеше күдікті ұсталған соң  Жаңаөзеннің «жаңа жыры» басталды. Abai.kz ақпараттық порталы да Жаңаөзеннің «жаңа жыры» туралы бірнеше рет жазды: қысқасы жұрт Бас прокуратураның шешіміне қарсы, еруілге шыққанымен жазығы жоқ жандардың сотталуына наразы.
Жыр демекші,  Жаңаөзен туралы ақындар қатты толғануда. Жаңаөзенге арналған жырлардың өзі бір кітап болып қалғанға ұқсайды. Жаңаөзен жырының жаңа түрі енді  қазіргі заманнның ақпараттық мүмкіндігімен әрленіп, тың тыныс ашуда. Соның бір нұсқасы біз төменде жариялап отырған өлең болса керек. Авторы  әзірше белгісіз болып тұрған ақынның жырын оқырман назарына ұсына отырып мынаны қадап айтамыз: Жаңаөзен - бүтін қазақ даласының бөлінбес, бөлшектенбес  киелі мекені, ыстық жұрты. Жаңаөзеннің қайғысы - жалпақ қазақтың қайғысы. Жаңаөзендегі оқиғаға қабырғасы қайысып, жүрегі қан жыламаған қазақ кем. Сондықтан, өлеңнің ащылау кеткен тұсына ойлы оқырман парасатпен қарап, байлам жасайды деген ниеттеміз.  Ал, Жаңаөзенде тағы да алаңға жұрт жинала ма, жоқ па, жиын қортындысы қалай болады, оған жергілікті әкімшілік рұқсат ете ме? - деген сауалдардың  нақты жауабын қайткенде анықтауға уәде етеміз.
«Абай-ақпарат»

ОЗЕН АЗА by omirzhan

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2053