Жұма, 29 Наурыз 2024
2998 2 пікір 25 Қаңтар, 2021 сағат 13:16

«Демалмай» тұрған депутаттар жазалануы мүмкін

Карантин талаптарын сақтамаған Семей қалалық мәслихатының депутаттары жазалануы мүмкін. Бұл туралы Altaynews.kz хабарлады. 

17 қаңтар күні Семей қалалық мәслихатының жаңа шақырылымындағы депутаттары жиын өткізген. Одан соң суретке түскен депутаттардың маскасыз және әлеуметтік арақашықтықты сақтамағанына жеке тұлғадан шағым түскен.

- Қазіргі уақытта жеке тұлғадан түскен шағымда көрініс тапқан осы факті бойынша Семей қалалық СЭБ басқармасының лауазымды тұлғалары іс жүргізуде. Оның нәтижелері бойынша кінәлі тұлғаларға Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданатын болады, - деп хабарлайды СЭҚ-тің баспасөз қызметі.

Ал мәслихат хатшысы маскасыз суретке түскен сәтте депутаттар дем алмай түскенін айтыпты.

Сондай-ақ, облыстың санитарлық-эпидемиологиялық қызметі жағдайға қатысты пікір білдірген кезде бұқаралық іс-шараларға әлі де тыйым салынғанын, маскалық режим мен әлеуметтік қашықтық басты талаптардың бірі болып қала беретінін ескерткен.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1584
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2284
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3622