Сенбі, 23 Қараша 2024
3989 2 пікір 5 Сәуір, 2021 сағат 12:54

Вакцина салуға қатысты халықтың пікірі қандай?

Қазақстанда жаппай вакцина егу басталды. Ақпан айында басталған вакцина егу жұмыстары екі ай ішінде енді қарқынына ене бастады. Президент вакцинациялау жұмыстарын қатаң сынға алған соң, денсаулық сақтау министрлігі вакцинаны ірі қалаларға жеткізе бастады. 

Вакцина салған азаматтар әлеуметтік желілерге өзінің пікірлерін білдіріп жатыр.

Журналист Айдос Жұқанұлы өзінің Фейсбук парақшасына: "Алматы жұртының тәртіпке бағынуы қиын. Ығы-жығы халық. Сабылған көлік. Тіршілік үшін күрес. Кіріп шыққан қонақтарды, тіркеусіз елді қосқанда бұқара саны 3 млн-ға жуықтайды. Нұр-Сұлтандағыдай қашықтық сақтап, сол жағада жұмыс істеген түр көрсетіп отыра алмайсың. Оның үстіне науқастар күннен күнге көбейіп барады. Сондықтан сақтанбаса болмайды. Өз өмірім өзіме керек. Қазақ вакцинасын күтіп жүргенде тырапай асармын деп бүгін орыстікін ектірттім. Вакцина алғаннан кейін бірінші күнде бәрі ойдағыдай болды, екінші күні қандай күйде болғанымды ертең жазамын" деп жазды.

Ал Еуропалық құқық және адам құқықтары институтының директоры Марат Бәшімов вакцина ектіргені жайлы былай деп пікір білдірді: "Жексенбі күні болғанына қарамастан тұрғындарға жаппай вакцина егу басталды. Қорқыныш сезіміне қарамастан мен де вакцина ектірдім. Вакцина жасатып жатқан жастар көп. Кезекте тұрғандар көп. Дәрігерлер мен медбикелер, психологтар кім қорқып тұрғанын байқап қояды. Тамағымызды мұқият қарап, дене қызуы, қан қысымын өлшеп, денсаулыққа қатысты басқа да сұрақтар қойды. Аллергиямыз бар-жоғын сұрады. Екпе салғаннан кейін 30 минут отырасың және қандай күйде отырғаныңды қағазға түсіріп бересің. №9 емхана басшылығының екпе егу бойынша тәжірибесі бар. Олар жағдайды бақылауда ұстап отыр".

Вакцина егіп, оны жарияға жар салуды құп көрмейтін азаматтар да бар.

Тарихшы Талғат Жанысбай болса: "Оқырманы көп блогерлер мен белгілі адамдар екі күннен бері «мен вакцина ектірдім!» деп, пост жариялағаны үшін қанша төленді?!" деп сұрақ жолдады.

Вакцина салдыру жұмыстары Алматы қаласында уақытша тоқтатылды. Оған себепкер болған жағдай вакцинаның таусылып қалуы.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5352