Жұма, 11 Қыркүйек 2026
Интернет конференция 5400 24 пікір 25 Ақпан, 2021 сағат 14:38

Интернет-конференция спикері - Мақсат Халық

Құрметті оқырман! «Abai.kz» ақпараттық порталы тұрақты түрде жүргізіп келе жатқан интернет-конференцияның келесі тақырыбы – ЕАЭО мен Қазақстанның оған мүшелік еткен 5 жылындағы экономикалық һәм саяси жағдайларға арналмақ.

Жуырда «Қазақстан 2015-2020 жылдардың ішінде ЕАЭО аясындағы саудадан 44 млрд доллар жоғалтқан» деген ақпарат БАҚ-та жарияланып, қоғамда қызу талқы болды.

Осыған дейін, одақты саясиландыру процесстері, оның ішінде ортақ зейнетақы, ортақ спорт, ортақ ақша, ортақ жұмыс күші, ортақ ақпараттық кеңістік т.б. мәселелер туралы Abai.kz ақпараттық порталында бірнеше мәрте жаздық. Оған қоса, былтыр Қазақстан Үкіметі ЕАЭО-ға мүше елдердің кәсіпорындарына зауыт-фабрика салу үшін жер учаскелері тегін беруді жоспарлады. Абырой болғанда, қоғамдық қарсылықтан кейін бұл қойыртпақ жоспар жүзеге асқан жоқ. Одан бөлек, ЕАЭО елдеріне Ресейдің мүддесін одақ болып қорғау ұсынылған. Ол бойынша, ЕАЭО-ның бір мемлекетіне үшінші бір ел санкция салса, ЕАЭО-дағы өзге елдер бірлесіп одақтасының мүддесін қорғауы керек болатын.

Осы жағдайларға қатысты, сарапшылар әуелде тек экономикалық сипатқа ие деп құрылған бұл бестік одақты Ресей билігі бірте-бірте КСРО-ға айналдырғысы келеді деген пікірде. Бүгінде берекесі кеткен одақтың экономикасы ортайып, тараптар арасында талас-тартыс өршігені де белгілі.

Сонымен, 2014 жылы келісімге қол қойып, 2015 жылы ол келісім күшіне енгеннен бері Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақта ұтты ма, ұтылды ма? Қазақстанға ЕАЭО-дан шығу керек пе, жоқ па? ЕАЭО-ға балама интеграция қайсы?

Abai.kz ақпараттық порталы өткізетін интернет-конференцияның келесі спикері – белгілі экономист Мақсат Халық мырза. Спикер Мақсат Халықтың ашық сұхбаты мен сіздер қойған сауалдың жауабы Abai.kz ақпараттық порталында жарияланатын болады!

Сауалдарыңызды жолдай беріңіздер, мархабат, мәртебелі оқырман!

Abai.kz

24 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1071
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2625
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 746
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 713