Депутаттар Штыгашевқа не дейді?
Қазақ пен қалмақ десе жаны қас РФ хакас парламентінің төрағасы Владимир Штыгашев аузына не келсе соны айтып жүреді. Оның сөздеріне кім тосқауыл болады деген сауалдың басы ашық қала беретін еді. Енді оның саяси тәйтіктігін қалмақтар жайына қалдырмақ емес.
Жақында РФ құрамындағы Қалмақстаның Ұлттық Хуралының Депутаттары Хакасстан Жоғарғы Кеңесіндегі әріптестеріне хакас парламентінің төрағасы Владимир Штыгашевті орнынан алу туралы ресми өтініш жолдады.
Бұл Владимир Штыгашев қазақтың жеріне де көз алартып жүретін адам. «Шығыс Қазақстан облысы немесе Кенді Алтай қашанда Ресей құрамында болған. Қазақстанның өз жері аз болғандықтан, Есіл облысының бөлігін (ал, бұл Омбы аймағы) беріп тындық. Берілгеннен кейін ол Қарағанды деп аталды. Бұл тым таяуда 1936 жылы болған еді. Біз ұзын саны бес облысымызды бергеннен кейін бұрынғы Қазақ КАСР, автономиядан Кеңестік Социалистік Республикаға айналып шыға келді. Бұл территориялар қолдың кіріне айналды», деп мәлімдеген болатын.
Ал, қазақ жеріне қатысты жосықсыз ой айтқан Хакасстан Жоғарғы Кеңесінің төрағасы қалмақтарға қатысты не дегеніне тоқталып өтер болсақ, 2020 жылдың қаңтарында «что нет ни одной калмыцкой семьи, в которой кто-нибудь «у фашистов не служил карателем: отец, брат, сын — в каждой семье» деп мәлімдеген еді.
Владимир Штыгашев Хакасстан Жоғарғы Кеңесіне 1992 жылдан бері үздіксіз 39 жыл басқарып келеді. Оның өткен жылы қаңтардың басында қалмақтарды ІІ Жаһан соғысында КСРО-ға тұтас ұлт болып сатқындық жасады деген сөзі үшін доғарысқа кетуіне Қалмақстаның Ұлттық Хуралының депутаты Наталья Манжикова түрткі болды.
Біздің патриоттардың арасында өз дауыстарын берген үр жаңа депутаттар намысқа тырысып, бұрынғы халық қалаулыларындай бұғып қалмай, «Ресейлік тәйтік Владимир Штыгашевті» Қазақстанға әкеліп соттауды талап ететін болар деген үміті де жоқ емес.
Әбіл-Серік Әлиакбар
Abai.kz