Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3192 0 пікір 14 Наурыз, 2012 сағат 10:00

Айнар Төлегенқызы Айбергенова: «ӘКЕМ ӨЗ АЖАЛЫНАН ӨЛГЕН ЖОҚ… ҚАСТАНДЫҚПЕН ӨЛТІРІЛДІ…

Айнар Төлегенқызы Айбергенова: «ӘКЕМ ӨЗ АЖАЛЫНАН ӨЛГЕН ЖОҚ... ҚАСТАНДЫҚПЕН ӨЛТІРІЛДІ... Анам өзімен бірге алып кеткен бұл құпияны 45 жылдан соң ашып отырмын...»

 

- Санаулы күннен соң отыз-ақ жыл өмiр сүрiп, соңына өлмес өлең, бiр ұл мен төрт қыз қалдырып кеткен қазақтың бiртуар ақыны Төлеген Айбергеновтiң туғанына жетпiс бес жыл толады... Қандай да бiр шаралар қолға алынып жатыр ма?

- Жетпiс бес жылдыққа Аcтана қаласындағы барлық алпыс жетi мектеп пен дарынды қыз балалардың және ұл балалардың қазақ-түрiк лицейi, «Зерде», «Дарын» орталықтары, Назарбаев атындағы бiлiм ошақтары бәрiн қамти отырып оқушылар арасында екi конкурс ұйымдастырғанбыз. Оның бiрi - «Төлеген Айбергенов өлеңдерiне жазылған әндердiң байқауы», 15 ақпан күнi өттi. Екiншiсi - Төлеген Айбергенов оқулары. Бұл сайыс бойынша 18 ақпан күнi қаламыздағы барлық мектептердiң 5-11-сынып аралығындағы оқушылары өздерiнiң ақындығын сынға салды. Оның iшiнде бiр өлең Төлеген Айбергеновтiң шығармашылығынан оқылса, бiр өлең жас жеткiншектердiң ақынға арнауы, одан кейiн еркiн тақырыптағы өлең оқылды. Бұл шаралардың қорытындысы қаламыздағы №66 мектепте 2 наурыз күнi шығарылатын болады.

- Бiлiм басқармасы қолдау көрсетiп жатқан болар?

Айнар Төлегенқызы Айбергенова: «ӘКЕМ ӨЗ АЖАЛЫНАН ӨЛГЕН ЖОҚ... ҚАСТАНДЫҚПЕН ӨЛТІРІЛДІ... Анам өзімен бірге алып кеткен бұл құпияны 45 жылдан соң ашып отырмын...»

 

- Санаулы күннен соң отыз-ақ жыл өмiр сүрiп, соңына өлмес өлең, бiр ұл мен төрт қыз қалдырып кеткен қазақтың бiртуар ақыны Төлеген Айбергеновтiң туғанына жетпiс бес жыл толады... Қандай да бiр шаралар қолға алынып жатыр ма?

- Жетпiс бес жылдыққа Аcтана қаласындағы барлық алпыс жетi мектеп пен дарынды қыз балалардың және ұл балалардың қазақ-түрiк лицейi, «Зерде», «Дарын» орталықтары, Назарбаев атындағы бiлiм ошақтары бәрiн қамти отырып оқушылар арасында екi конкурс ұйымдастырғанбыз. Оның бiрi - «Төлеген Айбергенов өлеңдерiне жазылған әндердiң байқауы», 15 ақпан күнi өттi. Екiншiсi - Төлеген Айбергенов оқулары. Бұл сайыс бойынша 18 ақпан күнi қаламыздағы барлық мектептердiң 5-11-сынып аралығындағы оқушылары өздерiнiң ақындығын сынға салды. Оның iшiнде бiр өлең Төлеген Айбергеновтiң шығармашылығынан оқылса, бiр өлең жас жеткiншектердiң ақынға арнауы, одан кейiн еркiн тақырыптағы өлең оқылды. Бұл шаралардың қорытындысы қаламыздағы №66 мектепте 2 наурыз күнi шығарылатын болады.

- Бiлiм басқармасы қолдау көрсетiп жатқан болар?

- Әрине, қала әкiмдiгi, Бiлiм басқармасының қолдауымен өткелi отыр. Ал талапты балаларымызды марапаттау мәселесiне келсек, жекелеген азаматтар қаржылық қол ұшын созуда. Оларға Алла разы болсын дегiм келедi.

- Қаламызда Т.Айбергенов атындағы мектеп бар екенiн бiлемiз. Iс-шараны сонда өткiзу әсерлiрек болмас па едi?

- Бiлесiз бе, 2000 жылдардың басында бiз әкемiздiң аты бiр мектепке берiлсе деп бастама көтергенбiз. Тiл басқармасының қызметкерлерi бiздiң ұсынысымыз қабылданып отырғанын айтып, телефон шалды. Ол кезде мен Шымкентте тұратынмын. Бiрақ әкемнiң атына берiлгелi жатқан мектепте Ы.Алтынсаринге арналған бұрыш бар екен. Бұны естiген соң, бiз қалай тыныш отырамыз?! «Алтынсаринге арналған бұрыш болса, ол мектепке тиiспейiк. Бiр тұлға үшiн бiр тұлғаны ығыстырып шығарудың қажетi жоқ» деп, бас тарттық... Содан кейiн 2002 жылы қаламыздағы №16 мектеп бұйырыпты. Өзi орыс мектебi едi. Амал не? Бiз де қарап қалмадық. Шамамыздың келгенiнше сол мектептi әкемiзге қатысты құндылықтармен қамтамасыз етуге атсалыстық. Айта кетерлiгi, қазiр бұл мектеп аралас мектепке айналған. Өткен жылы қазақша бiр сынып, биылғы оқу жылында екi сынып ашылды. Әкемiздiң атымен аталатын мектептiң қабырғасында осылай тiлiмiздiң ауқымы кеңейiп келе жатыр. Оған да тәубә! Ал мына iс-шараның №66 мектепте өтуi ол мектеп ғимаратының мүмкiншiлiгiне байла-нысты жағдай. Мұнда 500 орындық үлкен зал бар. Көп кiсiнiң басын қосуға қолайлы.

- ...Көбiнесе ақын, жазушылар өмiрден өткенде оларды насихаттау жолында қыздары жанкештiлiк танытып жатады. Сiздiңше, бұл неден?

- Бiз әкемiзден төрт қыз, бiр ұл қалғанбыз. Бiрақ, әкемiздiң шығармашылығын насихаттап, оның ел есiнде қалуы үшiн бәрiмiз бiрдей жан салып кеткен жоқпыз. Бұндай шараларды Алматыда үлкен әпкем Салтанат, ал Астанада өзiм жауапкершiлiгiме алғанмын. Ағам марқұм, расында да, шығармашылығын талдап, өлеңi бiр жерде қате жазылып қалса, оны түзетуге тырысып, жүгiрмейтiн. Шынында салқынқанды қарайтын. Бiрақ, қаржылық жағынан көмек керек болғанда, аянып қалған емес. Соңғы тиынына дейiн қағып беретiн.

- Ағам марқұм дейсiз?..

- Иә, ағам Дәурен 2010 жылы қайтыс болған. Қазiр Төлеген Айбергеновтiң төрт қызы - Салтанат, Махаббат, менiң сыңарым Хұсни және мен қалып отырмыз.

- Ал немерелерi...

- Ұлы Дәуреннен бiр ұл, бiр қыз бар. Одан кейiн қыздарынан балалар бар. Жалпы қазiр он немересi бар.

- Сiз өзiңiз әкеңiздi көрген шығарсыз?

- Көрдiм десем де болады, көрмедiм десем де болады. Өйткенi, әкем қайтыс болғанда мен небәрi сегiз-ақ айлық болатынмын. Мұндай жасына толмаған баланың есiнде не қалуы мүмкiн? Сондықтан, мен әкемдi бет-әлпетi, түр тұлғасы бойынша таныған емеспiн. Анамның, туған-туыс, көз көргендерiнiң айтуы бойынша, сосын өлеңдерi арқылы танимын... Бiрақ, «жақсы әке жаман балаға қырық жыл азық» демей ме? Әкемнiң атының өзi менi тәрбиелеп өсiрдi. Жас шағымда, тiптi қазiр де не iстесем де, ең алдымен, әкемнiң атына кiр келтiрмеудi ойлаймын. Тiптi, сабырымды тауысар қиын сәттерде де «Мен Төлеген Айбергеновтiң қызымын ғой» деп, өзiмдi өзiм ақылға жеңдiруге тырысамын.

- Төлеген Айбергеновтiң туған күнi 8 наурыз екенiн бiлемiз. Бiрақ, қазiр компьютер түймелерiн бассақ болды «туған күнi 3 наурыз (кей жерлерде 8 наурыз деп жазылған)» деп шыға келедi.

- Расында да, қайбiр жылы пойызда кетiп бара жатып, жолда оқиыншы деп кiтап сатып алғанмын. Iшiнде әкем туралы да жазылған едi. Қарасам, «туған күнi 3 наурыз» деп тұр. Кiтаптың шығарушыларын анықтап алдым да, телефон соғып: «Неге қате жазасыздар? Халықты неге шатастырасыздар?» дедiм. Сөйтсем: «Бiз де ол мәлiметтi кiтаптан алып отырмыз. Энциклопедияда солай жазылған» дейдi... Сөйтсем, қай жылы шыққанын бiлмеймiн Қазақ энциклопедиясында солай қате жазылып кеткен екен. Бұл - менiң ұғымымда үлкен қателiк. Қалай да ол түзетiлуге тиiс! Әкемнiң туған күнi 8 наурыз екенi анық нәрсе.

- «Кемесiнде арманның, Жалау етiп өрлiктi. Ескек етiп ерлiктi, Есiп келе жатырмын... Өсiп келе жатырмын» деп өрге ұмтылып, өлмес өлеңiмен қаламгерлер қауымының бел ортасында белсендiлiк танытып жүрген ақын отыздан жаңа асқан шағында дүние салды. Көбiне депрессияға шалдығу, ақыл азабын тартып, психологиялық күйзелiске түсу, осы секiлдi басқа да жан азабын тарту талантты тұлғалардың тағдырына тән нәрсе. Бiрақ, есейiп келе жатқан бiр ұлы мен екi қызы, одан кейiн сегiз айлық егiз баласы бар адамның мұндай жан трагедиясына ұшырауы мүмкiн емес сияқты. Ешбiр адам перiштедей сәбиiн құшып жүрiп жаман ойға берiле алмайды ғой...  Сұрайын дегенiм... ақынның ажалы неден болды?

- ...Менiң әкем, расында да, отыздан аса бере дүние салды... Осы сұхбат барысында бiр құпияны ашайын. Әкем өз ажалынан өлген жоқ. Ол қастандықпен өлтiрiлдi... Мұны негiзсiз айтып отырған жоқпын. Әкем қайтыс болғаннан кейiн жетi-сегiз жыл өткенде бiздiң үйге Қарақалпақстаннан екi-үш адам анамды iздеп келген. Олар: «Сiз күйеуiңiздiң өлiмiне қатысты iс қозғатыңыз. Бiз ақынды кiм өлтiргенiн айтып беремiз. Олар күйеуiңiздiң iшiп отырған шарабына стекловата салып берген. Сөйтiп, ақынды қасақана өлтiрген. Бiз шындықты бiлемiз. Қылмыстыларды қазiр ұстамасақ, кейiн кеш болады. Олар Қазақстанға көшiп кеткелi жатыр», - деген. Сонда анам: «Мен қазiр бiреудiң бала-шағасын асырап, үйiнiң көзқуанышы болып жүрген азаматын желкелеп, темiр тордың ар жағына жiбергенiммен Төлеген қайтып тiрiлiп келмейдi. Оның үстiне арада бiршама уақыт өттi. Бәрiн бiр Құдайға тапсырдым. Қастандық iстегендер де жазасын бұл дүниеде тартпаса, о дүниеде тартар. Сондықтан, екiншi маған мұндай нәрсенi айтып келмеңiздер. Басқаға да бұлай деп айтушы болмаңыздар!» - деп, қайтарып жiберген. Бiз, әрине, ол уақытта баламыз. Әлгi кiсiлердiң анамды iздеп келгенiн, әкеме қастандық жасағандарды ұстап бермек болғанын, анамның ескi жараның аузын тырнағысы келмей, оларды қайтарып жiбергенiн анамыздың аузынан естiп жүрдiк. Әрине, бiзге емес, үйде үлкен кiсiлермен әңгiме үстiнде айтып отыратын. Сонда келген қонақтарға шай дайындап, дастархан жинап жүрiп, құлағымыз шалып қалады ғой. Артынан бойымызға сыймай: «Неге соңын ашпадыңыз? Неге әрекетсiз қалдыңыз?» деп сұрайтынбыз. Бiрақ, анамыз: «Қой!» деп, бiздi тыйып тастайтын. «Сен неге сөз тыңдап жүрсiң? Бала емессiң бе? Үлкендердiң сөзiне құлақ салма және араласушы болма!» деп ұрсатын. Бұл тақырыпта сөйлескiсi де келмейтiн. Сөйтiп, ақыры анам осы құпияны өзiмен бiрге көрге алып кеттi....

Бiрақ, шындықты, құпияны ешкiм де бүркемелеп тұра алмайды ғой. Анам көрге алып кеткенiмен, мiне, қырық бес жылдан кейiн мен ашығын айтып отырмын. Оған себеп болған жағдай да бар. Әкемнiң 70 жылдығын өткiзгеннен кейiн үйiме бiр кiсi телефон шалған. Менiң Төлеген Айбергеновтiң қызы екенiмдi сұрап, бiлiп алды да, өзiн таныстырды. Сөйтiп, бiр кiсi сәлем айтып жiбергенiн, оның өзi менi таба алмағанын және қазiр Астанаға келе алмайтынын айтты. Сонда түсiнгенiм, Атырау жақта тұратын бiр кәрi апа бiр кiсiге Төлеген Айбергеновтiң ұрпақтарының бiрiн тауып бершi деп өтiнiш айтыпты. Бiздiң телефон нөмiрiмiздi iздейдi. Ондағысы, бiзге айтқысы келген бiр нәрсе бар көрiнедi. Әйтеуiр iшiнде жүрген бiрдеменi айтып, жеңiлдеп кеткiсi келген секiлдi... Бiрақ... хабар маған жеткенде бәрi кеш болып қалды. Әлгi апа қайтыс болып кеткен екен. Сондықтан, осылай бiзбен, Төлегеннiң балаларының бiреуiмен болса да бiр ауыз тiлдескiсi келiп, бiрдеме айтқысы келiп, ақыры сол апаның дүниеден өтiп кеткенiн жеткiздi әлгi кiсi... Бұның бәрi бiз үшiн жұмбақ болып қалды. Бiздi iздеген апа кiм? Ол неге iздедi? Не айтқысы келдi?.. Құпия ашылмай қала бердi... Сол кезде әлгi апа аманат айтқан адамдар бiздi ертерек iздеп тауып алған болса, апамен бiз тiлдесе алған болсақ, кiм бiледi, бiз барлық құпияны ашқан болар едiк. Әкемнiң өлiмi туралы шындықты бiлiп, кiм өлтiргенiн де табар едiк...

- Тапқанда... сiз не iстер едiңiз?

- Кiм бiледi... Анам өзiмен бiрге жер қойнауына алып кеткен құпияны, бәлкiм, шығармас та едiм... Жоқ! Бiрақ, шындық айтылуы керек қой. Мен бәрiбiр айтар едiм. Қылмыстыны қырық жылдан соң қудалап, соңына түспесем де, әкемнiң қалай қайтыс болғанын, кiм өлтiргенiн, не үшiн өлтiргенiн бәрiбiр тарихқа жаздырып қояр едiм. Неге десеңiз, мұның бәрi түптеп келгенде көреалмаушылықтан, қызғаныштан болған. Ешкiмге қиянат жасамаған, ешкiмге тiзесiн батырмаған әкемнiң басқалай жауы болуы мүмкiн де емес. Оның үстiне, әкем қылшылдаған жас жiгiт, бар болғаны отызда ғана болатын. Ешқандай ауру-сырқауы да жоқ едi дейтiн анам. Ал әлгi стекловата деген нәрсе, бертiнде анықтамалық кiтаптардан қарап көрдiм, өте улы зат екен. Кәдiмгi у! Оның қасиетi iшке түскен соң, бауырды iрiтiп жiбередi. Ал менiң әкем қайтыс боларының алдында қан құсқан ғой!

- Сонда өзi туған Нүкiс қаласында қаза болды ғой?

- Жағдай былай болған. Бүкiл Кеңес өкiметi бойынша бiр марапат белгiленiп, менiң әкем соның iшiнде басты жүлделердiң бiрiн алатын болған екен. Сөйтiп, әкемiздiң жүлде алғалы жатқанын айтып, бiреулер iс-шараны ұйымдастырып, басы-қасында болыңыз деп, Нүкiске шақыртады. Қуанып әкемiз Нүкiске кетедi. Артынша екi-үш күн өтiсiмен әкемнiң қаза болғаны туралы хабар келедi... Сонда жүлдесiне қуанып, көппен бiрге тойлап жүрген ғой. Бой сергiтiп, шарап iшкен. Мiне, сол шарапта у болған. Сөйтiп, таңғы 5-те әкем кенеттен қайтыс болған... Ойлап қараңыз, сол күнi-ақ анамыз бiрден ұшақпен Нүкiске тартады. Аэропортқа келiп түссе, әкемiздi жерлеуге әкетiп барады екен... Неге? Мұсылманшылықта тым болмаса бiр күн, екi күн қоя тұрып, қоштасуға мүмкiндiк бередi емес пе?.. Бiрақ, ондағылар өйтпеген. Өйткенi, күнәлары ашылып қалатынын бiлген...

- Осы Мұхтар Шаханов, Есенғали Раушанов, марқұм Жарасқан Әбдiрашев, Тынышбай Рахым, тағы басқа да айтулы ақындарымызды Айбергеновтiң шәкiрттерi болған деп жазады. Ал ақындар Айбергеновтi «өзiме ұстаз болған» деп мойындай ма?

- Мұхтар ағамыз барлық жерде айтып жүредi. Бiздi де үнемi iздеп, қамқорлық танытудан танбайды. Ал басқаларын бiлмеймiн.

- Төлеген Айбергеновтiң туындылары шет тiлдерге аударылды ма?

- Орыс тiлiнде шыққаны ғана бар. Бiз қазiр ағылшын, француз, немiс тiлдерiне аударылса екен деген өтiнiшiмiздi айтып жүрмiз. Бiрақ, оның қашан жүзеге асатыны белгiсiз.

- Ал жарияланбаған туындылары бар ма?

- Ақын болған соң ел аралап, жер аралап өттi ғой. Сонда әр аймаққа барғанда, жазып қалдырған өлеңдерi бар көрiнедi. Бiз қазiр сол шығармаларының бәрiн толықтырып, бастырып жатырмыз. Жақында әкемiздiң атымен ғаламтордан блог аштық. Соған әкеме қатысты барлық дүниелердi жазып, енгiзiп жатырмыз. Ендi сайт жасау үстiндемiз. Кейiнгi ұрпақ интернет арқылы Төлеген Айбергеновтiң барлық мұрасымен кез келген уақытта таныса алатын болады.

Әңгiмелескен -

Нәзира БАЙЫРБЕК,

«Астана ақшамы» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5396