ОА-да Өзбекстан көш бастады
Дүниежүзілік банк Орталық Азия мемлекеттерінің алдағы экономикалық өсімі туралы болжам жасаған. Оған сәйкес, Өзбекстан ІЖӨ көрсеткіші бойынша ОА-ның 11 мемлекетінің көш басында тұр.
Яғни, дүниежүзілік банк 2021 жылы Өзбекстанның ІЖӨ-н 4,3 % болады деп болжаған. Ал, 2022 жылы бұл көрсеткіш 4,5 % болуы мүмкін.
Бұл көрсеткіш бойынша, Дүниежүзілік банк Қазақстанның 2021 жылғы ІЖӨ 2,5% болады деп болжайды. Ал, ІЖӨ көрсеткіші бойынша Қазақстан ОА-ның 11 мемлекетінің ішінде 9 орында тұр.
Айта кетейік, бұған дейін әлемдегі нарықтық капитализация бойынша ең қымбат компания Apple-дың Орталық Азияда алғаш рет Өзбекстанда ресми кеңселері ашылатыны туралы ақпарат шыққан. Бұл туралы Өзбекстанның Ақпараттық технология және коммуникациялар министрлігінің өкілі Шерзод Ахматов мәлімдеген еді.
Оның айтуынша, 2020 жылғы 1 қарашадағы жағдайға сәйкес, Өзбекстанға ұялы телефондардың заңды импорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10 есеге өскен.
«2020 жылғы қаңтар мен 1 қараша аралығында Өзбекстан 781,7 мың ұялы телефон импорттады;
Біздің елде әлемдегі ТОП-10 компанияның бірі болып табылатын Samsung компаниясының 4 ресми кеңсесі ашылды;
Жақын күндері Apple компаниясының ресми кеңселері де ашылады деп жоспарлануда»,- деді Ахматов.
Abai.kz