Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
Билік 5151 3 пікір 13 Сәуір, 2021 сағат 13:40

Мәулен Әшімбаев: Береке-бірлігіміз арта берсін!

Еліміздегі барша мұсылман қауымын қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – сабырлықтың, мейірімнің және ізгіліктің айы. Осы кезеңде адамзатты ырыс-ынтымаққа шақыратын рухани құндылықтар кеңінен дәріптеледі. Отыз күн оразада қайырымдылық танытып, мұқтаж жандарға қолдау көрсету де игі дәстүрге айналды.

Өкінішке қарай, биыл да Рамазан айы бүкіл әлемді жайлаған пандемия кезеңіне тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан азаматтарымыз қалыптасқан кейбір рәсімдерді орындауда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұсынымдарына құлақ асқаны жөн. Бұл ретте халқымыз жауапкершілік танытады деп сенеміз.

Ниет еткен жандарға ұстаған оразаларыңыз бен тілеген дұға-тілектеріңіз қабыл болсын деймін. Береке-бірлігіміз арта берсін. Әр шаңырақ шаттыққа кенелсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Мәулен Әшімбаев, 

ҚР Сенатының төрағасы

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 893
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2317
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 596
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 581