Бюджеттің 7 миллиард теңгесі орындалмады
Мемлекеттік органдар 2021 жылдың бірінші тоқсанында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шығындар бойынша көрсеткіштерді әлдеқайда жақсартты,- деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігі.
Мәселен, мемлекеттік бюджеттің шығыстары 99,5% -ға, республикалық - 99,8% -ға, жергілікті бюджеттер - 99,1% -ға орындалды.
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, республикалық бюджет шығыстары 3,5 трлн. теңгені құрайды. Бюджеттің 7 миллиард теңгесі орындалмады, оның 4 миллиард теңгесі үнемделді, 3 миллиард теңгесі игерілмеді.
Қаржы министірінің айтуынша бұған негізгі себеп, тендерлік рәсімдердің ұзақ және уақтылы өткізілмеуі, тек нақты көрсетілген қызмет көлеміне ақы төлеу, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру үшін нормативтік құқықтық актілерді уақтылы қабылдамау.
Жергілікті бюджеттің шығындары 1,4 трлн. теңгені құрады. Орындалмаған қаржы көлемі - 13 миллиард теңге. 2021 жылы өңірлерге берілетін 1,9 трлн. мақсатты трансферттердің, қаңтар-наурыз айларында оларға 328 млрд.теңге бөлінді, игеру 99,2% құрады, 2,5 млрд.теңге орындалмаған болып шықты, оның 0,5 млрд.теңгесі үнемделді, игерілмеді - 2 млрд.
Бөлінген қаржыны игере алмағандар қатарында Алматы, Нұр-Сұлтан, Батыс Қазақстан және Алматы облыстары көш бастап тұр.
Abai.kz