Нұрғали Жүсіпбай. «Ақ Патша» айналған қара түнек көлеңкем
Сайын дала Әз-Наурыздың жылы демімен керіле созылып ояна бастады...
***
Ал мен болсам Желтоқсанда ояндым. Ызғардан. Рахман да Рақым Алланың атымен қайта тірілтті мені ызғар, қайта тірілдім «Бісмілләмен».
Содан бері міне, жиырма бес Желтоқсан өтіпті...
***
Ес біле бастағаннан соңымнан қалмайтын болды ол.
Қуансам, ол да мендей қуануды шығарды, жыласам құдды өзімдей жылайды. Бір күні тағы да соңымнан үнсіз ілесіп келе жатқанын байқадым. Көз қырымен қарап коямын, тоқтасам, ол да тоқтайды. Секірсем секіреді. Біраз жүрдім де, артыма жалт бұрылып:
«Сен кімсің?»-дедім, шап беріп.
«Мен сенің ең адал досыңмын, ғұмырым саған, сенің жарқын болашағыңа арналмақ, бар болсаң мен де бармын, жоқ болсаң мен де жоқ, әкең де мен, шешең де, сенің қамқорыңмын»-деді көлеңкем жымия қолың ұсынды. Бұл оның серті еді.
Осылайша онымен ресми түрде танысқанымызға да, қателеспесем, жиырма жылдай болыпты.
Сайын дала Әз-Наурыздың жылы демімен керіле созылып ояна бастады...
***
Ал мен болсам Желтоқсанда ояндым. Ызғардан. Рахман да Рақым Алланың атымен қайта тірілтті мені ызғар, қайта тірілдім «Бісмілләмен».
Содан бері міне, жиырма бес Желтоқсан өтіпті...
***
Ес біле бастағаннан соңымнан қалмайтын болды ол.
Қуансам, ол да мендей қуануды шығарды, жыласам құдды өзімдей жылайды. Бір күні тағы да соңымнан үнсіз ілесіп келе жатқанын байқадым. Көз қырымен қарап коямын, тоқтасам, ол да тоқтайды. Секірсем секіреді. Біраз жүрдім де, артыма жалт бұрылып:
«Сен кімсің?»-дедім, шап беріп.
«Мен сенің ең адал досыңмын, ғұмырым саған, сенің жарқын болашағыңа арналмақ, бар болсаң мен де бармын, жоқ болсаң мен де жоқ, әкең де мен, шешең де, сенің қамқорыңмын»-деді көлеңкем жымия қолың ұсынды. Бұл оның серті еді.
Осылайша онымен ресми түрде танысқанымызға да, қателеспесем, жиырма жылдай болыпты.
Ер жеткен соң да менің ең адал досым, ең жақыным, арқа сүйерім де сол болды. Тұрса мен үшін тұратын, жүрсем ілесіп соңымнан жүретін. Оның осы адалдығына ішім жылып жүруші еді. Бір нанды өзім жесем, бір нанды соған беруші ем. Суды қалай бөліп ішсем, қуанышымды да, қайғымды да дәл солай тура өзімен бөлісуші ем. Шаңырақ көтеріп, ата болғанымды да соның арқасы деп білуші ем. Тәнті едім ғой, тәнті еді едік қой. Сол себепті, оған деген құрметпен сол жылдары дүниеге келген ұлдарымның барлығына да оның есімін беріп ем.
***
Адал досым, сырласым да, мұңдасым да, өзім қойған ұлдарымның аттары соныменен аттас болғаннан соң, сол ұлдардың барлығы да соған қарап бой түзді, ұлғая түскен түнегіне қарап ой түзді.
Ұлдарымның өскенін, олардың қалай өнгенін, кейбірінің жұмбақ күйде өлгенін, алдамшы уақыттың қалай жылдам өткенін саған қарап білуші ем, менің «адал» көлеңкем.
***
Бастапқыда, күннен болсын, айдан болсын бәрі-бір, әйтеуір қарама әлдеқандай жарық түсе қалса көлеңкем өзінен-өзі ұлғайып, қоқиланып, аяқ астынан жүрісі маңғазданып, ерекше паңдануды шығаратын болды. Сырттай қарап тұрып таң болушы едім. Көлеңкемнің бұл қылығыңа мән бермей, жан-жаққа алып қашқан ойларменен «еркелік» деп, үндмеуші ем.
Уақыт өте көлеңкемнің осы бір қылығы әдетке айналып, әдеті кесел боп бойы менен ойын билеп, бұрыңғыдай тұрсам тұруын, отырсам отыруын, жатсам жатуын, баяғы адалдық сезімімен соңымнан еруіді күрт тоқтатты бір күні.
***
Алға қарай адымдап жүріп келем. Кенет, әдеттегідей, көлеңкеммен емес, жалғыз келе жатқанымды сезіндім. Артыма бұрылып қарасам, көлеңкем анадай жерде қолын қалтасына салып, артымнан мені сынай қарап тұр екен.
«Неге тоқтап қалдың, кеттік, жүр» дедім, қолымды бұлғап оған.
Безірейіп, екі қолын кеудесіне қаусырды да, жерге шырт түкірді.
«Асығыспыз, жүрсейші» дегенім сол-екен, ойда жоқта, қараптан-қарап тұрып «Ақырма!» деп баж ете қалды тәкаппарлана кіжініп.
Селк ете қалдым. Сөйлеген сайын гүрілдеген дауысы басымырақ шықты көлеңкемнің. Бұл мінезін алғаш көріп таң қалып мен тұрмын:
«Ей, бишара!» деді ақырып, ақырған сайын көлеңкем ірілене көрінді: «Сен өзіңді кіммін деп жүрсін? Көзіңді ашып қара! Бұдан былай сен маған табынасың! Мен жүр десем, жүресің, бол десем боласың, өл десем өлесің! Бұдан былай заңғарың да менмін, табынар құдайың да мен, биігің де мен, билігің де мына менмін! Енді жол бастайтын сен емес, мына мен болам!» деді бұйыра.
«Әй... сен... құдай да емес, заңғар да емес, пайғамбар да емессің ғой, сен бар болғаны менің көлеңкем ғанасың» дедім сөздерімді нақталап.
«Топас!» деді бақырып, «Елдің барша зияылсын тыңдасай, надан! Ақ патшаң да мен, данышпан да мен, пайғамбар да!».
«Әй...» деп, не айтарымды білмей сасқалап тұрдым да, түсіндірмек боп: «маған түсіп тұрған мынау жарық қой сені алыптай ғып сезіндіріп тұрған, жарық сөнсе сен де өшесің» дедім баппенен.
«Жоқ!» деді, күрт тоқтатып сөзімді, «Бұдан былай жарық дегенің де, нұр дегенің де мына мен болам» деді көкірек қағып.
Райынан қайтармақ боп, «Қайдағы нұр? Қайдағы пайғамбар? Ойлансаңшы» дей бергенім сол еді, ақырып жіберді түкірігін бетіме шашыратып. Ақырғандағы айтқаны «Ойланба!» ме еді, «ойнама!» ме еді, әйтеуір, жаңғырықтан нақты естіп, дәл түсіне алмадым.
Сөйтті де сол күні мені тәрк етті өзімнен шыққан жалғызым, жалмауызым, өзін құдай санаған көлеңке-перғауыным...
Әлемнің қақ ортасында қасқайған қарабас мен тұрмын.
Жаңа ғана өзіме ақырып тұрған көлеңкем түнегін әлемге жайып жібергендей.
***
Көлеңкем сол кеткеннен, тәкаппар басын кері бұрып қайта оралмады.
Көп ұзамай-ақ, отарлап айдалған мал секілді адамдардың да сол түнекке түменді лекпен төмендеп кіріп, «нұрланып» көкке көтеріліп жатқанын да естіп жүрдім. Қара болса да ақ, түнек болса да нұрлы. Көлеңке болса да патша. Ақ Патша. Сырқат патша.
***
Осыдан жиырма бес жыл бұрынғы Желтоқсанда қайта тірілдім мен. Өткен желтоқсанда қайта ояндым, қайта ойландым. Қайта кездестім көлеңкеммен...
...бораған оққа ұшып, қырылып жаттым. Қансырап жатып, тұла бойдан жан кетерде ауырсыну сезімі болмайды екен, атқаны аздай, енді сағымды сындармақ боп соққыға жыққан кім екен деп, қан-жоса қабақтың астынан көз салдым. Сөйтсем, жендетім кәуір емес, басқа емес, тура өзіме ұқсаған өзімнің баяғы көлеңкем...
Ақырып тұрып «Атаңанәлет!» деп лағынеттеуге де қимадым... Жанға бататыны осы...
Сол сәтте өзіме-өзім алданғаныма налып, жердегі жоқ әділетті Жаратқанның өзінен сұрап, оққа ұшып, таяққа жығылып, тепкіленген намыс бойға ерекше күш беріп жығылған орынымнан атып тұрдым: «Аллам-ау, Алла!» деп...
«Өлді» деді. «Өлтірдік, үндерін өшірдік» деді. Бек қателестің, сенім артқан көлеңкем.
***
Жүзімдегі соққының ізі қайтар емес. Айнаға қарауға да қорқасын. Қорқытатыны адырайған жараның жазылмаған аузы емес, жарылған қабақ та емес, айна бетінен көлеңкемді көріп қалу ықтималы. Бітті.
***
Беу билік, беу көлеңкем, есіңде ме? Жиырма жыл бұрын осыдан, Біз - біз, десе, біз едік. Тілеулес едік, бір едік. Ірі едік һәм тірі едік. Рухымызбен көк аспанды тіреп тұрған дүр едік...
«Дауыс бер» дедің, бердік, «Соңымнан ер» дедің, ердік. Салықты салдың. Бердік. Алдың. Атамын дедің, (атаңанәлет) аттың.
.... Сөз осымен тәмам, саттың.
***
Әз-Наурыз да келіп қалды. Жылы демі сезіледі. Бұл мейрам саяси митингі емес, халықтың шынайы дидарласу мерекесі болса да желтоқсанда көрінген көлеңкемнің шоқпарлылары да, тіміскілегіш иттілері де, иттері де, иттектілері де, дәлірек айтсақ тексіздері де, бір жақты сөйлейтін хабаршылары мен өсекшілері де тағы да сақатадай сай тұр әлденеден елеңдеп.
Тағы да «ат» десе, атпақ, «шап» десе шаппақ, «қап» десе, қаппақ.
Тарихымызда тұңғыш рет Әз-Наурыз төтенше жағдайдың «мақамымен» тойланбақ.
***
Әз-Наурыз оянып келеді. Мен ойланып келемін. Ілескен көлеңкем тағы жоқ. Ойменен өзімді түзетсем, көлеңкем де түзелмек.
Түзелу керек, түзету керек.
***
Жаңа-күн ұясынан оянып келеді керіліп...
"Абай-ақпарат"