Мұстафа Шалқар. Мәсімов, мемлекеттік тіл және мәжілістегі кішкентай оқиға
Бүгін Парламенттің жалпы отырысында Депутат Розақұл Сатыбалдыұлы үкіметті біраз тоқпақтап алды. Айтылмаса сөздің атасының өлетінін жақсы білетін әккі депутат Мәсімов үкіметінің «айыптарын» шыжғырып бетіне басты. Мұртты мырзаның міңгірлеген мұрнының астынан, мемлекеттік тілдің бүгінгі жер бауырлап орнынан тұра алмай жатқанына қынжылғанын көрсек көзіміз ағып түссін. Әйтседе, Президентке оның тіл алғыштығы мен Қытай тіліне жетіктігі ұнайтын секілді... Сонымен, қазақ тілінің пұшайман халін аузынан тастамай айтып келе жатқан мәжілісменге құлақ түрелік:

«Қазақстан Республикасы Констиутциясының 66 бабында: «Үкімет заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді» деп Үкіметті міндеттеген. Ал, іс жүзінде Үкімет өзі бастамашылық етіп енгізген заңдарды да толық орындамай келеді. Атап айтқанда, Тіл туралы Қазақстан Республикасы заңының қолданысқа енгізілгеніне 15 жыл болды. Сонша жыл өтсе де заңның 23 бабындағы «мемлекеттік тілді белгілі бір көлемде және біліктілік талаптарына сәйкес білуі қажет кәсіптер, мамандықтар, және лауазымдардың тізбесі заңдармен белгіленеді» деген норма әлі күнге дейін орындалмай келеді. Осы тізбе бекітілгеннен кейін ертесінде мамандық лауазым иелері мемлекеттік тілде сөйлеп кетеді деудің өзі дұрыс емес. Себебі, тізбе белгіленгеннен кейін мемлекеттік тілді білу деңгейі, яғни, кім толық білуі керек, кім іскерлік деңгейде білуі керек, осы айқындалуы қажет. Содан кейін оларға дайындалуға тиісті мерізім беріледі. Айталық, 2017 немесе 2020 жылдардан бастап бұл талап қолданылады десе, ешкім ренжімейді. Керісінше, мемлекетік тілді білуге деген қажеттілік туындайды. Осы заңның 21 бабында: «Көрнекі ақпараттық барлық мәтін мемлекеттік тілде сол немесе жоғарғы жағына, орыс тілінде оң немесе төменгі жағына орналасады. Бірдей өлшемдегі әріптермен жазылады. Қажеттілігіне қарай көрнекті ақпараттық мәтіндерқосымша басқа тілдерге аударылуы мүмкін» деген нормада орындалмай келеді. Басқа жерді айтпағанда, Астананың өзінде көрнекі ақпарат ағылшын тілінде бір мертлік әріптермен, ал қазақ тілінде 15-20 см әріптермен жазылған. Мұны тәртіпке келтіру үшін мемлекеттік бюджеттен қаржы талап етілмейді. Тек қана мемлекеттік өкілетті органның қолы жетіспейді, ал жергілікті атқарушы органдардың құзіреті жетпейді».
Мемлекеттік тілге жаны ашыған, жүрегі ауырған адам ғана осылай десе керек. Әйтпесе, басқа қазақ депутаттардың аузын ешкім буып отырған жоқ қой. Биылғы Елбасының халыққа жолдауы барысында ресми тілдің келешекте де «өмір» сүре беретінін, оған құрметпен қарауды «ұмытпауды» ескерткен қатаң «талабынан» кейін депутаттар «ойланып» қалғандай еді. Тіпті көбісінің жүректері ұшып, жауыр болған тілді айналып өтіп кетіп жатқанын көріп жүрдік. Енді келіп, мұз жарғыш кемедей өзге ұлт өкілінің жанайқайынан кейін ауа-райын бақылап алып, бой көтеретін қызғалдақ-депутаттар болса, үсікке ұрынбауын тілейміз.
«Абай-ақпарат»