Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2096 0 пікір 7 Сәуір, 2012 сағат 10:36

Ғаббас Қабышұлы. Мен – Сотбаймын!

(Сықақ)

Алып-қосар дәнеңе жоқ: менің атым - Сотбай. Біздің ауданда пәленбай жыл жай прокурор болған нағашым Нарбай тура осылай деп қойыпты. Мен орта мектептен құтылатын жылы о дүниеге аттанып бара жатқан қайран нағашым маған: «Сотбайжан, сен Заң институтына бар, тек прокурор болма, сот бол. Төменде жүргендерді қалай төмпештесең, солай төмпеште, ал жоғарыда отырғандармен даже жағаласпа!» - деп өсиет айтып үлгірді. Амал не, «прокурор болма» мен «даже» дегендерінің о жағы мен бұ жағын түсіндіріп үлгірмеді. Алайда мен Нарекеңнің ақырғы тілегін ақтап, сот болып шықтым. Өсиетін орындап та жүрмін. Пәленбай жыл болды.

Ал енді мен сіздерге айтайын: Сотбайжан болу... ә, жоға, сот болу - біздің заманымыздың проблемасының проблемасы. Мен өткізіп жүрген мәжілістердің любойын алып қараңыз, оның жанында «Халықтар ассамблеясының» мәжілісі - совсем чепуха!

Менің мәжілісім Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесіндегі қиқудан артық болмаса, совсем кем емес! Біріңіздің уақытыңыз барын, біріңіздің уақытыңыздың жоғын ескеріп, жалғыз мысал айтып берейін.

Біріңіз естіген, біріңіз естімеген «Ескіөзек оқиғасының» ең ақырғы мәжілісін кеше өткіздім. Өте ауыр болды. Әйғали деген жұмысшы жігіт әкімді әкесінің аузынан бастап сыбаған ғой. Біздің керосин заводымызды бір ағылшын сатып алғанын біріңіз білесіз, біріңіз білмейсіз. Өте қиын проблема! Әлгі ағылшын, атаңа нәлет сол, бұдан жеті ай бұрын біздің жетпіс жігітті заводымыздан қуып тастапты: «Қысқартылдыңдар!» деп. Қазір өзі солай ғой.

Бізге тәуелсіздікпен бірге демократия келді де, басшыларымыз оны қатты қадағалайтын болып, жер жүзіндегі ұлттардың құқын құрметтеп, әнеки, керосинімізді ағылшынға сатты, көмірімізді қытайға сатты, алтын-күмісімізге еврей ие, мысымызға кәріс ие деген сияқты.

Демократияға бізден де бай ол пәлелер жыл сайын қысқарту жүргізіп, қазақтарды шығарып, өздерінікін әкеліп кіргізіп жүр. Ондай оңбағандыққа Әйғали да, басқа жігіттеріміз де қашанғы шыдасын?! Бала-шағасын жеті ай бойы сілекейімен асырай ма?! Анда барып, мында барып, арыз-шағымдарын ауызша да айтады, жазып та береді. Ойпырым-ау, біреу құлақ қақсашы! Бәрі - керең!.. Сөйтіп, төзімі таусылған Әйғали әкімнің алдынан бір-ақ шығады да: «Сен осы өңірдің басшысы емессің бе?! Біздің жағдайды енді қашан түсінесің, соны айтшы!» - дейді. Әкім есінеп-құсынап отырып: «Мен шақырмайынша, сенің маған келуге правоң жоқ, соны білмейтін нағыз көргенсіз екенсің!» - дейді.

Әйғали күйіп-пісіп, а как же, сволочь әкімді сыбап-сыбап, шығып кетеді. Оны сол күні кеште полиция ұстап, қамап тастайды. «Әкім мырзаның ар-намысына тіл тигізді, өзіне жуан жұдырық жұмсады, кабинетін тас-талқан қылды» деп жасалған алты бет акті бойынша.

Сонымен екі ай бойы жүргізілген тергеу аяқталып, кеше үкім шығарылды. Айыптаушы прокурор алты ай түрмеге жабуды талап етті, ал адвокат ақтауды талап етті. Иә, екеуінің талабы екі түрлі. Екеуі де өзінікін заңды дейді. Мен болсам, екеуінің ортасынан нағыз заңды жолды табуға міндеттімін.Ол дегенің... но демократия барда жол таба алмаған кезім жоқ, әрқашан тауып жүрмін.

Демократияның болмауы жаман. Анау Иракты, кешегі Ливияны, бүгінгі Сирияны айтсаңшы! Бәрі де демократияның жоқтығынан! Бәрінде де бір халық екіге жарылып, қырылысып... Ал бізде олай емес. Сондықтан кеше мен көп қиналмадым. Егескен екі жақтың айтысын тыңдап болып, екі кеңесшімді ертіп алып, үкім шығаруға оңаша кабинетке бардық.

Мен көп жылғы тәжірибеме сүйеніп, әкімге телефон шалдым. Менің ол әдетімді кеңесшілерім жақсы біледі. Бірі қасын керіп, бірі жымиып қарап отырды. Мен әкімге доложить еттім: «Осылай да осылай, сіздің ойыңыз қандай?» деп. Біздің әкімді біріңіз танисыз, біріңіз танымайсыз, ол - өзінен жоғарыдағы әкім бөлесі сияқты турашыл кісі, ешқашан екі сөйлемейді. «Оған - төрт жыл түрме!» - деді де, телефонын бұқтыра салды. Түсіндім. Түсінбесем, сот Сотбай боламын ба?! Өзіне де сол керек, Әйғалиды төрт жылға айдап жібердік!

Қазақстандық сот - дүние жүзіндегі ең әділетті сот!

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 15 (143) 04 сәуір2012 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394