Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4033 0 пікір 28 Наурыз, 2012 сағат 09:32

Ұлттық бірыңғай тестілеуге қалай дайындалу керек?

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының директоры Қали Әбдиев тестке дайындалу барысында байқау сынақтарына жүгінуге кеңес береді.

«Қазіргі кезде республика бойынша Ұлттық тестілеу орталығының 154 бөлімшесі бар. Қала және ауыл мектептері сол бөлімшелерге тапсырыс беріп, байқау сынақтарын өткізе алады. Мемлекет бекіткен бағанамаға сәйкес бір байқау сынағының бағасы - 255 теңге. Тапсырыс берілгеннен кейін, біз тест кітапшаларын шығарып, байқау сынақтарын өткіземіз. Міне, осындай дайындықтан өткен балалар жақсы нәтиже көрсете алады. Себебі оқушылар асықпай отырып, барлық тест тапсырмаларын орындайды. Беймәлім сұрақтарды мұғалімнен сұрап алуға да мүмкіндік бар. Білуімізше, кейбір жерлерде ондай сынақтарды өте жиі өткізеді. Меніңше, одан нақты нәтиже шықпауы да мүмкін. Оның бәрін талдау қажет. Мәселен, бір айда бір байқау сынағын өткіздік дейік. Осыдан кейін тест тапсырушы қанша сұраққа қате жауап берді? Оның негізгі себептері қандай? Осының бәрін оқушы мұғаліммен бірге отырып талдаса, екінші рет өткізген байқау сынағының нақты нәтижесі көрінеді», - дейді Қ.Әбдиев.

kaz.gazeta.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5265