Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 6115 1 пікір 19 Наурыз, 2021 сағат 13:12

«Коммунист» миллиардерлер

2019 жылы Қытай Халық Республикасының жетпіс жылдық мерей тойында ел басшысы: «Коммунистік партияның дана басшылығының арқасында батыстың дамыған елдері екі жүз жылда жеткен жетістікке біз бар болғаны жетпіс-ақ жылда жеттік» - деп мәлімдеді. Мұның  пафоспен айтылған сөз емес екені уақыт өткен сайын дәлелденуде. Жақындағы мәлімет бойынша Қытайдағы миллиардерлер саны 1058 адамға жетіп, Американы (696) басып озған. Ресей байларын жиырма ораған. Айтып- айтпай Қытай көсемі Ден Сяо пиннің бұдан қырық жыл бұрын ортаға қойған    «Алдымен бір бөлім адамдар баю»  (Ұлттық буржуазия қалыптастыру) стратегиясы артығымен орындалғаны көрініп тұр.

Миллиардтар елінің қысқа уақыт ішінде жан санының көптігі сияқты ішкі мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, бүкіл әлемді арзан товармен қамдайтын алып фабрикаға айналғаны белгілі. Сәйкесінше Қытайдың алғашқы миллиардерлері осы өндіру, жасау, қора-жай салаларында шыққан екен. 2001 жылы дүние жүзілік сауда ұйымына мүше болғаннан кейін ұлттық компаниялары шетел нарығына шығып, байлар саны күрт артқан. Соңғы он жылда дәстүрлі өндірістік бағыттағы кәсіпкерлерді сандық технологияны меңгерген бизнесмендер басып озған. Бұл Қытайдың жалаң өндіруші елден, ғарыш, жасанды ми, адам келбетін анықтау, робот, ұшқышсыз аэроплан жасау саласында дамыған елдермен иық теңестіретін әлеуетке жеткенін көрсетеді.

Деседе Батыс сарапшылары Қытай коммунистік билігі азаматарына жеке кәсіп ашып, бай болуға барлық шарт-жағдай жасағанымен, бәрібір жетекшілік рөлді (Водительдің орнын) бермейді деп қарайды. Үкімет аяққа тұрғызған ірі кәсіпорындар мен бірге, жоқтан бар болған Alibaba, Redmi компанияларының бас кеңселеріне мемлекеттік идеялогияны қадағалайтын коммунистік партияның саяси штап пәтері жайғасады. Трамп билігі «Сауда алаяқтығымен айланысты», «Халықаралық келісім-шарттарды сақтамады»-деп Қытайға қарсы экономикалық соғыс ашқанда миллиадерлер де шет қалмады. Huawei басшысының кезінде әскери адам болғанын, таза коммунист екенін алға тартып, Канада билігіне оның қызын тұтқындауға пәрмен берді. АҚШ та жиырма бес миллион қолданушысы бар TikTok-қа тыйым салды.

Жаңа жылдың алды-артында жасына жетпей пенсияға шыққан Джек Маның жоғалып кеткені, үй қамаққа алынғаны жайында түрлі қауесеттер тарады. Жаңа миллиадерлер тізімінде оның төменге сырғығаны белгілі болды. Оның себебін сарапшылар Джек Маның жаңа бизнес бірлестігінің (Ant Group) активтерінің қор нарығына шығуына үкіметтің рұқсат бермеуімен байланыстырады.

Оның ілгерідегі сұхбаттарында «Ақшаң миллион долларға жеткенше өзіңдікі, миллионнан асқан соң өзіңдікі емес», «Билікпен махаббаттасуға болады, бірақ үйленуге болмайды» - деп тегін айтпаса керек.

Есбол Үсенұлы

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5413