Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
4717 1 пікір 26 Қаңтар, 2021 сағат 12:50

Биыл 5,8 мың шақырым жол ақылы болады

Асқар Мамин Үкіметтің кеңейтілген отырысында биыл 5,8 мың шақырым жол ақылы болатынын айтты.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында көлік инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту және көлік әлеуетін жүзеге асыру мақсатында 6 мың шақырым жол салынып, қайта жаңартылады. Ақы алу жүйесі 5,8 шақырым жолға енгізіледі», - деді Үкімет басшысы.

Оның атап өтуінше, Қазақстанның көрші елдермен темір жол легін өткізу қабілетін арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізіледі.

«Қазақстан-Қытай және Қазақстан-Өзбекстан бағыттары бойынша темір жол легін өткізу қабілетін арттыру және «тар орындарды» алып тастау үшін Достық-Мойынты, Мақтарал-Дарбаза және Алматы стансасын айналма учаскелерге арналған темір жолдарды салу және жаңғырту жұмыстары басталатын болады», - деді Асқар Мамин.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 944
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2430
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 650
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 629