Жұма, 29 Наурыз 2024
Билік 10233 31 пікір 15 Қаңтар, 2021 сағат 11:29

Тоқаев бүгін не деді?

Бүгін президент Тоқаев Парламенттің 7-ші шақырылымының 1-ші отырысын өткізді. Мәжілістің су жаңа (арасында ескі депутаттар да жоқ емес) депутаттарының жұмысын бастап беріп, халыққа Үндеу жасады.

Бұл жиынға Сенаттың 49 депутатының 42-сі, Мәжілістің 107 депутатының 99-ы қатысыпты.

Аталған жиында президент Тоқаев елдегі саяси жүйе мен оны реформалауға қатысты бірқатар мәлімдеме жасапты. Парламент отырысынан «Қазақпарат» сайты трансляция жасады. Сонымен, Президент Парламентте не сөйледі? Бір шолып шықтық.

Үкімет туралы

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын», - деді.

Ескі һәм жаңа Мәжіліс туралы

«5 жылға жуық уақытта Парламент қабырғасында 410 заң қабылданды. Депутаттар өздерінің заңға бастамашылық ету құқығын толық пайдаланып, 60-қа жуық заң жобасын дайындады.

Бұл осыған дейінгі 5-ші шақырылым депутаттарының бастамаларын қоса алғаннан да көп. Жаңа депутаттар алдыңғы әріптестерінің осы қарқынын сақтай отырып, анағұрлым қарқынды жұмыс істеуі қажет. Себебі бәрімізді зор міндеттер мен ауқымды істер күтіп отыр», - деді.

***

«Реформаларды сапалы заңдар арқылы жүргізу – ұзақ мерзімді жетістікке жетудің басты шарты. Мен жаңарған депутаттық корпус өзіне жүктелген бұл міндеттерді абыроймен атқарады деп сенемін», - деді.

***

«Парламенттің алдында маңызды екі міндет тұр. Бұл – сапалы заңдар қабылдау және өзекті мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналу. Жалпы, еліміздің заңнама жүйесін кешенді түрде жетілдіру керек», - деді.

Сайлау және саяси партиялар туралы

«Саяси партиялардың Мәжіліске өту шегін 7-ден 5% төмендетуіміз керек. Осындай шешімді қабылдайтын уақыт келді, өйткені аталған норма заң жүзінде тіркелген партияларды алдағы сайлауларға қатысуға ынталандырады», - деді.

***

«Шын мәнінде, баламалы пікір және бәріне қарсы дауыс беру ұғымы біз үшін де қалыпты нәрсе болуға тиіс. Сондықтан, барлық деңгейдегі сайлау бюллетендеріне «бәріне қарсымын» деген жазу енгізген жөн», - деді.

***
«Тағы бір маңызды қадам - ауыл әкімдерін сайлау. Биыл жекелеген ауылдық окургтерде сай лау өтеді. Біз жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін ең төменнен бастап нығайтуды көздеп отырмыз. Бұл өте маңызды мәселе. Сондықтан алдағы уақытта ауыл әкімдерін сайлағаннан кейін аудан әкімдерін сайлауға көшуге болады», - деді.

Реформалар туралы

«Тәуелсіздіктің 30 жылдығында кешенді реформалар жүргізілдетін болады. Басты басымдық - халықтың тұрмыс сапасын жақсартып, әл-ауқатын арттыру. Жұрт жасанды жетістіктерді емес, көзбен көріп, қолмен ұстайтын нақты нәтижені күтеді», - деді.

***

«Жастардың әлеуметтік қызметтері» ұғымын Заң жүзінде рәсімдеу қажет», - деді.

***

«Мемлекеттік басқарудың жаңа моделін енгізу айрықша маңызды», - деді Президент.

***
«21-ғасырдың 21-ші жылы барша адамзат үшін бетбұрыс кезеңіне айналмақ. Бұл жыл алдағы онжылдықтың басты бағдарын айқындайды. Мұндай күрделі жағдайда уақыттан ұтылуға және бір сәтке де босаңсуға болмайды», - деді.

***

«Мақсатымыз – озық дамыған елдердің қатарына қосылу. Дамыған ел дегенеміз – ең алдымен, дені сау, білімді жұрт. Сондықтан мемлекеттің басты міндеті – азаматтарымыздың толыққанды дамуына, әл-ауқатының артуына және жайлы тұрмысына жағдай жасау. Біз 2025 жылға қарай әрбір азамат үшін тиімді институтционалдық және инфрақұрылымдық орта қалыптастырамыз. Көздеген мақсатқа жету үшін барлық салаларда дәйекті өзгерістер жасаймыз», - деді.

***

«Жаңа стандарттарға сәйкес 3500-ден астам ауылды жаңғыртамыз. Айналасындағы елді-мекендердің тірегі саналатын әрбір ауылға баратын жолдар мен республикалық маңызы бар күре жолдар 100 пайыз жөнделеді», - деді.

***
«Біздің алдымызда әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша саясатты қайта ретке келтіру мәселесі тұр», - деді.

***

«Сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайта түсу үшін реформаны соңына дейін жеткізуіміз керек», - деді.

***
«Сот жүйесі жабық корпорация болмауға тиіс. Сондықтан, сот корпусын едәуір жаңартып, оған түрлі құқық салаларының мамандарын тарту керек. Үміткерлерді іріктеген кезде олардың кәсіби тәжірибесімен қатар, жеке қасиеттерін де ескерген абзал. Бұл жұмыс бұқаралық ақпарат құралдарында ашық көрсетілуге тиіс», - деді.

Айта кетейік, Мәжіліске еліміздегі 3 саяси партия және Қазақстан халқы Ассамблеясының кандидаттары депутат болды.

Abai.kz

31 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3551