Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2609 0 пікір 16 Наурыз, 2012 сағат 08:25

Амангелді Айталы. Қазақ идеясы мен кәсіпкерлік «Ақ жолдың» екі тізгін бір шылбыры

Мәжіліс сайлауы да өтті. Отырып қалған кәрі қыздардай саяси партиялар да өз бақтарын сынап көрді. Ақырында балалардың конструктур ойыншығындай үш бөлектен тұратын мәжіліс құрастырылды. Алғашқыда көбірек орын аламыз деп есептеген ақжолдықтар (ол есеп негізсіз емес еді) сегіз орынға қуанарын да, қуанбасын да білмей абыржып еді, дегенмен 2007 жылы еңбегіміз еш кетіп еді, енді барға қанағат етейік десті. Сөз жоқ, парламентке өткені үшін биліктің алдында «тәртіпті» болуға міндет те алады.

«Ақ жол» сайлауға Алаш идеясын ту етіп шыққанымен, депутаттар қатарында ұлт жанашырларын көре алмаған сайлаушылар «Ақ жолға» ренжулі. Бұл жағдай 28 қаңтарда Зерендіде өткен кездесуде өткір талқыланды.

Бағзы заманнан Алаш атауы қазақ халқының синонимі ретінде пайдаланылады. Махамбеттің «Алты сан Алаш ат болып, тізгінін берсін қолыма» деген өлеңінде Алаш сөзі қазақ атауының баламасы. «Атамыз-Алаш, керегеміз-ағаш» деп қазақ бостандық пен бірлікті ұран етіп алған. Осы тәуелсіздік жолында өмірге Алаш қозғалысы, Алаш автономиясы, Алаш партиясы келген. Бүгінгі Алаш идеясы дегеніміз бастауын ХХ ғасырдың басындағы Алаш көсемдерінен алатын бүгінгі қазақ мәселесі. Осылай кешегі мен бүгінгі ұлт идеясы сабақтастығын тауып отыр.

Мәжіліс сайлауы да өтті. Отырып қалған кәрі қыздардай саяси партиялар да өз бақтарын сынап көрді. Ақырында балалардың конструктур ойыншығындай үш бөлектен тұратын мәжіліс құрастырылды. Алғашқыда көбірек орын аламыз деп есептеген ақжолдықтар (ол есеп негізсіз емес еді) сегіз орынға қуанарын да, қуанбасын да білмей абыржып еді, дегенмен 2007 жылы еңбегіміз еш кетіп еді, енді барға қанағат етейік десті. Сөз жоқ, парламентке өткені үшін биліктің алдында «тәртіпті» болуға міндет те алады.

«Ақ жол» сайлауға Алаш идеясын ту етіп шыққанымен, депутаттар қатарында ұлт жанашырларын көре алмаған сайлаушылар «Ақ жолға» ренжулі. Бұл жағдай 28 қаңтарда Зерендіде өткен кездесуде өткір талқыланды.

Бағзы заманнан Алаш атауы қазақ халқының синонимі ретінде пайдаланылады. Махамбеттің «Алты сан Алаш ат болып, тізгінін берсін қолыма» деген өлеңінде Алаш сөзі қазақ атауының баламасы. «Атамыз-Алаш, керегеміз-ағаш» деп қазақ бостандық пен бірлікті ұран етіп алған. Осы тәуелсіздік жолында өмірге Алаш қозғалысы, Алаш автономиясы, Алаш партиясы келген. Бүгінгі Алаш идеясы дегеніміз бастауын ХХ ғасырдың басындағы Алаш көсемдерінен алатын бүгінгі қазақ мәселесі. Осылай кешегі мен бүгінгі ұлт идеясы сабақтастығын тауып отыр.

Тәуелсіздікті жариялаумен тәуелсіздікке қол жеткізу ұзаққа созылатын тарихи кезең. Қазақ ұлтының бүгінгі болмысы, тұрмыс тіршілігі «Ақ жол» партиясы үшін сайлау алды жеңіл-желпі айтыла салған потулистік идея, іс-шаралар емес.

Алаш идеясы, немесе қазақ идеясы мазмұны жағынан терең, бір партияның іс-әрекетімен, бағыт-бағдарымен сарқылмайтын құндылық. Коммунистерден басқа партиялар қатарында да алашшыл азаматтар баршылық. Ал «Ақ жолдың» орны бөлек. Солай десек те кейбір соңғы буын ақжолдықтардың қатарында ұлт идеясына, бағыт-бағдарына үстіртін , жүрдім-бардым қарайтындар да бар. Он жыл тарихи бар «Ақ жол» партиясы ұлт мәселесін терең ой елегінен өткізді, талай дүниелерді сараптады.

Қазақтың бүгінгі ахуалы

Барды бар, жоқты жоқ деп байсалды ұстанымдағы ақжолдықтар еліміздегі ұлт саясатының жағымды да , жағымсыз да тұстарын саралай отырып бағалайды.

Тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде ұлт саясаты кеңес республикаларынан ажырап қалған диаспораларды жаңа саяси жағдайға бейімдеуге, этномәдени сұраныстарын қанағаттандыруға , мемлекеттік тілде және басқа да тілдерде білім алуға , мәдени-рухани мұраның жаңаруына мән берілді. Қайшылықтарды бейбіт жолмен шешуге бейімделді. Мемлекеттің саясаты тарихи қалыптасқан дәстүрге, күш көрсетпеу, төзімділік, халықтардың ғасырлар бойы бірге өмір сүрген тәжірибесіне сүйенді. Мемлекеттің іс-әрекеті қазақтың және диаспорлардың да ұлттық сана-сезімінің оянуын кертартпа күштердің өз мақсаттарына пайдалануына жол бермеді. Бұл қоғамдық келісімді сақтауды қамтамасыз етті. Елге 800 мыңға жуық шет елдерден қазақтар оралды.

Соңғы 20 жылда елімізде оңды этнодемографиялық өзгерістер болды: Қазақстан екі этностық қауымдастық (қазақтар мен орыс диаспорасы) басым болған мемлекеттен, сан жағынан бір этнос , қазақ этносы, басым мемлекетке айналды.

Сонымен бірге соңғы кезде қазақ ұлтының тағдырына бей-жай қарайтын үрдіс орын алды. Оның ұлттық мәдениеті, тілі маңызды болмай бара жатыр. Қазақ аман болса бәрі де өзінен өзі шешіледі деген ой басым «Бізге не керек? Тәуелсіздік алдық, ұлы державалар бізді мойындап отыр, әлемдік қауымдастықтың тең хұқылы мүшесіміз, енді сол ұлы елдер сияқты ел болуымыз керек» деген сияқты пікірлер айтылуда. Бірақ қазақтың өзін іштей саралауға, тануға жоқпыз, өзіміз бен өзіміз болып ешкімге еліктемей, Алаш арыстары айтқандай, ерікті де, ерекше де ұлт болғымыз келмейді. Осылай бірте-бірте жаңа отаршылдыққа икемделіп, еліктегіш ұлтқа айналып барамыз.

Ресей президенті В.Путинннің Шешенстанмен соғыс кезінде Ресейді тұтас ел ету үшін «Ресей ұлты» идеясын айтуы мұң екен, Қазақстанда «қазақстан ұлты» деген идеяны билік елге ұсына салды. Ойланбаған бұл ой елде үлкен пікір-таластар туғызып, тіпті шерулерге әкелді.

Қазақстан көпұлтты мемлекет деп, қазаққа көптің бірі ретінде қарау орын алып отыр. «Қазақстан ұлты» дегеніміз, Қазақстанға ұлттық мемлекет емес, азаматтар қауымдастығы ретінде қарап, қазақтың құндылықтарын мойындамау еді. Артынша паспортта азаматтардың ұлтын көрсетпейтін бұйрық та шықты. Ол да елді үлкен наразылық туғызды.

Еліктеудің тағы бір түрі Қазақстанға АҚШ-ты үлгі етіп қою болды. АҚШ-та жүздеген этностар бар, олардың барлығы американдықтар делінді. Америка отаршылдары байырғы халықты қырып-жойып, өздерінің тілін, ағылшын тілін, зорлап таңды, үндістер өз елінде шағын ғана топқа айналды, бүгін резервацияларда тұрып жатыр. Бұл мысалдың неге меңзейтінін халық тағы да аңғарды.

В.Путин жуырда өзінің сайлау алды «Россия - национальный вопрос» деген мақаласын жариялады. Онда Ресейдің өзегі, негізі (стержень) - орыс тілі, орыс мәдениеті деді. Әртүрлі ылаң салушылар бар күшін сол өзекті, негізді жоюға күш салуда деп, орыс ұлты, орыс құндылықтары болмаса басқа ұлттардың болашағы да жоқ деген ойын ашық айтты. Бұл патриот азаматтың сөзі. Біз болсақ «көршілермен тату болуымыз керек» деп орыс тілінің сойылын соғып отырмыз. Ресейдің ойынан шығайық деп, қазақты төбесінен баса береді. Қазақ ұлты болмаса , Қазақстанда тұрып, еңбек етіп, бизнес жасап, байырма еді? Осы сөзді біздің билік басындағы қазақтар айтпайды.

Өзін сыйламай, тек өзгеге, ұлы державаларға ұқсас боламын дейтін ұлттың болашағы бұлдыр. Осылай, жарымсақ ұлтқа айналып барамыз.

Ақжолдықтар осы елде тараған асығыс, идеяларға талдау жасап, ұлтсыздармен талай пікір-таласқа да түсті, түседі де.

Ұлт идеясы дегенде партия жалаң ұранмен, аттандаудан аулақ. Зар жылап, қара жамылып, «қазағым» деп пессимизмге де салынбайды. Қоғамда ұлтсыздықтың, қазақты кемсітушіліктің барлығын да ақжолдықтар біліп, көріп отыр. Қазақ өзін , өзінің рухани қуатын өзбекпен, басқамен салыстырып, жағдайының кемшін екенін, орыс рухы үстемдік құрған Ресейдің бір автономиясында тұратындай сезінеді. Кеден одақ орыс идеясын одан әрі күшейтеді.

Ұлт мәселесі қоғамдық санада, БАҚ-та, саяси жиындарда, ғылыми ортада қызу талқыланғанмен, атқарушы органдар ел ішін тыныштық, жайбарақат, қаперсіз бей-жай қамсыз көңілге итермелеп отыр. Бір нұротандық белсенді орысшалап, «ненадо чесать , там где чешется» деді. Политкорректность, саяси әдеп сақтайық дегені болар. Ұлтаралық мәселе, қазақ ұлтының жағдайына алаңдайтын негіз жоқ сияқты, елді жалықтыратын насихат жүріп жатыр. Көптеген күрделі мәселелер ашық айтылмағандықтан сыртқа шықпайды, іштей ренжитіндер көбеюде.

Біздің билік өрт сөндірушілер сияқты: Ақтөбе облысының Темір ауданындағы трагедиядан кейін дін мәселесі төңірегінде ойлана бастады. Жаңаөзеннен кейін елімізде өткір әлеуметтік, шындығында, қазақ мәселесі бар екендігін түсіне бастағандай. Бірақ ол трагедияларға билік аймақтық (ақтөбелік), рулық (адайлар мәселесі) деп баға беруге тырысады. Бұл уақиғалардың жалпықазақтық астары барлығы белгілі.

«Алдымен экономика, сосын саясат» қағидасының ұлт саясатына да салқыны тиді.1988 жылы ақын Мұстай Кәрім айтқан еді: «Одна демократия без хлеба - пустозвонство. Один хлеб без демократии - скотство». Айтқаны келді. Адамдарды малша айдауына жүргізіп, айтқанына көндіру, қарсыласса мылтық тілімен сөйлеу әдетке айналып барады.

Қоғамдық келісім Алаш жұртшылығы үшін өте маңызды, ол жеке бір тұлғаға, ұрандарға емес, терең азаматтық сана -сезімге , ұлттық әділдікке негізделуі тиіс. Бірлік «әйтеуір соғыс болмасын» деген психология емес, саналы кісілік бар жерде баянды болады.

Шындығында бүгін кеңес заманынан кейін, біздің қоғамда алғашқы рет ұлт мәселесін ой елегінен өткізіп, дау-жанжалдардың алдын алу, жаңа ұлттық саясат бағдарламасын қабылдаудың қажеті туды.

«Алаш» партиясы рухына, әлемдік тәжірибеге, Қазақстан Республикасының конституциясына, ғылыми негіздерге сүйене отырып, ақжолдықтар 2008 жылдан бастап ұлт саясат тұжырымдамасын дайындауға кірісті.

«Ақ жолдың» ұлт саясаты

2010 жылы «Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған ұлттық саясат Тұжырымдамасы» қазақ және орыс тілдерінде дайындалып, «Ақ жолдың» басқару органдары мақұлдап, тұсаукесері өткізілді, баспасөзде жарияланды, елге таралды.

«Тұжырымдаманы» дайындауға Алихан Байменов, Бөріхан Нұрмұханбетов, Қазыбек Иса, Людмила Жуланова, Нұрлан Жылқышиев, Әбдіразақ Сұлтановтар, ақын, жазушылар, оның ішінде «Алаш» сыйлығының иегерлері де бар, филиалдар төрағалары өз үлестерін қосты. Ақжолдық емес ғалым-саясаткерлер де оң бағаларын берді. «Ақ жол» ұлттық саясат бағдарламасын дайындаған Қазақстандағы жалғыз саяси партия.

«Тұжырымдаманың» басты қағидасының бірі қазақ ұлтын еліміздегі көп этникалық топтың бірі емес, мемлекет құраушы ұлт деп қабылдау.

Н.Ә.Назарбаев Қазақстандағы ұлт саясатының ерекшелігі туралы 1999 жылы ашық айтқан болатын: «Орыстардан, немістерден, украиндықтардан, татарлардан, корейлерден және басқа ұлт өкілдерінен қазақтардың бір айырмашылығы олар басқа мемлекеттің өздері үшін осындай міндет қойып, оны шешіп беретініне үміт арта алмайды». Мемлекет құраушы қазақ ұлтының болашағы өз отанындағы ұлт саясатының қолдауына байланысты. Қазақ тіліне , мәдениетіне, ұлт құндылықтарына басымдық беру қажеттілігі, өкініштісі, басшылыққа алынбады. Орыстың, немістің басқалардың құндылықтары тарихи отандары Ресей, Германияда, өзге де елдерде дамиды. Қазақ ұлтын мемлекет құраушы ұлт ретінде қабылдағысы келмейтіндер Қазақстанды ұлтсыз мемлекет моделіне, қазақ ұлтының мәселесін шешуден шеттетуге итермелейді:

«Тұжырымдаманың» басты қағидасы- қазақ ұлтын отарсыздандыру. Тоталитарлық жүйенің жанға салған жарасы - отарлау саясатының салдары - бүгін де көзге ұрып тұр.

Әлемдік тәжірибеде тәуелсіздік алған ұлттық мемлекеттердің бес төмендегідей нақты стандарттары бар.

Біріншіден, азаматтық қоғамда білім мен бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттік тілдің басымдығы;

Екіншіден , мемлекеттік тілдің қоғамның барлық саласында халыққа қызмет етуі, мемлекеттік қызметке ұлтына қарамай мемлекеттік тілді меңгергендерді қабылдау;

Үшіншіден, сот жүйесі, хұқық қорғау органдарының мемлекеттік тілді, ұлттық мәдениетті, дәстүрді, дінді қорғау міндеті.

Төртіншіден, экономикалық және әлеуметтік салада байырғы халықтың мүддесін қорғау, жер қойнауындағы байлық байырға халыққа қызмет етеді.

Бесіншіден, азаматтық алу үшін мемлекеттік тілді меңгеруді міндеттейді, меңгермегендерді қабылдамайды.

Осы маңызды бес салада қазақ ұлты өз елінде ұтылып отыр. Мұның атын саяси тілде ішкі отаршылдық дейді. Сырттан тәуелсіздік алғанмен өз елінде саяси, әлеуметтік, рухани жағынан қазақтар шеттеу көріп отыр. Кеңес Одағының ыдырауына байланысты орыс ұлтының дағдарысын орыс ғалымдары контузияға теңейді. Ал қазақ ұлтын паралич алды, жарты денесі жансызданып, ұлтсызданған организм деуге болар.

Әрбір ұрпақ қай заманда да өмірді жаңадан бастап кете алмайды, ол өзінен бұрынғыдан қалған мұраның иесі, өзінің тәрбиесімен, қалыптасқан мәдениет, дәстүр, ойлау деңгейімен оған тәуелді. Қалыптасқан жағдай осылай жалғаса да берер.

Бірақ қазақ әлі де бейшара, дәрменсіз ұлт емес.

Қазақты құлдық бұғауын қисынды саясат, оңды қоғамдық пікір, қаржы үзе алады. Оны отарсыздандыру саясаты дейді. Оны Грузия, Балтық жағалауындағы , Ресейден іргесін аулақ салған елдер жүргізіп отыр. Ол елдер туралы Ресейдің жағымсыз имидж қалыптастыратындығы сондықтан. Біз бірақ орыстану мен орыс мәдениетін ғылымынан үйренудің бірдей еместігін әлі де ажырата алмай жүрміз.

«Тұжырымдама» қазақ ұлтын отарсыздандыру бағытында біраз ұсыныстар енгізді.

Саяси саладағы басты талаптың бірі - мемлекеттің атын «Қазақ Республикасы» (Қазақстан) деп өзгерту.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығы адамның мемлекеттік тілді білуіне, біліміне, жасына, мамандығына, қаржылық қаражатының, туыстық байланыстарының болуына қатысты берілуі тиіс;

Мемлекетаралық қарым-қатынастарда шет елдердегі қазақ диспорасының мәдени-рухани мүдделерін қорғау талап етіледі.

Әлеуметтік - экономикалық салада ішкі отаршылдық, әділетсіздік әсіресе, шет ел инвесторларының озбырлығынан көрініс алып отыр.

Елдің табиғи байлығы толық халықтың игілігіне айнала алмай отыр. Қазақстанмен табиғи ресурстарға бай елдерді салыстырып қазақтар өздерінің теңсіздігін айқын сезінеді.

Тоқырап қалған, экологиялық жағынан жағымсыз 29 қазақ аудандарын дамытудың нақты бағдарламаларын қабылдау және іске асыру өз кезегін күтіп отыр.

Ішкі көші-қонды реттеу және қалалар төңірегіндегі негізінен қазақтар қоныстанған елді мекендердің күрделі әлеуметтік мәселелерін шұғыл шешуді күтеді.

Жер мәселесін жерге деген қазақтар мен диспоралардың дәстүрі мен мәдениетін есепке ала отырып, мемлекеттік меншікке басымдық бере шешу, шетелдіктерге жерді жалға беруді шектеуді халық талап етіп отыр.

Байырғы халық ішінен мақсатты түрде жоғары маман жұмысшылар , инженерлер мен менеджерлер дайындау, шет ел мамандарын алмастыру проблемасының мардымсыздығына ел ренжиді.

Қазақстан Республикасына оралушы қазақтарды, этномәдени және интелектуалдық даму деңгейлеріне сәйкес саралап, қосымша еңбек ресурстарының маңызды көзі ретінде пайдалану мәселесін шешу, шет ел қазақтарын елге жуық арада оралту мәселесі ұлтты ойландырады.

Рухани - мәдени саладағы отарсыздану мәселелері «Тұжырымдамада» өз алдына жеке қарастырылған.

Қазақ тілі мен мәдениетінің ел ішінде және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілігін күшейту мақсатында қазақ тілді журналистер мен мәдениет қызметкелерін әлеуметтік қорғау және БАҚ пен қазақ мәдениетін қаржылық жағынан қолдауға басымдық беруге тиісті деп есептелінеді.

Басқа мемлекеттер тәжірибесіне сүйеніп, заң негізіне ұлттық мәдениетті қорғау, БАҚ, кинопрокат, театрлар мен концерттер репертуарларының ұлттық мөлшерінің шетелдікке қарағанда басымдығын қадағалап отыру қажет.

Аймақтардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттік тілдің барлық салада халыққа қызмет етуінің нақты мерзімдерін анықтау қажет.

Ақпараттық кеңестік даму ерекшеліктерін және ақпарат инфроқұрылымның, интернеттің ұлттық бәсекелестікке қабілеттік деңгейін анықтаудағы үздіксіз артып келе жатқан маңызды ескере отырып, жаңа талаптарға сай қазақ латын алфавитін қабылдау;

Географиялық атауларды тарихи әділдік негізінде қалпына келтіру жұмысы әлі қарқын ала алмай отыр.

Дәстүрлі діндерді қолдау , мемлекеттің рухани кеңестігін жат ықпалдардан қорғау бүгін өте маңызды мәселеге айналып отыр.

Біз «Тұжырымдаманың» кейбір тұстарын алға тартып отырмыз. «Тұжырымдаманың» кейбір ұсыныстары «Ақ жол» партиясының сайлау алды платформасына енді.

«Тұжырымдама» Конституцияға өзгерістер енгізу , «Қазақстан - 2030» даму стратегиясын болашақ Қазақстанның этникалық келбеті тұрғысынан қайта қарауды талап етеді. Бірқатар заңдарды әзірлеу және қабылдау ұсынылады. Оның ішінде «ҚР-дағы мемлекеттік тіл», «Көші қон», «Мәдениет туралы», басқа заңдар бар.

Елдегі этно-мәдени орталықтар өз диаспораларының шаруасымен, өз бауырларына білім беру, қызметке орналастыру, дін ісімен, тарихи отанымен байланыстарға басымдық беріп, оқшауланып бара жатыр деген орынды пікір айтылуда. Қазақты, Президентті мақтауға саяси бизнеске айналдырып, мәжіліске, сенатқа депутат болғанмен , балаларын қазақ мектебіне беруге олар асықпай отыр. Бірқатары ұрпақтарының ағылшын тілін білгеніне мақтанады. Бүгін қазақ мектебінде оқитын диаспоралардың балалары мектеп оқушыларының 1% жетер жетпес, ал диаспорлар еліміздің 30% астамын құрайды. Диаспоралардың бірқатары қазақ еліне табыстың көзі ретінде қарайды. Қазақтар туралы тәтті сөз айтылады бірақ, қазақты сыйлаудың бір және жалғыз бірегей критериясы - оның тілін білу. Диаспоралардың шет елден ағыл-тегіл келіп жатырған қаржысы бақылаусыз. Заңды сыйламайтын діни топтар да бар. Сондықтан «Тұжырымдама» «Этномәдени орталықтар туралы» заң қабылдауды ұсынады.

Сонымен, «Ақ жол» партиясы «Қазақ ұлтының экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, рухани жаңаруын қамтамасыз ететін, жалпы мемлекеттік Бағдарлама дайындау және іске асыруды ұсынады. Алаш (қазақ) идеясы деп ақжолдықтар қазақ ұлтының жан-жақты жаңаруын айтады. Байырғы ақжолдықтар үшін қазақ ұлтын отарсыздандыру стратегиялық, немесе ең басты мақсат. Біздің кейбір ақжолдықтар үшін олар Алаш проблемасы тұтас қазақ мәселесі емес бір жолғы шаралар, конференциялар, тағы басқа істер. Сөз жоқ ондай шаралар қажет, олар бірақ айқындалған стратегиялық ұлттық мақсатқа қызмет жасауы керек. Қазір ең қажеттісі, отарсыздану саясатын партияның төрағасы Азат Перуашев терең барлап, баса назар аударуы тиіс.

«Ақ жолдың» символы шаршамай, талмай желитін бәйгі сәйгүлегі, оның қос тізгінің бірі-қазақ идеясы, екіншісі-кәсіпкерлік, олар бір-біріне кереғар емес, кәсіпкерлік те ұлт мұраты. Осы екі тізгінді тең ұстау үлкен саяси шеберлікті қалайды. Бүгін сайлаушылардың «Ақ жолға» сенімінен, күдігі басым. Ұлт мұраты ақжолдықтарды да, халықты да ойландырады. Бірақ Азат Перуашевтың пікір-таласты қолдауы, «Біз ұзақ та, қиын жолдың бастауында тұрмыз» деп мәселені байсалды пайымдауға икемдігі сенім де туғызады.

Ақжолдықтар ешқандай керемет, ғажайып өзгерістер болуына сенбейді, олай болу мүмкін де емес. Ұлт мәселесі қай заманда да , қай елде де тез , тиімді шешілмейді. Сондықтан, жалықпай, мақсаттан айнымай еңбек ету мұратымыз болып келді, бола да береді. «Ақ жолдағы» байырғы алашшыл азаматтар, ақын, жазушылар, өнер қайраткерлері мәжіліс сайлауының ауыр жүгін көтерді. Олардың кісілік, интеллектуалдық ресурстары шешуші қызмет атқарды, қаржы ресурстары оларға жағдай туғызды. Осылай рухани ресурстар мен қаржылық ресурстар үйлесім тауып, партия біраз дауыс жинады. Кәсіпкерлер Алаштың қарнын ашырмас, бірақ Алаштың қадірін ұлтшыл интелегенция асырады. Уақыт көрсетер, партияға кеше келген кейбір кәсіпкерлер сайлаудан кейін енді партиядан шыға бастар, аз-кем партияға ақшалай көмегін де бұлдар. Ал ұлтшыл азаматтар ұлт мұратынан айнымайды.

Алаш аманаты

Мәжіліс сайлауынан кейін «Ақжол» партиясының мәртебесі өзгерді: партия Парламентке өтіп, 8 орын алды. Енді парламент мінберінен де Алаш идеясын қолдайтын мүмкіндік туды.

8 депутатқа қазақ мұңын аманаттадық. Қазақстан Республикасының депутатының мәртебесіне сәйкес олар қандай қызмет атқара алар еді?

1. Заңдарға бастамашы болу құқын пайдаланып, ақжолдық депутаттар ұлттық идеяға негізделген заң жобаларын ұсына алады. Егер депутаттар қаласа , «Мемлекеттік тіл туралы» заң жобасы дайын.

2. Әрбір заң жобасына үңіліп, оның ұлттық астарын саралап, қазаққа, Қазақстанға тиімділігін зерделеп отыру. Мысалы, Ресей, Беларуссиямен біртұтас экономикалық кеңістік құруға байланысты заң жобаларына талдау ұлтымыз үшін өте маңызды. Сондай-ақ бюджетпен жұмыс жасауда оңай жұмыс емес.

3. Ұлттық саясатқа байланысты (мәдениет, көші-қон, тағы басқалар) үкіметтік сағаттарға мұрындық болу.

4. Сайлаушылармен жұмыс жасау барысында қазақ мектептері , қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдары, алыстағы қазақ аудандарының хал-ахуалын біліп, Үкімет алдына мәселе қою.

5. Депутаттық сауалдардың орны бөлек. Бірақ оны терең сараптап барып, жариялау орынды.

6. Парламенттік тыңдауларға да депутаттар бастамашы бола алады.

7. Премьер-министрлер мен Парламент спикері алдына да жалтақсыз мәселе қою керек. Мысалы, демократиялық елдерде көппартиялы Парламенттің спикері сайланған сәттен бастап өз партиясынан шығады. Себебі, ол барлық партияға ортақ спикер. Н.Нығметтуллин әділ спикер бола ала ма? Ақжолдықтар неге осы мәселені көтермеді?

Әрине, мен өз тәжірибемнен депутат қызметінің кейбір тұстарын ғана меңзеп отырмын.

Біздің депутаттар - Алаш кәсіпкерлері, ал кәсіпкерлер өз алдына ауыр жүк, өте қиын шаруа. Депутаттар Парламентте жүрсе де кәсіпкерлік ісімен айналысады. Біз оларға қоса ұлт аманатын артып отырмыз. Әлемдік тәжірибеде кәсіпкерлер Парламентке ұмтылмайды, олардың мүддесін заңдар арқылы саясаткерлер қолдайды. Енді ұлт мүддесін ту еткен «Ақ жол» депутаттары ел назарында, олар өз ұлтжандылығымен басқалардан ерекшеленіп тұруы керек. Ол ұміттің ақталуы уақыт еншісінде.

Парламент мінберінен тыс та ақжолдықтар ұлт идеологиясын жүзеге асыруда біраз шаруа тындыра алады. Саяси, әлеуметтік, рухани салаларда қазақ мүддесін қолдау, депутаттар көтерген мәселелерді қостап, көмек көрсету бізге міндет. Сонымен бірге қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ ұлтының тағдыры да өткір мәселе. 2009 жылы «Зерде» қорының президенті Алихан Байменовтың қолдауымен көрнекті тарихшы Мамбет Қойгелдиевтің «Сталинизм и репрессии в Казахстане 1920-1940-х годов» атты еңбегі жарық көрді.Қуғын-сүргінге байланысты ақжолдық Қасымов Сабырдың біраз құнды ұсыныстары бар.

2009 жылы «Арыс» баспасынан 2000 данамен «Алаш.Алашорда.» Энциклопедиясы жарық көрді. Осы еңбекті елге тарату, партия мүшелерімен таныстыру, екінші басылымын шығару қажеттігі де бар. Жалпы «Ақжол» партиясының бастамасымен ұлт мүддесі жөнінде қазақ интелегенциясы өкілдерімен кеңірек ақылдасудың қажеттілігі туып отыр.

Бірер сөз соңғы кездегі партия ішіндегі ахуал. «Ақ жолдың» парламентке өтуіне байланыста Азат Перуашевтың басына бес көпшік, астына қос көпшік тастап, мадақтаушылар көбеюде. Азатты Алихан Байменовке қарсы қоюшылар табылды. Айтарым, Азат Перуашев Алихан Байменов, Алихан Байменов Азат Перуашев бола алмайды. Екеуінің де партияда өз орындары бар. Сондай-ақ, пікір алалығына қарамастан «Ақ жол» біртұтас партия. Жағымпаздардың дос еместігін, сынаушылардың қас еместігін Азат Перуашев жақсы түсінеді. Көсемпаздықтың (вождизм) бүгін кейбір партия төрағаларының үлкен дертіне айналғанын көріп отырмыз.

Зерендідегі кездесуде Бөріхан партияның ішкі ахуалы жөнінде біраз сын айтты. Партияның ішкі мәселелерін ақылдасып шешуден гөрі сенімхат арқылы орталық аппаратта, кейде оңаша топпен партия атынан шеше салу үрдісі етек алып бара жатырғанына орынды назар аударды. Орынды сын. Тіпті партияның Мәжіліс депутаттығына кандидаттардан сегізін депутаттыққа сайлауға арналған Орталық кеңестің отырысында да сенімхат үлкен роль атқарған болып шықты. Демократия үшін күресетін демократиялық партияның ішкі жұмысында демократияға басымдық беруі айтпаса да түсінікті емес пе? Авторитарлық үрдіс абырой әпермейді.

Алаш сөзі киелі, тек айтуға жеңіл. Ұлт идеясы сайлауларда ұран ететін, үлкен жиындарда еске алатын рәсім ғана емес. Ұлт идеясы қазақты қазақ ететін, басқалармен терезесін тең ететін әрі тұтас стратегиялық бағыт, әрі күнделікті іс-әрекет.

Алаш партиясында небәрі екі жүзге жуық мүше болған. Бүгін санымыз 200 мыңға жеткен «Ақ жол»үшін ұлы істе де, кіші істе де сол көшбасшылар бізге үлгі. Ұлтқа адал болу, ұлт мұратын берік ұстану «Ақ жол» партиясына үлкен сын.

Ақ жолда Алаш ақиқатынан айнымайық!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415