Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3331 0 пікір 7 Наурыз, 2012 сағат 07:25

Қазақ тілін 4 апта ішінде үйренудің әдістемесі әзірленді

Қазақстан халқы Ассамблеясы өзге ұлт өкілдеріне арнап қазақ тілін жедел үйренудің әдістемесін әзірледі.

Бүгін ұйым жанындағы «Тілдарын» тілдерді оқыту технологияларының әдістемелік орталығы 1 айдың ішінде дайындалған жаңа әдістеменің жобасын дүйім жұртқа таныстырды. Жобаны әзірлеген ғалым­дар тобы жаңа әдістемені, ең алдымен, елшіліктерде істейтін қызметкерлер арасында сынап көрген.

Әдістеме негізі ретінде белгілі ресейлік психолингвист, әлемнің 30 тілін меңгерген, тілдерді жеделдетіп меңгерудің бірегей әдістемелерінің авторы Дмитрий Петровтың тәжірибесі алынды.

Бірнеше сабақтан тұ­ра­тын курс барысында тыңдаушылар ар­найы бейнематериалдарды кө­ріп, тіл ұс­тар­тудың негізгі ережелерін зерделеген. Осыдан ке­йін сөз құрылымдарын зерттеп, арнайы дыбыс жазу техникасына сүйеніп, 300-400-ге жуық қа­зақ тілінде жиі кездесетін сөздер­ді жаттаған. Осы курстан өткен қазақ тілін мүлдем білмейтін бір топ азамат қысқа уақыттың ішінде қазақ тілінің базалық білімін, ауызекі тілде сұхбат­тасуды үйреніп шыққан. Жаңа әдістемені әзірлеген ғалымдар аталған жүйенің арқа­сында мемлекеттік тілді төрт ап­таның ішінде, яғни бір айда мең­геріп шығуға болатындығын дәлелдеді.

Авторлар тобы әзірленіп жатқан әдістемелік жобаны «Тілдарын» деп атады.

Психолингвист-ғалым Д. Петровтың айтуынша, бұл жүйе тілді меңгеру кезіндегі сан алуан психология­лық кедергілерді жеңуге көмек­тесіп, тілдік нормаларды еркін иге­руге мүмкіндік береді.

«Менде тілдік тосқауылдар мен қорқыныш болды. Бірақ қысқа уақыт ішінде олар ізім-ғайым жоғалды. Менің ойымша бұл әдістеме өте қызықты, жаңа әрі басқаларына ұқсамайтын әдістеме. Өйткені грамматика түсінікті формада, схема арқылы баяндалады», - дейді 3 апта ішінде қазақ тілінде сөйлейтіндей деңгейде үйренген Қазақстандағы Жапон елшілігінің атташесі Акио Ядихаши.

«Біздің әдістемеміз жеке адамдардың өмірлеріне қатысты 8 тақырып аясында құрастырылды. Сонымен қатар, жиі қолданыста болатын 400-ге жуық сөз енді және 15 шақты грамматикалық конструкциялар кірді. Біз Дмитрий Петровтың көзқарасын, бірегей әдісін алдық. Сол себепті бұл конструкциялар менің студенттеріме бір конструкциядан бірнеше комбинациялар жасауға зор ықпал етті», - дейді мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту әдістемесінің авторы, «Парасат және Діл» қоғамдық бірлестігінің директоры Құралай Мұтанова.

kaz.gazeta.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5329