Бейсенбі, 3 Қазан 2024
Саясат 31162 6 пікір 23 Ақпан, 2021 сағат 14:05

Литва КСРО қылмысы үшін Ресейден өтемақы сұрамақ

Литва КСРО мұрагері - Ресейден өтемақы талап етпек. Не үшін? КСРО оккупациясы үшін! Сомасы – 800 миллиард доллар.

Литва Сеймінің (Жоғарғы заң шығарушы орган – ред.) бұрынғы спикері, «Литва Тәуелсіздігінің атасы» деп айтылатын саясаткер Витаутас Ландсбергис «Delfi.lt» порталында болған талқы кезінде совет оккупациясы кезінде келтірілген залал үшін Ресейден өтемақы талап ету керектігін айтқан.

Витаутас Ландсбергис: быть литовцем – честь, тогда и 4 миллиона – не предел - RU.DELFI

Ол өз сөзінде 2000 жылдың 13 маусымында Литвада «КСРО оккупациясы кезінде келтірілген шығынның өтемақысын талап ету туралы» заң қабылданғанын, сол бойынша өтемақы мәселесін табандап тұрып көтере беру керектігін айтқан. «Өйтпесек, біз өзімізді, принциптеріміз бен әлі күнге күшінде тұрған сол заңды сатқан болып есептелеміз», - депті Ландсбергис.

«Заңда жазылғандай, бұл мәселені көтере беру керек. БҰҰ, Еуропа кеңесі, ЕО секілді ұйымдарды бұл мәселеден құлағдар етіп отыру қажет. Аталған ұйымдардан бізге қандай қолдаулар болатыны да маңызды. Оның алғашқысы, біздің осы бастамамызға қатысты пікір білдіріп, қолдау білдіру. Бұл өз кезегінде олардың (Халықаралық ұйымдар – ред.) да бұл мәселені бақылып отырғанын көрсетер еді.

Ал енді біз осыны қалаймыз ба, осы бағытта тұрақты түрде жұмыс жүргізіп келеміз бе, бұл бөлек әңгіме.

Заң бұрын қабылданды. 20 жыл бұрын. Одан бері неше рет билік ауысты. Кейбір Үкімет басшылардың бүйрегі Ресейге бұрып тұрды. Олардың айқайшыл, аттаншылдарының: «Бәрібір бүгін-ертең алмайсыңдар (өтемақыны - ред.), сондықтан, ұмыта салыңдар», дегеніне құлақ асты.

Біз бұл мәселеде принципшіл болуымыз керек еді. Ерте ме, кеш пе бұл шешіледі. Қалай шешіледі? Лайықты өтемақы ма, әлде символикалық өтемақы ма, келісім бе, жоқ па, бұл пирнцип мәселесі.

Егер Ресей бір кездері өте кедей, бақытсыз, мұқтаж ел болса, қазір олай емес. Сондықан, келіссөздерді бастау керек. Бізді, «халқымыздың трагедиясынан нан таппақшы», деп те айыптаған. Өтемақы талап ету – бұл нан табу емес! Бұл – әділеттілікті талап ету! Литва олардан (Ресейден - ред.) өтемақы талап етпесе де болар еді, бірақ, біздің бұл туралы айтқымыз келеді! Өйткені, заң бойынша, олар міндетті», - депті Ландсбергис.

Минфин Литвы признал зависимость экономики от России - RuBaltic.ru

Литвалық «Delfi.lt» порталында болған бұл талқығы үш адам қатысқан. Біріншісін жоғарыда айттық. Екіншісі – «КСРО оккупациясының Литваға келтірген шығыны жөніндегі» ведомствоаралық комиссияның бұрынғы басшысы Раса Будбергите. Аталған комиссия бұрындары есеп-қисап жасағанда, КСРО келтірген залал шығыны 20 миллиард еуро деп бағаланған екен.

«Біз ол кезде тікелей шығындарды ғана есептедік. Соның өзі 80 миллиард болды. Ал шындап келсек, шығын сомасы бұдан әлдеқайда көп. Бірнеше жүз миллиард... Біз осының тек тікелей шығындарын ғана есепке алдық», - депті Будбергите.

Ол өз сөзінде, мәселе келітірген залал сомасында емес, халықтың көзін ашуда екенін айтыпты.

«Әңгіме, қандай да бір сома жайлы емес, біздің халқымыз Ресей әлі күнге мойындамайтын сол оккупацияның қалай жүргізілгенін білуі керек. Біз олар айтқандай жатыпішер халық емес, донор-мемлекет болдық», - дейді Будбергите.

Якилайтис метит на пост главы ЛРТ - RU.DELFI

Ал осы екеудің талқысына модератор боп отырған журналист Эдмундас Якилайтис: «Залал сомасы 800 миллиард доллар. Жұртқа түсінікті болуы үшін, қазіргі Литваның жылдық ЖІӨ көлемі 50 миллиардты құрайды. Бұған - Литва тұрғындарын мақсатты түрде жасалған репрессия мен геноцид кезінде қасақана қырып салу, халықтың мал-мүлкін, дүниесін күшпен тартып алу, колхоздарға ұжымдастыру, заңды қағаздарды кәмпескелеу, мәжбүрлі эмиграция, қоғамдық ұйымдардың қудалануы т.б. жатқызылып, есептелді. Бұл критерийлердің барлығы БҰҰ талаптарына сай қаралған және келтірілген залал шығыны 800 миллиард доллар деп есептелді», - деп қосыпты.

Литва бұл өтемақыны қалай талап етпек? Саясаткер Ландсбергис:

«Сөйлесу керек. Ресеймен сөйлесу керек! Мейлі, олар есігін тарс жауып алса да, бізге айта беру керек. Біз мұны 90-шы жылдары бастадық. Ол кезде Горбочев мырза бізге Мәскеуден: «Ешқандай келіссөз болмайды. Біз тек шетелдіктермен ғана келіссөз жасаймыз. Ал сендер біздің субьектімізсіңдер», - деп жауап қайтарған. Бірақ, біз де «мақұл» деп, бұғынып қалған жоқпыз. «Біз Тәуелсіз мемлекетпіз. Сондықтан, сөйлесіңдер. Мәселені бейбіт келіссөзбен шешкіміз келеді», - деуден танбадық.

Мәселені шешу үшін – сөйлесу керек. Диалог керек. Кейін, олар өз позицияларынан айнып,  бізбен сөйлесуге тура келді. Сол жылдың жазында-ақ. Біз жұмыс істедік. Түрлі ұсыныстар айттық. Кез келген мәселені екіжақты келіссөз арқылы шешуді ұсындық. Мұның барлығы құжат түрінде рәсімделген. Ең аяғында ол бір кітап болды. Біздің әр жолғы ұсынысымыздың соңында «жауапсыз қалды» деген жазу тұрды.

Бір кезде олардың өздері диалогқа келді. Өйткені, өз әскерилеріне Литва банкі арқылы жалақы төлеулері керек еді. Осылайша, келіссөздер басталып кетті. Мәскеудің бұл диалогтарды келіссөз деп мойындамау әрекеттеріне Халықаралық қауымдастық күле қарады», - депті.

Поклонская определила победителя конкурса на лучший аниме-рисунок с ней - РИА Новости, 29.06.2020

Литва саясаткерлерінің бұл айтқандары БАҚ-та жарияланған. Баспасөздегі жарияланымға Ресей Думасының Халықаралық істер комитеті төрағасының орынбасары Наталья Поклонская пікір білдіріпті.

Оның пікірінше, осы тақырыптағы әңгімелер Вильнюс пен Мәскеу қарым-қатынасының нашар екенін көрсетеді. Ол Балтық жағалауы елдерінде «КСРО оккупациясы» туралы дау күшейіп келе жатқанын айтқан.

Abai.kz

6 пікір