Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2755 0 пікір 18 Наурыз, 2012 сағат 22:10

Тоқтар Жетпісбайұлы. Өз өзіңді сыйламасаң, көрер күнің...

Ақпанның оныншы жұлдызы, 2012 жылғы 55- реткі дүниежүзлік журналисттер фото суреттер бәйгесінің жеңімпаздарын (World Press Photo)  Нидерландтың астанасы Амстердам қаласында медияға жариялады. Аталмыш жарыстың, көркем өнер және көңіл ашу түрі бойынша Нидерландық фотограф Pavel Prokopchik- тің  « Қазақстан салты» атты суреті үшінші дәрежелі сыйлықтың иегері атанды.
Суретке қарасаңыз, тыр жалаңаш қыздар мен жігіттер бауыздалған қойдың қанына шомылып жатыр. Қойды көтеріп тұрған қазақ емес, Өзбек не Ұйғыр деп ақталғымыз-ақ келеді, деседе, әлемдік көзқараспен қарасаңыз, Қазақстан ол - қазақтар тұратын мемлекет, басқалар бұл суреттегі адамдарды Қазақстандағы қазақ ұлты деп ұғынбасына күмәніміз жоқ...

Ақпанның оныншы жұлдызы, 2012 жылғы 55- реткі дүниежүзлік журналисттер фото суреттер бәйгесінің жеңімпаздарын (World Press Photo)  Нидерландтың астанасы Амстердам қаласында медияға жариялады. Аталмыш жарыстың, көркем өнер және көңіл ашу түрі бойынша Нидерландық фотограф Pavel Prokopchik- тің  « Қазақстан салты» атты суреті үшінші дәрежелі сыйлықтың иегері атанды.
Суретке қарасаңыз, тыр жалаңаш қыздар мен жігіттер бауыздалған қойдың қанына шомылып жатыр. Қойды көтеріп тұрған қазақ емес, Өзбек не Ұйғыр деп ақталғымыз-ақ келеді, деседе, әлемдік көзқараспен қарасаңыз, Қазақстан ол - қазақтар тұратын мемлекет, басқалар бұл суреттегі адамдарды Қазақстандағы қазақ ұлты деп ұғынбасына күмәніміз жоқ...
Қазақтар талай соқпақты жолдарды басынан өткеріп, өз тарихында кешпеген қорлықты кешіп, тау-тасты кезіп, көл жағалай, орман сағалай көшпелі күн көрген ұлы халық. Дала мәдениетінде қазақ шипагерлігінің бірі - қойдың қаны болғаны ақиқат. Десе де, мына суреттегідей бауыздалған қойды көтеріп, әуретін көрсетіп ұлы мен қызы, кәріс мен жасы бірге тұрып қанға шомылған емес. Қайта жаңа сойылған қойдың тоқ ішегін, шажырқай майын сыдырмай кіндікке тарту арқылы балалар шетпесін жазып, жел-құздан болған асқазан, ішек жолдарының ауруына, сойылған қойдың қарнын жылы күйінде құрсаққа тартып жазған, ал қанмен емдеуде Голландиялық көрсеткендей емес, жаңа сойылған қойдың  қанынан аздап ішкізу арқылы әйелдер ауруына ем дәру жасаған. Ал мынадай анайы қылықты қандай қазақ болса да істеуі мүмкін емес-ау.
Осыдан бірнеше жыл бұрын, Францияның «Консьюмер» қаласына барған бір қарындасымызға, тапа-тал түсте, тамам жұрттың көзінше, шетелдік қолындағы долларын жылтыңдатып, ойнас жасауға шақырған. Оның бұл қылығының төркіні есірткі есіртіп жүрген Қазақстанның «Борат» деген киносынан түсінгені болып шыққан. Енді сол сияқты, жоғарыдағы суретті көріп шетелге барған қандастарымыздың киімін сыпырып тастап, қой қанымен жуындырып мазақтамасына кім кепіл?...
Қазақты әлемге танытатын  - дүние мәдениетіндегі орны. Өзгелер қазақстанды бір жағынан, осындай әлемдік ортадағы тартысты материалдар арқылы тани алады. Ал біз сол аудиторияға құнды еңбектер тарту еткеннің орнына өзімізді өзміз масқаралайтын кинолар мен жарнама суреттер шығарып, қазақ ұлтын төрт түлігі болған ешкімен, кәмелетке толмаған баласы ойнас жасап ойнайтынын, көрінгеннің қойнына жатқыш келіні барлығын, қызын әкесі зорлап, шешесін баласы өлтіретінін, бірін-бірі пышақтап, қыздары көшеде тыр-жалаңаш билеп жүретін ұлтқа айналдырдық. Сол арқылы ұлттық құндылықтарымызды ұмытып, ұлтымызды азғындаттық. Осы орайда өзгелер төл дәстүрімізді ұрлауға кірісті. Көкпарымызды қырғыздар, қымыз бен қазымызды - немістер, шұбатты - еврейлер заңды тіркеп алды. Әзірбайжан, Иран, Өзбекстан, Қырғызстан Наурызды өздерінің төл мейрамы ретінде ЮНЕСКО-ге тіркеді.  Ұлттық спорт өнеріміз сұңқармен аңшылық жасауды кейбір араб мемлекеттері ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізді, енді олардың зияткерлік меншігі әлемдік деңгейде қорғалатын болды да, біз аузымыз аңқиған күйі қалдық.
Қытайда өз ұлтын немесе ұлттық дәстүрін қорлаған, ұлт ардагерлеріне, мемлекетік құндылықтарын зияңдаған немесе жамандаған жағдайда сотқа тартады. Ал қазақстанда мұның бірі жоқ. Ана әлемдік журналисттер фото суретті бәсекесінің мақсаты тап бермедегі кездейсоқ оқиғалар арқылы халықтық түс алған әлеуметтік мәселелерді көтеру екен. Сонымен, нидерландық қазақстанды қанға жуынған халық ретінде сипаттаған болды. Махамбеттің:
...Буыршын мұзға тайған күн,
Бура аттанға шөккен күн.
...Қос бәйтерек жығылып,
Жығылғаны естіліп.
Алыстағы дұшпанның,
Қуанып көңілі тынған күн!.. деп айтқанының кебісін кидік. Ұлттық, халықтық, мемлекеттік мәдениетімізді сақтай алмадық. Материалдық емес мәдени мұралармызды да, өзгеге танытаудан бойымызды аулаққа салып, біреуі ұрлап алып кеткенде ұлардай шулап, қылышымызды боққа шабатын дәстүр қалыптастырдық. Арғысын айтпағанда, Ресейдің журналистері, саясаткерлері, жазушылары тарапынан Қазақстанның тәуелсіздігін, мемлекеттілігін мойындамау, арандату, келемеждеу сөздері айтылғанда да Қазақстан билігі өзінің наразылығын білдірген емес. Егер біз, сұға бергенге бұға берер болсақ, өзгелер ұлымызды құлына, қызымызды күңіне айналдырып, ұлтымыздың абройын айрандай төге берер болсақ, көрер күніміз дәл осы суреттегідей болмасына кім кепіл...
"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415