Сенбі, 23 Қараша 2024
3259 0 пікір 12 Сәуір, 2021 сағат 15:34

Алматыда тарауық намазы жамағатпен оқылмайды

Пандемияға байланысты мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айында мешіттерде жамағатпен намаз оқылмайды. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қаланың бас имамы Еркінбек Шоқай айтты.

Алматының бас имамы Еркінбек Шоқай мұсылман қауымын келе жатқан қасиетті Рамазан айымен құттықтады.

«Біздің халқымыз ежелден Рамазанды ерекше қастерлеп: «Он екі айдың сұлтаны»,- деп атаған. Берекесі мол айда жарамазан жырын айтып, оразаның келгенін қуанышпен жеткізіп, насихаттаған», - деді Еркінбек Шоқай.

Имам қала мешіттерінде жамағатпен тарауық намазы оқылмайтынын тілге тиек етті.

«Алғашқы тарауық намазы бүгін оқылады. Биыл да қаламыздағы эпидахуалдың күшеюіне байланысты мешіттерде жамағатпен тарауық намазы оқылмайды», - деді қаланың бас имамы Еркінбек Шоқай.

Спикер, әркім тарауық намазын өз шаңырағында отбасы мүшелерімен оқуына кеңес берді.

Айта кетейік, 2021 жылдың қасиетті Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады.

8 мамырдан 9 мамырға қараған түн - қасиетті Қадір түні. 13 мамыр - Ораза айттың бірінші күні.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5417