Сәрсенбі, 23 Қыркүйек 2026
Саясат 26936 3 пікір 22 Ақпан, 2021 сағат 17:34

ЕО Ресейге санкция салмақ

Еуропалық одақтың сыртқы істер министрлері 22 ақпанда оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйды түрмеге отырғызып, оның жақтастарына репрессияны күшейткені үшін Ресейге қарсы жаңа санкцияны қабылдауы мүмкін.

Брюссельде 27 елдің дипломаттары Ресейдің бірқатар жоғары лауазымды тұлғалары мен ұйымдарына қарсы шектеу қоюы мүмкін. Атап айтқанда, олардың шетелдегі активтерін бұғаттап, Еуропалық одаққа виза беруге тыйым салуы мүмкін.

Дипломаттар бұл мәселені Навальный Германияда емделіп, еліне қайтқаннан кейін ұсталғаннан соң талқылаған.

Навальный өзін уламақ болғандардың артында Ресей президенті Владимир Путин мен Федералды қауіпсіздік қызметі тұр деп есептейді. Кремль болса, мұны теріске шығарады.

Былтыр қазан айында Еуроодақ Навальный "Новичок" уымен уланған соң, алты ресейлік шенеунікті "қара тізімге" енгізген.

Алексей Навальный Германиядан Ресейге 17 қаңтарда оралған бойда ұсталды. 2 ақпанда сот оның "Ив Роше" ісі бойынша алған шартты мерзімін өзгертіп, түрмеге отырғызу туралы шешім шығарды. 20 ақпанда сот Навальныйдың апелляцилық шағымын қанағаттандырмады.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1398
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2975
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1046
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 977