Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2466 0 пікір 6 Сәуір, 2012 сағат 13:27

Шетелдіктерге құмар қалыңдықтар неге көбейіп барады?

Жүрекке әмір жүрмейді. Бұған қарсы келу, дау айту мүмкін емес. Алайда сананы тұрмыс билеген бүгінгі заманда қылығы түзде - қыздарымыздың жүрегін адал махаббаттан бұрын бас айналдырар байлық билеп алмады ма деген күдікті ой қылаң береді. Әйтпесе айналамызда қаншама жігіттің сұлтаны жүрсе-дағы оларды көзге ілмей, шетелдіктердің етегін ұстайтын қарындастарымыз көбеймес пе еді? Айтпағымыздың астарын түсінген де боларсыз.

Рас, Кеңес Одағының саясаты бойын­ша аралас неке «модаға» айналған ке­зең­дер де болды. Бірақ шетелдіктерге тұрмысқа шығыпты дегенді естіген емес­піз. Қазір ше? Қазақылықтың қаймағы сақталған оңтүстіктің өзінде бұл жат үрдіс соңғы жылдары кең етек алып барады.

Жүрекке әмір жүрмейді. Бұған қарсы келу, дау айту мүмкін емес. Алайда сананы тұрмыс билеген бүгінгі заманда қылығы түзде - қыздарымыздың жүрегін адал махаббаттан бұрын бас айналдырар байлық билеп алмады ма деген күдікті ой қылаң береді. Әйтпесе айналамызда қаншама жігіттің сұлтаны жүрсе-дағы оларды көзге ілмей, шетелдіктердің етегін ұстайтын қарындастарымыз көбеймес пе еді? Айтпағымыздың астарын түсінген де боларсыз.

Рас, Кеңес Одағының саясаты бойын­ша аралас неке «модаға» айналған ке­зең­дер де болды. Бірақ шетелдіктерге тұрмысқа шығыпты дегенді естіген емес­піз. Қазір ше? Қазақылықтың қаймағы сақталған оңтүстіктің өзінде бұл жат үрдіс соңғы жылдары кең етек алып барады.

Оңтүстік Қазақстан облыстық Әділет департаментінің мәліметтеріне жүгінсек, өткен жылы 874 жерлесіміздің шетел азаматтарымен некелескені тіркеліпті. Бұл көрсеткіш осыдан төрт жыл бұрын ғана, яғни 2007 жылы 39-дан аспаған. Әрине, бұлардың арасында келіндерден гөрі күйеубалалардың қатары көбірек екенін ұғыну қиын емес. Сонда Қазақ­станның қыздары үшін жат елдің жігітіне жар болу абырой болғаны ма, әлде бұл мәжбүрлікке итермелеген қу дүние ме екен? Қаланың қыздарын қайдам, ауыл­дың ажарлылары көбінше көрші ауыл­дан-ақ теңін тауып, ағайыннан алысқа ұзамайтын. Тіпті, көрші екі ауылдың аза­мат­тары бір-бірімен құдандалы, нағашы-жиен болып, мидай араласып жататын. Қазір аруларымыз алысқа кетуді арман­дай­тын болғаны ма?

Балжан ӘЛІПБЕК, облыстық Әділет департаменті бастығының орынбасары:

- Шетел азаматтарымен тұрмыс құру үрдісі облыс орталығында да, аудандарда да өсіп барады. Мәселен, Шымкентті алайық. 2008 жылы 23 шымкенттік шырайлылар «жар құша­мын» деп шетел асса, бұл көрсеткіш 2010 жылы - 218, ал 2011 жылы 220-ға бір-ақ көтерілген. Ал кілең қара­көздер мекен еткен Бәйдібек ауданында 2009 жылға дейін мұндай жағдай кездеспеген болса, өткен жылы үш азаматша шетелдіктермен некеге тұруды жөн санапты. Шетел­діктермен некеге тұру шекараға жақын аудандарда күрт өскені бай­қалады. Айталық, Қазығұрт ауда­нында 2009 жылы бір қызымыз шетелдіктің жүрегін жауласа, 2010 жылы - 27, былтыр 43 отбасы жат­жұрт­тықтармен құда болысқан. Мақтааралда 2008 жылы үш жағдай тіркелсе, 2010 жылы - 139, 2011 жылы 163 жерлесіміз шетелдік жігіт­тер­мен жұп құрған. Сарыағаштағы жағ­дай да осы шамалас. Онда 2008 жылы бір ғана азаматша шетелдікпен көңіл жарастырса, 2010 жылы - 177, 2011 жылы 225 отбасы шетел­дік­термен құда болған.

Иә десеңізші. Сонда «көбінесе қара жұмыс іздеп келетін гастарбайтерлер де қа­рап жүрмей, қазақтың қыздарын қолға тү­сіретін қармағын ала келе ме» деген қаң­ғалақтаған ой келеді. Әділет де­пар­та­мен­ті­нің мәліметінде көрсетілгендей, облыс аумағындағы барлық аудан-қалаларда мұндай көріністер кездеседі екен. Тек Со­зақ ауданы үшін ғана жатжұрттықтарға келін болу жағдайы орын алмаған.

Тағы да статистиканы сөйлетер болсақ, ше­телдіктермен некеге тұрған отан­дас­та­рымыздың тең жартысы ресейліктермен көңіл жарастырған екен. Сол секілді, өзбек, қырғыз ағайындармен арадағы алыс-беріс те аз емес. Соңғы жылдары арула­ры­мыз­ға түрік, қытай, араб елінің еркек кіндік­тілері де жиірек «сөз сала» бас­тағанға ұқсайды. Бұған қонақжай елі­мізге кәсіп іздеп келіп, лезде байып шыға келетін шетелдіктердің көбеюі де себеп болса керек-ті. Әйтеуір байлығымызды ием­де­ніп, қарындастарымызды құшағына бас­қан­нан кейін «күйеу - дұшпан» болып шыға келмесе болғаны.

- Мектепті үздік бітірген қызымызды мық­ты маман иегері етпек оймен шетелде оқытуға бел буғанымыздың дұрыс бол­ма­ға­нын кеш ұғындық. Енді амал нешік? Алыс шетелдіктермен құдандалы болып, қызымызды жылына бір көрсек, көрдік, көрмесек, соған да зар болып отырысымыз мынау. Ондағы жағдайының қандай екенін көз көріп отырмаған соң, нақты білу де қиын екен. Енді құдайдан оның амандығын тілеп отырудан басқа қолдан келер дәрмен жоқ. Немерелеріміз де жат болып кетеді ме деген үрейдің барын да жасырмаймыз, - дейді аты-жөнін толық атағысы келмеген оңтүстікқазақстандық Майра апай.

Шетелдіктермен болатын неке мәселесі демографиялық ахуалы бізден әлдеқайда мықты, алып мемлекет есептелетін ресей­лік­терді де алаңдатпай қоймайды екен. Солтүстіктегі көршілеріміз қыздарының қытай жігіттерінің етегінен ұстаудан әжеп­тәуір сескенетінін ғалымдары мен сая­сат­кер­лерінің қаққан дабылынан байқауға болады. Өйткені Қытайдағы «бір отбасы - бір бала» саясаты ондағы ер-азамат­тар­дың күрт көбеюіне алып келуде. Әрине, мұның орыстарды ойлантатыны заңды. Ал қалың ормандай орекеңдерді ойлантқан мәселе бізді он есе толғандыруы керек емес пе? Қазірдің өзінде аспан асты елінде 20 мен 30 жас аралығындағы бойдақ жігіт­­тердің саны 30 миллионға жетіп жы­ғы­латынға ұқсайды. Бұл жағдайдан сыртқа қыздарын бермейтін арабтар мен шетелдіктер үшін қалың мал көлемін аспандатып қойған түрікмендіктер аса қорқа қоймаса керек-ті. Біз де заңымызды осындай баптармен толықтырып, жерде жатқан қыздарымыздың жоқ екенін ұғындырып қоймасақ, қауіп шетелдік күйеу балалардан келіп жүрмесін деңіз.

Ұласбек СӘДІБЕКОВ, ҚР Парламент Мәжі­лісінің депутаты:

- Елбасының өзі сырттағы қанд­ас­тар­ды жинап, ұлт санын арттыру үшін жұмыс жасап жатқанда, қыз­да­ры­мыз­дың жат елдің азаматына жар болып кеткенін қаламаймын. Әрине, әркімнің кіммен тұрмыс құрғысы келсе де өз еркі, оған заңмен шектеу жоқ, алайда, ұлт санын арттыру, қан тазалығын сақ­тауда бұл мәселеге немқұрайды қа­ра­ған дұрыс емес. Ата-бабаларымыздың қан тазалығы мен ұрпақ саулығына аса мән беруі тегін емес. Осыны естен шы­ғар­маған жөн. Тұрмыстық мүддеден ұлттық мүддені жоғары қоя алсақ, бұл мәселе оңды шешімін табады деп ой­лаймын. Қазақтың санын қазақ қана кө­бейте алатыны - талассыз дүние.

Шадияр МОЛДАБЕК, Оңтүстік Қазақстан облысы

«Алаш айнасы» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364