Нұрғали Жүсіпбай. Хожалы қырғыны - түгел Түркінің қайтпаған кегі
2012 жыл Астананың «түркі әлемінің мәдени астанасы» атанған жылы болып тарихқа енді.
Осы тарихи іс-шараға қатысты Түркі тілдес елдерден келген өнер тарландары жиырма төртінші ақпан күні дүркіретіп өз өнерін әлемге паш етсе, жиырма бесінші ақпанда шығармашылық топтардың халықаралық фестивалі өтті.
Ал, осыдан дәл жиырма жыл бұрын, дәлірек айтсақ, 1992 жылдың жиырма бесінші ақпанынан жиырма алтыншы ақпанға қараған түні бауыр ел Әзербайжанның Хожалы кентіне Армения (366-полктың қатысуымен) баса көктеп кіріп, еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін асқан қанішерлікпен, аяусыз қырып салған еді.
Таулы Қара Бақтағы жалғыз әуежай әзербайжандар тұратын Хожалыда болатын, негізгі автотрасса да осы жерден өтетін. Сондықтан да Армяндарға осы кентті басып алу стратегиялық жағынан ұтымды болса, саяси жағынан түркілердің сағын сындыру, рухын басып-жаншу, қорқыту, таптау, сес көрсету болды. Сорақысы, құдды фашистік лагердегі жендеттер секілді қолға түскен сәбилердің терісін тірідей сыпырды, сүйектерін суырып алып, әртүрлі дәрілерді егу арқылы әртүрлі сынақтар жүргізді.
2012 жыл Астананың «түркі әлемінің мәдени астанасы» атанған жылы болып тарихқа енді.
Осы тарихи іс-шараға қатысты Түркі тілдес елдерден келген өнер тарландары жиырма төртінші ақпан күні дүркіретіп өз өнерін әлемге паш етсе, жиырма бесінші ақпанда шығармашылық топтардың халықаралық фестивалі өтті.
Ал, осыдан дәл жиырма жыл бұрын, дәлірек айтсақ, 1992 жылдың жиырма бесінші ақпанынан жиырма алтыншы ақпанға қараған түні бауыр ел Әзербайжанның Хожалы кентіне Армения (366-полктың қатысуымен) баса көктеп кіріп, еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін асқан қанішерлікпен, аяусыз қырып салған еді.
Таулы Қара Бақтағы жалғыз әуежай әзербайжандар тұратын Хожалыда болатын, негізгі автотрасса да осы жерден өтетін. Сондықтан да Армяндарға осы кентті басып алу стратегиялық жағынан ұтымды болса, саяси жағынан түркілердің сағын сындыру, рухын басып-жаншу, қорқыту, таптау, сес көрсету болды. Сорақысы, құдды фашистік лагердегі жендеттер секілді қолға түскен сәбилердің терісін тірідей сыпырды, сүйектерін суырып алып, әртүрлі дәрілерді егу арқылы әртүрлі сынақтар жүргізді.
Осы бір қанды қырғын туралы армян премьер-министрі Серж Саркисян өз пікірін «Қара бақ» кітабының авторы Томас де Валға берген сұхбатында былайша қысқаша түйіндейді: «До Ходжалы азербайджанцы думали, что с нами можно шутки шутить, они думали, что армяне не способны поднять руку на гражданское население. Мы сумели сломать этот стереотип»...
Ал, Хожалы шабуылына қатысқан Ресейлік әскери барлау бөлімшесінің бастығы В.Савельев бұл қырғынды былайша мойындайды: «Я не мог не написать про все это. Не могу забыть простреленные тела людей, детей и женщин, беременных, невест. Пусть азербайджанцы меня простят за то, что не смог ничего сделать во всех этих событиях с кровавым и беспощадным исходом. Только лишь написанную мною секретную справку послал и в Кремль, и генералам Главного разведывательного управления Министерства обороны СССР. Читайте, сказал. Посмотрите, как опорочена наша русская офицерская честь». («Секретная справка» кітабынан.)
Әскери тілші Юрий Романов болса, өз кітабында былай деп түршіге жазады: «Я выглядываю в круглое окошко и буквально отшатываюсь от неправдоподобно страшной картины. На желтой траве предгорья, где в тени еще дотаивают серые лепешки снега, остатки зимних сугробов, лежат мертвые люди. Вся эта громадная площадь до близкого горизонта усеяна трупами женщин, стариков, старух, мальчиков и девочек всех возрастов, от грудного младенца до подростка... Глаз вырывает из месива тел две фигурки - бабушки и маленькой девочки. Бабушка с седой непокрытой головой лежит лицом вниз рядом с крошечной девочкой в голубой курточке с капюшоном. Ноги у них почему-то связаны колючей проволокой, а у бабушки связаны еще и руки. Обе застрелены в голову. Последним жестом маленькая, лет четырех, девочка протягивает руки к убитой бабушке».
Бұл қылмыстың нәтижесінде 613 бейбіт тұрғын өлтірілді, оққа ұшқан 1000-ға жуық адам жарымжан мүгедекке айналды. 106 әйел, 63 сәби, 70 ақсақалдың өмірі қиылды. 8 әулет түгелімен өлтірілді. 25 бала әкеден де шешеден де айрылып, жетім қалды, 130-бала әкесіз яки анасыз қалды. Тұтқындалған 1275 адамның 150-і туралы мәлімет осы күнге дейін мүлдем жоқ.
Әзербайжандарға жасалған бұл қылмыс қатыгездігі тұрғысынан әскери қылмыс болып табылады. Олай деуге себеп те жоқ емес.
Біріншіден, бейбіт тұрғындарды жаппай қыру операциясында арнайы техникамен жабдықталған 366-ншы әскери полкі кенттің кірісі мен шығысын толығымен бекітіп (халықаралық соғыс ережесі бойынша әскери қимылдан бұрын арнайы жасалған дәліз арқылы бейбіт халық соғыс аймағынан шығарылуы тиіс), бейбіт елді нысанаға айналдырған, қолға түскендерге аяусыз қинау әрекеттері жасаған.
Екіншіден, бұл қырғын кезінде 1)Женева конвенциясының, 2)БҰҰ-ның «Адам құқығының жалпы деклорациясының», 3) Азаматтық пен саяси құқық конвенциясының, 4) Әскери соғыс кезі мен уақытша тоқтау кезінде әйел адамдарды және ана мен баланы қорғау конвенциялары бұзылған.
Сондай-ақ, армиян қарулы күштерінің әзербайжандықтарды ұлттық және діни ерекшеліктеріне байланысты жаппай жою мақсатында жасаған бұл жантүршігерлік әскери қылмысын «геноцид» деп бағалауға толық негіз бар. Өйткені, 1948 жылы БҰҰ-ның «Геноциттік қылмыстың алдын алу және жазаға тарту конвенциясында» геноцид ресми түрде адамзатқа жасалған қылмыс болып табылады. Ал, осы конвенцияда көрсетілген бес баптың үш категориясы Ходжалыда жауыздықпен орындалған.
Олар: а) Қандай да бір топ өкілдерінің өлтірілуі.
Негіз: Өлтірілгендің барлығы да әзірбайжандықтар болып табылады.
ә) Қандай да бір топ өкілдеріне ауыр түрде дене немесе психологиялық зардап келтіру.
Негіз: Сәбилердің жілік сүйектерінің суырылып алынуы, оларға дәрілік сынақтардың жүргізілуі, тірідей терілерінің сыпырылуы, денелеріне крест белгісін басу т.б.
б) Қандай да бір топты толығымен немесе бір бөлшегін жою мақсатында өмір сүру шартын қасақана өзгерту.
Негіз: 613 бейбіт тұрғын өлтірілді, оққа ұшқан 1000-ға жуық адам жарымжан мүгедекке айналды. 106 әйел, 63 сәби, 70 ақсақалдың өмірі қиылды. 8 әулет түгелімен өлтірілді. 25 бала әкеден де шешеден де айрылып, жетім қалды, 130-бала әкесіз яки анасыз қалды. Тұтқындалған 1275 адамның 150-і туралы мәлімет осы күнге дейін мүлдем жоқ
Арменияның Хожалыда әзірбайжандарға қарсы жасаған жантүршігерлік қылмысы үшін Арменияның сұрқия саясатын адами және азаматтық тұрғыдан айыптаймын және әділетті орнату үшін Түркі әлемін бірлік пен ауызбіршілікке шақырамын.
Саркисянның жоғарыдағы көзқарасынан қатты шошынып, арнайы тексеру-зерттеу жұмыстарының нәтижесінен жағасын ұстаса керек, АҚШ Конгресі Ходжалы қырғынын «1992 жылдың ең ауыр трагедиясы» деп жариялды. Ал, Ислам Ынтымақтастық Ұйымына мүше елу бір елдің парламенттері Хожалы қырғынының адамзатқа жасалған қылмыс ретінде танылуы үшін мемлекеттік және халықаралық қолдау көрсету туралы шешімін қабылдады.
«Мемориал» секілді көптеген халықаралық ұйымдар өз позицияларын ашық жариялап келеді...
Бірақ, әлі де болса Қара бақ мәселесі бейбіт жолмен өз шешімін тапқан жоқ, Хожалы қырғыны әзірбайжан халқына жасалған геноцид ретінде әлемдік деңгейде мойындалмай келеді, әлі де болса, әділдік өз тағына орныққан жоқ, қылмысын ашық түрде жариялаған Саркисяндар тайраңдап, сайрандап жүр...
Биыл қазақ елінің бас қаласы түркі жұртының мәдени астанасы атанды. Дұрысы, Қазақтың Астанасы түркі әлемі үшін тек мәдени емес, сонымен қатар, әділеттің, әділдіктің, даналықтың, бейбіт шешімнің Астанасы болып тарихқа енуі тиіс.
«Абай-ақпарат»