JANAOZEN.NET
Тақырыптық номинация: ақпараттар, мақалалар, өз сөзім, фото, видео;
Ресурстық тілі: қазақ;
Ашылған уақыты: 2012 жыл;
Бас редакторы: Қасым Аманжолұлы;
JANAOZEN.NET жайлы бірер сөз
Әрбір ұлттың шарықтайтын, құлдырайтын, қуанатын, қасірет шегетін сәттері болады. Рухтанатын да шағы бар.
Жаңаөзен оқиғасы ұлт басына түскен үлкен қасірет. Бұл рас. Бірақ сонымен қатар ұлттың рухтануы да осы қасіреттен бастау алатынға ұқсайды. Себебі, өз бойындағы құлдық қорқынышты жеңген мұнайшылар биліктен ақырып теңдік сұрады. Рас, әзірше жеңілді... Ал рухы сынды ма? Сынған жоқ. Сынбаған рухтың баршаға тарайтыны айдан анық дүние.
Жаңаөзен атауымен интернет басылым ашып отырған біздің қасіретті оқиғаның атауымен жарнама жасамақ ойымызда жоқ. Керісінше, ұлттық қасірет топтастырған алаш жұртына әділетті ақпарат ұсынып, қызмет етпекпіз.
Портал шекесіне шығарған қазақтың арда ақыны Сабыр Адайдың: «Әр қазақ менің жалғызым» деген, бүгінде Абай сөздері тәрізді ортақ ұранға айналған жыр жолдары да елді біріктіру мүддесінен туды.

Порталдың ашылуында ел алдына ұсынып отырған бірнеше жобамыз бар:
Біреуі, жоқтау жырлардың мүшәйрасы. Арыстарының артынан зар айтып жатқан ел ақындарының жарияланған, жарияланбаған жырларын топтастырмақпыз. Тартпада қалмасын деп. Жұрт талқысына ұсынып, үздіктерін оқырманға анықтатып, оған қосымша кәсіби әдебиетшілердің сынынан өткеріп озық он бес жырды марапаттамақ ойымыз бар. Және жыр авторы бейнекамераға өз өлеңін оқып береді. Портал тұрақты жариялап отырады.
Екінші. Соңғы заманның өтімді бағыттағы өнерлерінің бірі FREEMAN жанры. Бұл - анимациялық саяси микрофильмдер. Өте қарапайым, бірнеше бояудың көмегімен, мейлінше қысқа жасалады. «Жаңаөзен - Мәңгі!» деп аталатын порталымыздың тапсырысымен орындалған микрофильмді сол жанрда жасалған қазақтың тұңғыш freeman-туындыларының бірі десек болады.
Жаңаөзен - қасіретті қаланың ғана аты емес, енді ол Жаңа Заманның, Жаңа Ағымның атауы. Порталымызға қош келдіңіздер!