Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3953 0 пікір 5 Сәуір, 2012 сағат 10:13

Қазақтың тарихи, мәдени мұрасы баға жетпес жаңа ғылыми еңбектермен толықты

Қазақтың тарихи, мәдени мұрасы баға жетпес жаңа ғылыми еңбектермен толықты - ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары

АЛМАТЫ. 5 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «Мырза Мұхаммад Хайдар Дулат парсы дереккөздерінде» және Хибатулла ат-Тарази және оның рухани мұрасы» деп аталатын жаңа кітаптардың тұсаукесері рәсімі өтті.

Олар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен   Орталық Азия муфтилер кеңесінің төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлінің бастамасымен жарық көріп отыр.

«Орта ғасырдың әлемге әйгілі белгілі ойшыл-ғалымдарының өмірі мен шығармашылық мұраларына арналған бұл кітаптар көп жылғы ғылыми ізденістің нәтижесі. Бұл еңбектердің қазақтың тарихи, мәдени мұрасын зерттеуде ғалымдар мен оқырмандар  үшін ғылыми маңызды еңбек болары сөзсіз. Біз бүгінгі іс-шара аясында оқырман қауымның назарына ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Әбсаттар қажының да өмірі мен шығармашылығына арналған «Ұстаз. Ғалым. Қайраткер» атты кітап көрмесін ұсынып отырмыз. Оған 200-ден астам кітаптар мен журналдардан мақалалар қойылған», - дейді ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары Бақытжамал Тойбекқызы.

Қазақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 896
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2324
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 599
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 582