Сенбі, 23 Қараша 2024
Анық-қанығы 8847 17 пікір 19 Сәуір, 2021 сағат 14:36

Қазақстан «Путиннің парадына» қатыспайды

Биыл қазақстандық әскерилер Мәскеудегі Жеңіс парадына бармайды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің өкілі Виталий Адамович мәлімдеді. 

«Биыл қазақстандық әскерилердің Қызыл алаңдағы парадқа қатысатыны о бастан жоспарланбаған. Былтыр біздің әскери қызметкерлер Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери шеруге қатысқанын білесіздер»,- деді министрлік өкілі.

Жалпы, жыл сайын 9 мамырда Кремль һәм оның қожайыны «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс» деген желеумен өз әскерінің әлеуетін паш етіп қалатыны бар. Уақыт өткен сайын әлгі парадтың майдангері азайып, әскери техникасы көбейіп келе жатқаны байқалады. Мұның артында ардагерлерге деген құрметтен гөрі Путиннің агрессиясы басымдау секілді. Мәселен, былтыр Путин бұл парадқа келмеу мемлекет басшылары үшін «қателік болатынын» айтқан. Сөйтіп, ол індет өршіп тұрғанына қарамастан 24 маусым күні Қызыл алаңда шеру өткізді.

«Мен Совет одағының жоқтығына өкінемінБұл олардың құқығы. Бірақ егер біздің мемлекетаралық қатынастарымыздың бүгінгі ерекшеліктеріне байланысты кейбір мемлекет басшылары келмесе, олар үшін бұл үлкен қателік болады деп ойлаймын. Себебі бұл олардың өз Отандарының тәуелсіздігі үшін соғысып, өмірлерін қиған адамдарға лайықты құрмет көрсетпейтіндігін білдіреді», - деген еді Путин, бір жолы.

Сөйтіп, оған бірнеше мемлекеттің басшыларын шақырған. Арнайы қонақтар тізімінде: АҚШ-тың сол кездегі президенті – Доналдь Трамп, Солтүстік Корея көсемі – Кым Чен Ын, Германия канцлері – Ангела Меркель, Британия премьері – Борис Жонсон, Франция президенті – Эмануель Макрон, Түркия президенті – Тайып Ердоған, Қытай төрағасы – Ши Жипиң, Үндістан премьері, Пәкістан президенті, Израиль премьері, Сербия президенті, Украина президенті, Чехия президенті, Венесуела президенті, Куба лидері, Моңғолия президенті, Әзірбайжан, Белорусия, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қазақстан президенттері және Армения премьері болды.

Ал, Ресейлік оппозиционер Навальный мырза Путиннің әлгі әскери шеру үшін 1 миллиард рубль жұмсағанын айтты. Алайда, Путин парадына шақырылған бірнеше мемлекеттің басшылары Мәскеуге барудан бас тартқан. Олардың қатарында АҚШ президенті, Германия канцлері, Франция президенті, Чехия президенті, Жапония премьері, Хорватия президенті, Израиль премьері сондай-ақ, Еуропа және Балтық елдерінің басшылары бар. Ал, Қазақстан қатысқандар қатарында болды.

Батыстық басылымдар Мәскеудің мұндай шеруін «мақтануға себеп қалмағанда өз-өзінің көңілін жұбататын жалғыз күн», деп сипаттапты. Ал, соғыста жеңімпаз болмайтынын ескерсек, Жеңіс парады - ардагерлерге құрметтен бұрын, жай ғана Путин пропагандасы секілді.

ТАҚЫРЫПҚА ТҰЗДЫҚ:

Бұл парад - Путин агрессиясы!

Путиннің парадына қатысу міндет пе?

Жеңіс парады – Путин әскерінің «құдіреттілігін» ұлықтау іспетті

Путин тағы парадқа шақырды...

Бір ғана көрерменге арналған парад

Нұрбике Бексұлтанқызы

Abai.kz

17 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5445