Сенбі, 23 Қараша 2024
Ауыс-түйіс 7149 19 пікір 11 Қаңтар, 2021 сағат 11:19

Божко «наконец-то» зейнетке кетті

Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары, 71 жастағы Владимир Божко жаңа шақырылымда өз орнын босататынын айтты.

Ол Президентке және Парламент басшылығына заң шығару процесінде жинаған тәжірибесі үшін алғыс айтыпты.

«Баршаңызға рахмет. Мен тіпті, бұл туралы Facebook-те жарияладым. Болды, мырзалар, тынышталыңыздар. Кейбір адамдар мені үнемі зейнетке жібергісі келетін. Мен кетемін», - депті Божко

Божко болашақта не істейтінін әлі шешпеген көрінеді. Бірақ ол жеті немересі бар екенін айтқан.

Сондай-ақ, экс-депутат 2019 және 2020 жылдары әлеуметтік және қаржылық қолдауды күшейтетін көптеген заң қабылданғанын атап өтті.

«Екіншіден, қабылданған заңдарға сәйкес екі триллионға жуық теңге жалақыны, әлеуметтік жәрдемақыны тікелей азаматтарымыздың қалтасына түсірдік. Мен бес жыл жұмыс істегеніме ұялмаймын», - деді Божко.

Осыған дейін Владимир Карпұлы туралы қазақстандық БАҚ аз жазған жоқ. Соның ішінде, біз де Божконың әр түрлі қызметтегі атқарған жұмыстарына қатысты пікірімізді білдіріп отырдық. Солардың бірсыпырасы, мінекей:

2010 жыл. БОЖКО НЕГЕ КҮРСІНДІ?

2014 жыл. БОЖКО «БАТЫР»

2015 жыл. «ВЛАДИМИР БОЖКО – АПАТ АДАМ»

2016 жыл. ҚАЗАҚ ТІЛІН МЕНСІНБЕЙТІН БОЖКО «ОРЫС ӘЛЕМІН» ЖАҚТАУШЫ МА?

2019 жыл. Божко депутаттыққа лайық па?

2020 жыл. Божко кімге бұлқан-талқан болып жүр?

Abai.kz

19 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406