Сабыржан Байбосынов. Қазақ оқушысының халі
Алдағы 20-шы наурызда мектептегі үшінші тоқсан аяқталады. Сіздің балаңыз осы тоқсанды қандай бағамен бітірмек? Одан хабарыңыз бар ма? Ол сабағын нашар оқыса кімді кінәлайсыз? Мұғалімді ме, баланы ма? Әлбетте, білімі әртүрлі мұғалімдер де, қабілеті қилы балалар да бар. Алайда, бүгінгі күні баланың сабағын нашар оқуына оқулықты шығарған жандар да кінәлі секілді.
Өзімнің бірінші сыныпта оқитын ұлым бар. Сол үшінші тоқсан басталғалы «Ана тілін» оқуда. Онысы 2008 жылы «Атамұра» баспасынан шыққан дүние. Кітапты мұғалімнің тапсырысы бойынша алдырттық. Балам оны алғалы өлең жаттауға көшті. Жаттау жаттамайтын күндері аз. Рас, жаттау баланың есте сақтау қабілетін арттырады. Ал ол кейде бірнеше күн қатарынан өлең жаттай берсе не болады? Осы жағын ойлайық та. Ұлым алғашқы кездері жаттауды тез жаттап алатын. Соңғы күндері керісінше. Оны ақындар мектебіне бергендей болдық. Бұл жерде мұғалімнің еш кінәсі жоқ. Ұстаз бағдарлама бойынша сабақ жүргізеді.
43 күнде 18 өлең, 19 ереже жаттаған
Алдағы 20-шы наурызда мектептегі үшінші тоқсан аяқталады. Сіздің балаңыз осы тоқсанды қандай бағамен бітірмек? Одан хабарыңыз бар ма? Ол сабағын нашар оқыса кімді кінәлайсыз? Мұғалімді ме, баланы ма? Әлбетте, білімі әртүрлі мұғалімдер де, қабілеті қилы балалар да бар. Алайда, бүгінгі күні баланың сабағын нашар оқуына оқулықты шығарған жандар да кінәлі секілді.
Өзімнің бірінші сыныпта оқитын ұлым бар. Сол үшінші тоқсан басталғалы «Ана тілін» оқуда. Онысы 2008 жылы «Атамұра» баспасынан шыққан дүние. Кітапты мұғалімнің тапсырысы бойынша алдырттық. Балам оны алғалы өлең жаттауға көшті. Жаттау жаттамайтын күндері аз. Рас, жаттау баланың есте сақтау қабілетін арттырады. Ал ол кейде бірнеше күн қатарынан өлең жаттай берсе не болады? Осы жағын ойлайық та. Ұлым алғашқы кездері жаттауды тез жаттап алатын. Соңғы күндері керісінше. Оны ақындар мектебіне бергендей болдық. Бұл жерде мұғалімнің еш кінәсі жоқ. Ұстаз бағдарлама бойынша сабақ жүргізеді.
43 күнде 18 өлең, 19 ереже жаттаған
Бірінші сыныптағылар қаңтар, ақпан айларында «Ана тілді» 43 күн оқыған. Басқаны қайдам, ұлымның сыныбындағылар 43 күнде 18 өлең, 19 ереже жаттаған. Барлығын қосқанда жадында сақтауға арналған 37 дүние болып шығады. Алдағы үш айда қанша жаттау жаттайтыны беймәлім. Өлең, ережеден бөлек, мақал-мәтелдері де жетерлік. Ау, мақал мен мәтелді ажырата алмайтын балаға оны жаттатудың қажеті не? Бұл айтылғандарды кейінгі сыныпта өтсе де болады ғой.
Оқушыға есте сақтауға аса қажеттісі - ереже. Оны жаттап жүрген балаға қосымша салмақты көп сала бергеннен не пайда? Сондықтан жаттатын өлеңнің қатарын сирету керек секілді.
Келесі айтар нәрсе, кейде үй тапсырмасына бір-екі жаттаумен қоса оқуға арналған дүниелерді де ұсынады. Осы дұрыс па?
Екі пәннен де жаттау береді
Ол аздай, бірінші сыныпта «Музыка» пәні бар. Оның да кітабының іші тола өлең. Балалар сол өлеңдерді де жаттауы қажет. Аталмыш екі пәнде де жаттаулардың болуының балаларға ауыр болатыны министрліктегілердің миына кіріп шықпай ма? Бірде баламызға «Ана тілден» үй тапсырмасына бір күнде екі өлең, бір ережені береді. Тура сол күні «Музыка» пәнінен де жаттауы бар екен. Мұны қалай қалай түсінеміз? Бала өз қабілетімен бір күнде екі өлеңді ғана жаттап үлгереді. Қалған тапсырманы даярлауға уақыт болмайды. Мұндай кезде көп ата-ана жазба түрдегі тапсырмаларды өздері орындайды. Бұл жайтты барлық мұғалім де, әке-шеше де біледі. Біле тұра істейтініміз анау. Сонда біз кімді алдап жүрміз?
Алты жасар балаға облыс туралы әңгімеле депті
Сонымен бірге, бірінші сыныпта «Математика», «Еңбек», «Өзін-өзі тану», «Дүние тану» пәндері бар. Бұл сабақтардан да түсінік айту үшін берілетін тапсырмалар бар. Алты жасар бала өз оқығанын қайбір жарытып түсінеді. Оны да жаттатқызатын кез болады.
Әрі пәндердегі кей тапсырмалар балаларға тым ауыр. Мысалы, «Ана тілде» балаға «өз облысың туралы әңгімеле» деген тұс бар. Оу, алты жасар бала аталған тақырыпта сөз қозғамақ түгілі, «облыс» деген сөздің өзін білмейді ғой. Әлде бүгінгі Білім және Ғылым министрлігінде отырғандар алты жасында облыс туралы әңгіме айтатын болған ба?
Кітапта осындай «қылтықтар» болған соң, әке-шеше оның сабағына көмектескісі келеді. Бірақ баласының сабағын түсінбейді. Олай болса, ата-аналар Білім министрлігінің назарына неге бірауыздан мәселе көтермейді? Бізді балаларымыздың келешегі қызықтырмай ма? Сабақтың ауыр екендігі жөнінде «Базар жоқ» театрының қойылымында Тұрсынбек Қабатов та айтты. Оның бірінші, екінші сынып оқушыларының ата-аналары үшін дайындық курсын ашу керектігі жөніндегі әзілін республика халқы естіді.
«Ана тілде» - 97, «Музыкада» -68 өлең бар
Екі тоқсан ғана оқытылатын «Ана тілде» 97 өлең бар екен. Ал төрт тоқсан бойы оқытылатын «Музыка» пәнінде 68 өлең, жыр жазылған. Қарап тұрсаң, күлкің келеді. «Музыкадағыдан» гөрі «Ана тілдегі» өлең көп. Тірі «анекдот».
Ал 97 өлеңі бар кітап, ақынның шағын бір кітабымен пара-пар.
Бұдан өзге мына жайтқа назар аударсақ, ақын М.Хакімжанованың «Отан» деген бір шумақ өлеңі «Атамұра» баспасынан шыққан «Әліппе де» былай берілген.
Отан - жерім, Отан суым,
Отан қуат нәр береді.
Отан - ұран, Отан - туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
Енді осы шумақтың сол сыныптағы «Музыка» кітабындағы нұсқасымен танысыңыз.
Отан - жерім, Отан - суым,
Отан - қуат, Отан - нәр,
Отан - ұран, Отан - туым,
Отан мәңгі гүлденер.
Екінші, төртінші қатардағы өзгерістерді байқаған шығарсыздар. Оқулықты даярлайтындар мәтіндерді қайта тексермей ме? Оны баспа үйі қалай шығарып отыр? Ал министрліктегілер ай қарап отыр ма?
Әр мектепте әртүрлі кітаппен оқытады
Мектептерде сабақтың бағдарлама бойынша берілетінін айттық. Ал, кей сынып жетекшісі «Атамұра» баспасынан шыққан кітапты әкеліңіз» десе, кейбірі, «Алматы» баспасынан шыққан кітапты алдыртады. Сонда балаларды түрлі кітаппен оқытып жатқан білім саласындағы бағдарлама қандай бағдарлама? Әлде жоғарыдағы бағдарлама жасаушылар ойларына келгенін жасап отыр ма? Егер қатардағы мектеп пен тереңдетіп оқытатын білім ордасына арналған бағдарламалар болса мейлі. Бір мектептегі әр сыныптағыларды түрлі кітаппен оқытқанды қалай түсінеміз? Мұнда да мұғалімдердің қатысы жоқ. Ондай былықты кітап саудасы үшін сонау Астанадан тапсырма берушілер жасайтын секілді.
Мұның астарында қандай саясат бар?
Сіз жоғарыда айтылғандардың барлығын жауапсыздықтың салдарынан көретін шығарсыз? Алайда, соншалықты көп жаттау, ауыр тапсырмалар, қате өлеңдердің барлығы жауапсыздықтың себебінен бола бермейтін шығар. Артық кетсек, айып етпесін, бұл баланы алжастыруға арналған тірлікке ұқсайды. «Отан» шумағының екі түрлі нұсқада берілуі соның дәлеліндей.
Ел арасында «тәуелсіздік алған соң сапалы білімге қол жеткізген шығармыз» деп жүргендер де жетерлік. Білім мамандары да соны сылтау етуі мүмкін. Бірақ алты жастағы балаға білімді ауыр түрінде беруге болмайды ғрй. Олардың миы қызанақ (помидор) секілді. Қызанақтың үстіне бір қыш қоюға болар. Ал екі-үш қышты қойсаңыз не болады, қызанақ езіледі ғой.
Елімізде қазақтілді оқушыларды езге айналдыру саясаты жүріп жатқандай.
Бұлай деуімізге тағы бір жайт себеп болып тұр. «Түркістан» газетінің 2011 жылғы 11 маусымында шыққан нөмірінде журналист Есенкүл Кәпқызының «ҰБТ аяқталды, нәтиже қандай?» деген тақырыптағы мақаласы жарық көрген. Сондағы мына жолдарды оқып көріңіз.
«...ҰБТ нәтижесi бойынша, орыс мектебiнiң түлектерi 60 ұпаймен жоғары оқу орнына түсiп жатса, қазақ мектебiнiң түлектерi 75 ұпаймен жоғары оқу орнына түсе алмаған. ... Бiлiм және ғылым министрлерi бiздiң бұл дабылымызға құлақ асып та жүрген жоқ.»
Міне, мұның өзі біздің күмәнді ойымызды қоюлата түседі. Бұл арада біз ұлттық дау-дамай көтеріп отырған жоқпыз. Биліктегілердің де бүйрегі орекеңдердің балаларына бұрып отырған жоқ сияқты. Мұндағы жанашырлық кей шенеуніктердің орыс тілінде оқитын перзенттері үшін туындамаған ба?
Ал сіз қалай ойлайсыз оқырман?
Шымкент қаласы
"Абай-ақпарат"