Ұрпағыңды ойла!..
Халықаралық зерттеулер мен болжамдардың деректеріне сүйенсек, үстіміздегі ғасырдың соңында қазақ жерінің қазына байлығын игеру үшін Қазақстан аумағына 100 миллион адамды орналастыру қарастырылып келеді екен. Қазіргі Үкіметтің ресми болжамы бойынша, 2050 жылы елдегі қазақ саны небары 26 миллион болмақ. Демек, осы кезеңде жеріміздегі қазына байлықтың заңды иелері және мұрагері қазақтар елде мүлде азшылыққа айналып, Қазақстан дегеніңіз КСРО кезіндегідей шет жұрт алпауыттарына қазына-байлығымызды тонау үшін қолайлы болмақ. Әрине, бұған жол бермес үшін тұрғын үйге, жер учаскесіне, азық-түлікке зәрулікті жойып, халқымыздың санын еселеп арттырып, 2020 жылы 20 миллионнан асырып, 2050 жылы 50 миллионға, ғасырдың соңында 100 миллионға жеткізу үшін барлық мүмкіндікті қарастыру қажет қой. (Ана тілі, №46, 2011 ж., Қуанбек Боқаев).
Жалпы, халықтың қа¬лыпты өсуі жағдайында әрбір 25 жыл сайын қазақ хал¬қының саны екі есеге ар¬тып отыруы тиіс. Қазақтың тарихына қарасақ, осындай өсім ешқашан тоқтаған емес. Біздің жер бетінен жойылып кетпей отыруымыздың бір себебі де осы болса керек. Мы¬салы, 60-80 жылдары қазақ халқының саны екі еседен астамға өссе, содан кейінгі 25 жылда мұндай өсім болған жоқ. Неге? Міне, осы сұраққа жауап іздеуіміз керек...
Халықаралық зерттеулер мен болжамдардың деректеріне сүйенсек, үстіміздегі ғасырдың соңында қазақ жерінің қазына байлығын игеру үшін Қазақстан аумағына 100 миллион адамды орналастыру қарастырылып келеді екен. Қазіргі Үкіметтің ресми болжамы бойынша, 2050 жылы елдегі қазақ саны небары 26 миллион болмақ. Демек, осы кезеңде жеріміздегі қазына байлықтың заңды иелері және мұрагері қазақтар елде мүлде азшылыққа айналып, Қазақстан дегеніңіз КСРО кезіндегідей шет жұрт алпауыттарына қазына-байлығымызды тонау үшін қолайлы болмақ. Әрине, бұған жол бермес үшін тұрғын үйге, жер учаскесіне, азық-түлікке зәрулікті жойып, халқымыздың санын еселеп арттырып, 2020 жылы 20 миллионнан асырып, 2050 жылы 50 миллионға, ғасырдың соңында 100 миллионға жеткізу үшін барлық мүмкіндікті қарастыру қажет қой. (Ана тілі, №46, 2011 ж., Қуанбек Боқаев).
Жалпы, халықтың қа¬лыпты өсуі жағдайында әрбір 25 жыл сайын қазақ хал¬қының саны екі есеге ар¬тып отыруы тиіс. Қазақтың тарихына қарасақ, осындай өсім ешқашан тоқтаған емес. Біздің жер бетінен жойылып кетпей отыруымыздың бір себебі де осы болса керек. Мы¬салы, 60-80 жылдары қазақ халқының саны екі еседен астамға өссе, содан кейінгі 25 жылда мұндай өсім болған жоқ. Неге? Міне, осы сұраққа жауап іздеуіміз керек...
Ана мен баланы әлеуметтік қорғау - демографиялық жағдайды жақсартудың бір жолы ғана. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін әлеуметтік және арнаулы жәрдемақы төлемдерінің мөлшерін арттыру көптеген елдердің тәжірибесінде бар дүние. Бірақ біздің Үкімет ана мен баланы алақанына салудың орнына, жетім баладай жәу¬теңдетіп қойғандай. Мемлекет қазынасынан қарастырылған жәрдемақы мөлшері олардың жыртығын жамап жүр дегенге илану қиын.
Ойлана қарасақ, бала - мемлекеттің басты байлығы, қазынасы және болашақ тірегі. Демек, баланы асырап-өсіру - тек ата-ананың ғବна емес, мемлекеттің де бас¬ты міндеті. Балалар да қарттар мен мүгедектер се¬кілді қоғамның қорғансыз мүшесі екенін ұғыну қиын емес қой. Демек, ел азаматы ретінде, қоғамның қорғансыз мүшесі ретінде әр баланы бағып өсіруге, тәрбиелеуге Үкімет қажетінше жәрдем беріп отырса, аналар жаппай бала туудан бас тартпас еді және балаларының да ден¬саулықтары анағұр¬лым жақсарар еді.
Сонымен қатар олар балаларын бағып-қағып, дұрыстап өсірер еді. Ал мұның өзі дені сау, білімді, білікті ұрпақ өсіруді қамтамасыз ететіні даусыз. Ал қазір статистикалық мәліметтер мен зерттеулерге қарағанда, еліміздегі 5 миллион баланың басым көпшілігі тұрмыстары нашар отбасыларда кедейшілік күн кешіп, өсіп келеді. Түрлі ауру-сырқау, мүгедек балалардың да осындай қазақ отбасыларынан шығуы жиілей түсуде...Мен өзім 40 жылдан астам бала дәрігері болып жұмыс атқарып, қазір де Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтында 30 жылдан астам балалар хирургтарын даярлауға еңбек сіңіріп келе жатқандықтан, педиатрияның өзекті мәселелері жүрегімді ауыртады...
«Ұлт боламын десең - ұрпағыңды ойла!» дейді дана халқымыз.
Ең өкініштісі - әлі де сорлап жатқан сол өз халқымыз: үйсіз-күйсіз, жұмыссыз, базар жағалап, арба айдағандар (қал¬таларында табақтай дипломдары бола тұра), ауылдарда жұмыс жоқ, ал қалада тұратын үйлері жоқ, салынып жатқан үйлер тым қымбат, жердің барлығы шекпенділерге сатылып кеткен... Тұрмыс жағдайлары нашар болғандықтан, жарық дүниеге келген балалары да ауру-сырқау. Себебі екіқабат аналардың өздері аш-құрсақ, аурушаң, тойып тамақ жемеген соң, кез келгені анемияға (қан аздыққа) шалдыққан. Ондай аналардан қай бір дені сау нәресте дүниеге келсін?! Себебі дүниеге ұрпақ әкелетін ананың ден¬саулығы жақсы болуы керек және ол құрсағындағы шаранасын да қажетті қоректік тағамдармен қамтамасыз етуі қажет. Ол үшін тамағы тоқ, уайымы жоқ болуы керек. Қазақта: «Емізулі әйелге - елу пәтір немене?» деген мақал бар. Бұл мақалдың төркіні - ертеде бір бабамыз таңертеңгі шайын ішіп, күрке тауық¬тарын бағып қырға шығуға даярланып жатады. Әйелі қамыр илеп, пәтір (майлы қаттама) пісіруге даярланып жатады. «Көп жүріп қалмай, ертерек кел. Пәтір пісіріп қоямын» дейді үйден кетіп бара жатқан күйеуіне. Түске таман қүркесін жайып, тамақ ішуге келсе, шай қайнап, демдеулі тұр, бірақ піскен пәтір жоқ дейді. Сөйтсе әйелінің емізулі баласы бар екен, пісіріп отырып елу шақты пәтірдің барлығын өзі байқамай жеп қойыпты. Бұрынғы шешелеріміз де қандай бақуат болған десеңші! Күйеуінен ұялғаннан айтқан сөзі елге мақал ретінде тарап кетіпті. Шын мәнінде, екіқабат әйел де, емізулі әйел сияқты, дұрыс та¬мақ¬танып, әсіресе, көңіл күйі жақсы болуы керек. Сонда ғана денсаулығы дұрыс бала дүниеге келеді. Ол - медицинада дә¬лелденген аксиома.
Халық санын арттырудағы ең оң¬тайлы тәсілдің бірі - халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету болып табылады. Ал бізде қалай? Тұрғын үйге, жер алып, үй салып, мал, бау-бақша өсіруге зәру емес қазақ жоқ деуге болады. Демографтар 1960 жылдардың бедерінде қа-зақтардың өсімінде зор дүмпу болғаны, дәл осы кезеңде көпбалалы отбасылар күрт көбейгені жөнінде деректерді кел¬тіріп жүр ғой. Алайда мұндай дүмпудің нақтылы қандай себептен болғаны жөнінде сараптаулар жасалған жоқ. Ал мұндай дүмпудің ең басты себебі ха¬лықтың жаппай тұрғын үймен қамта¬масыз етілгендігінен және хал-ахуал-дарының жақсарғанынан болды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қор¬ғау министрі Гүлшара Әбдіхалы¬қованың таратқан ақпаратына қарағанда, 2010 жылдың қаңтар айынан бастап, әр баланың тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы отыз тоғыз мың теңге, төртінші және одан кейінгі бала туғанда берілетіні 70650 теңгені құрайды екен. Тиын-тебенін қалдырмай айтқанда, бала бір жасқа толғанға дейін берілетін балакүтімі жөніндегі ай сайынғы жәрдемпұл: бірінші балаға - 7773, екіншісіне - 9185, үшін¬шісіне - 10598, ал төртінші және одан кейінгі балаларға - 12011 теңге көзделген екен. Сонымен қатар мемлекеттің бұл көмегіне қол жеткізу үшін де талай жердің есігін қағып, табалдырығын тоздыруың қажет. Әр жәрдемақыны алуға жеке-жеке құжат жинау деген бар.
Қазір «бюджеттік қаржы тапшы» деген сылтаумен жағдайы нашар от¬ба¬сындағы әр балаға бір жастан асқан соң, мемлекет тарапынан ай сайын не¬бәрі бір жарым мың теңге жәрдемақы тағайындау - оларды мазақ ету сияқты. 1500 теңгені айдың әр күніне шақсақ, небәрі 50 теңгеден келеді екен! Ол күнін әрең көріп жатқан отбасының қай жыртығын жамауға жетеді?
Біз, басқа өркениетті елдерді қоя тұрып, ең жақын көршіміз Ресей де¬мографиялық мәселені шешуге соңғы жылдары білек сыбанып кірісіп кетті. Салыстырып қарасақ, Ресейдің халқы Қазақстанға қарағанда әлдеқайда көп. Халқымен есептегенде байлығы да аз. Сонда да қазынасы 23 миллионға жуық балаға жәрдемпұл қарастырған. Жі¬ліктеп, баланың күтіміне қанша қаражат керек, бәрін жіті есептеген. Қалайша? Қай жолмен? Соған көшейік те, орыстың рублімен емес, қазақтың теңгесімен сөйлейік. Сонымен, Ресей қамқорлықты ананың жөргегінде бала пайда болғаннан бастапты. Яғни тоғыз ай бойы мемлекет көмек береді. Әр айда жүз жетпіс мыңға жуық теңге төленеді. Бала туылып, жарық дүниеге келгендегі біржолғы көмекпұлдың мөлшері елу үш мың теңгеден асып жығылады. Бұл бірінші балаңыз өмірге келсе. Егер екінші нәрестеңізді қолыңызға алсаңыз, бұл сома екі есеге, үшіншісіне үш есе кө¬бейеді. Егіз сәби дүниеге келсе - 360 мыңнан астам, үшем туылса - 770 мың теңгеден астам қаражат аласыз. Және үш жасқа дейінгі, үш жастан он алты жас аралығындағы балаларға жеке-жеке жәрдемақы беріледі. Оның ішінде жал¬ғыз басты аналар екі есе артық көмек алады екен. Сонымен қатар оларда «Ана капиталы» деген бар. Онда әрбір ананың есепшотына бір миллион алты жүз жетпіс мың теңгеге жуық қаражат құйылады. Бұл бала туу деңгейін көтеруге тиімді ме? Тиімді. Бұндай қаржылық көмек Ресей аналарына 2007 жылдың қаңтар айынан бері төленіп жатыр. Тіпті, отбасы осы ақшаның көмегімен жер¬гілікті жерден баспана алып, тұр¬мыстық жағдайын жақсартуына мүм¬кіндігі мол.
Ресей мұнымен қатар «Ана капиталын» да жылдан-жылға өсіріп келеді. 2013 жылы бұл көрсеткіш 430 мың рубльге (екі миллион теңгедей) артады деп жоспарлануда. Ресей премьер-министрі В.Путин: «Біз демографиялық бағ¬дарламаларды жүзеге асыруды тоқ-татпаймыз. Ана капиталын да жылдан-жылға өсіреміз. Осы мақсатта ана капиталына алдағы үш жылға қосымша бюджеттен 70 миллиард рубль қаржы бөлу туралы шешім қабылдадық. Сон¬дай-ақ бала туу кезінде берілетін жәр¬демақы 12 мың 400 рубльге дейін кө¬бейеді» деп өз халқын бір серпілтіп тастады.
Ал біздің Премьер-министріміз қайда қарап отыр? Парламентте де қазаққа жаны ашитын депутаттар болмағандықтан бұл жөнінде мәселе қозғалар түрі жоқ.
Ана мен балаға қамқорлық жақсарып, туу көрсеткіштері күрт өсетін болса, онда елде қазақтардың саны үстемелеп арта түсер еді. Үкімет басындағы біреулер, қазақ тілінің өркендеуі сияқты, қазақтың санының артқанын да қаламайтын сияқты... Ресми зерттеулер демограф¬тардың болжамдарына қарағанда, халық саны 2020 жылы 18,33 миллионға әзер жетпек. Демек, аналар мен балаларға қамқорлық жасау, жәрдемақы концепциясы қайта қаралмаса, олардың бо¬лашақта елімізге тірек болуы неғайбыл болмақ.
Асылы, Қазақстанның демографиясын өсіруге, ана мен баланы әлеуметтік қорғауға бағытталған жұмыстар қағазда ғана бар. Іс жүзінде құрғақ сөз, есек дәме. Қазір өмірге үшем әкелген Алмагүл атты батыр ананың әлеуметтік жағдайы туралы теледидардан қайта-қайта көрсетіп, «Түркістан» газеті сыр шертіп,мәселе көтерді. Құдай берген тоғыз құрсаққа жарық дүние сыйлаған ана сол балаларына берілетін жәрдемақысының өзіне қол жеткізе алмай отыр. Барлық мәселе тіркеуге (алты жыл жалдамалы екі бөлмелі тар кепеде тұрып, тіркеуге де тұра алмапты) тіреліп тұр екен... Шала туылған Айсұлу, Күнсұлу және Жан¬сұлуларды неонатолог-педиатрлар қан¬шама күш-жігер жұмсап, аман алып қалған. Мынадай суықта жалдап отырған екі бөлмелі Қаскелеңдегі суық үйіне барса, нәрестелерін өлтіріп алуы да мүмкін. Бірақ амал қанша? Балалардың несібесіне қарай, бір жақсылықтың болатынына үміт артқаннан басқа батыр ананың қандай амалы бар?! Ал демографиялық серпіліс жасау үшін мемлекет тап қазір Алмагүл сияқты аналарға барлық көмекті үйіп-төгуі керек емес пе?! Тоғыз баланы бағып-қағып отырған (үшемді өмірге әкелген) батыр анаға қандай көмек (Алматыдан пәтер беріп, үй салатын жер сыйға тартып дегендей) жасасақ та жараспайтын ба еді? Өте өкінішті-ақ!
Әбдісабыр ӨМЕШҰЛЫ,
Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтының балалар хирургиясы курсының меңгерушісі, профессор
«Айқын» газеті