Қазақстаннан шетелге 787 млрд. теңге жіберілген
2020 жылы Қазақстаннан шет елге 787 миллиардтан астам теңге жіберілді.
Ұлттық банктің өкілі Ерлан Ашықбеков 2019 жылмен салыстырғанда ақша аударымдары 20% өскенін айтты.
«2020 жылдың 12 айында Қазақстаннан шетелге жіберілген ақша аударымдарының көлемі 787,7 млрд теңгені құрады. Өткен жылы ең көп ақша алушылардың тізімі өзгеріссіз қалды. Көшбасшылар Ресей (27,1%), Қырғызстан (21,0%), Өзбекстан (19,5%) және Түркия (17,4%). Бұл елдердің жалпы санына 85,1% келеді. 2019 жылмен салыстырғанда Қырғызстанға (+ 90,0%) және Түркияға (+ 46,4%) ақша аударымдарының көлемі едәуір өсті»,- деді Ашықбаев.
Сонымен бірге, 2020 жылы Қазақстанға шетелден 286,9 млрд. түскен. Ақша аударымдарының басым бөлігі Ресей (25,8%), Оңтүстік Корея (18,0%), Өзбекстан (13,4%) және Қырғызстан (11,7%) сияқты елдерден аударылған.
Ал, аударылған ақшалардың басым бөлігі негізінен еңбек көші-қоны және азаматтардың, оның ішінде экономиканың бейресми секторында (сауда нарықтарында) жұмыс істейтіндердің кәсіпкерлік қызметі мәселелеріне қатысты.
Abai.kz