Корея Өзбекстанға млрдтаған доллар құймақ
Оңтүстік Кореяның Өзбекстанға құйған инвестициясы 7 млрд долларды құрады. Екі ел құны 3 млрд доллар болатын жаңа жобаларды іске асыруға уағдаласты. Бұл туралы 6 сәуір күні Өзбекстан президенті Мирзиёев пен Оңтүстік Кореяның Парламент спикері Пак Бён Сок арасындағы келіссөзде белгілі болды.
«Кездесу барысында әлемдегі пандемиялық жағдай мен экономикалық дағдарысқа қарамастан екі ел арасындағы сауда қатынасы қалыпты екені айтылды. Кореяның компаниялары мен банктерінің қатысуымен құны 3 млрд доллар болатын инвестициялық жобалар дайындалуда. Жалпы осы уақытқа дейін Өзбекстанға Оңтүстік Кореяның құйған инвестициясы 7 млрд доллардан асты», — деп хабарлады Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі.
Өзбекстан басшысы инвестициялар арқылы екі елдің қарым-қатынасы жаңа белеске көтерілгенін атап өтіп, коронавируспен күресуге көмектескені үшін алғыс білдірді.
Abai.kz