Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1963 0 пікір 17 Сәуір, 2012 сағат 14:14

110 мың қызметкер сынақтан өтеді

Елбасының «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестациядан өткізу туралы» Жарлыққа қол қоюы, қоғамда жағымды пікір қалыптастырды. Өйткені құқық қорғау саласында жүрген азаматтардың біліктілігі, білімділігі, кәсібилігі ауадай қажет. Атап айтар болсақ, аттестаттаудың мақсаты - құқық қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби дайындық деңгейін және олардың қазіргі заманғы талаптарға сәйкестігін анықтау, органдарды моральдық-адамгершілік қасиеттері төмен және жемқорлық әрекеті арқылы жалпы мемлекеттің беделін түсiретін біліксіз қызметкерлерден тазарту.

Елбасының «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестациядан өткізу туралы» Жарлыққа қол қоюы, қоғамда жағымды пікір қалыптастырды. Өйткені құқық қорғау саласында жүрген азаматтардың біліктілігі, білімділігі, кәсібилігі ауадай қажет. Атап айтар болсақ, аттестаттаудың мақсаты - құқық қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби дайындық деңгейін және олардың қазіргі заманғы талаптарға сәйкестігін анықтау, органдарды моральдық-адамгершілік қасиеттері төмен және жемқорлық әрекеті арқылы жалпы мемлекеттің беделін түсiретін біліксіз қызметкерлерден тазарту.

Жақын арада жалпы саны 500 адамнан тұратын 90 комиссия құрылмақ. Кезектен тыс аттестаттау үш кезеңнен тұрмақ. Құқық қорғау саласының 110 мың қызметкері осы сынақтан өтеді. Демек, алдағы уақытта білікті, адал, өз мамандығын сүйетін қызметкерлермен, адамның құқығы мен заңды мүдделерін жоғарғы деңгейде қорғауға қабілетті патриоттар ғана қызмет орнында қалмақ.
Шахмардан БАЙМАНОВ, Қазақстан жастарының конгресі атқарушы директоры:
- Құқық қорғау органдары қызметкерлері елі­міздің имиджін қалыптастырушы құрылымдардың бірі болғандықтан, олар қашанда өз ісінің кәсіби мамандары, нағыз патриот жандар болуы керек.
Елбасының бұл игі бастамасы құқық қорғау саласын тағы бір реформалау деп бағалауға болады. Ұлт Көшбасшысының осындай қадамы Нұрсұл­тан Әбішұлының кемеңгерлігін тағы бір айқында­ды.
Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің бойында ең алдымен адам­гершілік құндылықтар, мәдени қарым-қатынас, жоғары кәсіби деңгей болуы шарт. Себебі олар халық үшін қызмет етуші, ел тыныштығын сақтаушы, қо­рыққанға қорған, жасқанғанға қол үшін беруші өз заманының батырлары кейпін қалыптастырушы тұлғалар. Оларға қарап өскелең ұрпақ бой түзеуі тиіс.
Тәуелсіздігіміздің 20 жылында елдің эконо­микасы мен әлеуметтік жағдайының жақсаруына, халықтың әл-ауқатының артуына қызмет етілді. Ендігі кезекте ішкі құрылымдарды реформалаудың да уақыты жетті. Оған Елбасының қол қойған Жарлығы дәлел. Елім деген ерлер мен жерім деген патриот жандарымыз көп болсын.

Жақсыгүл МАХАНБЕТОВА, «Маңғыстау облыс­тық Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті:
- Құқық қорғау органдарының қызмет сапасы сол салада еңбек ететін қызметкерлерге тікелей байланысты. Оларды аттестациялау қажеттілігі - заман талабы. Қазіргі таңда қоғамда ғана емес, құқық қорғау органдарының өз ішінде де заң бұзушылық етек алған. Мұндай жайттарға күн­делікті куә болып отырмыз. Қай саланы алмасаң да кеден, жол полициясы, Ішкі істер басқармасының, қаржы полициясының қатардағы емес, лауазымды қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлықтың жолына тосқауыл қоюдың орнына, өздері соған жол беріп, пара алып, жауапқа тартылып жатқанын естіп, көріп жатырмыз. Осындай жағдайлардың көбеюі құқық қорғау органдарына деген сенімсіздік тудырды. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті қадағалау, құқықтық қорғау үшін тек кәсіби біліктілік жеткіліксіз. Әрбір полиция қызметкерінің денсаулығы мығым, патриоттық рухы мен адамгершілік ар-ожданы жоғары болуы шарт. Елбасының құқық қорғау органдарының қызметкерлерін аттестациядан өткізу туралы шешім қабылдауын мен дұрыс қабылдаймын.

Дайындаған Сейсен ӘМІРБЕКҰЛЫ

«Айқын» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458