Сенбі, 23 Қараша 2024
3973 4 пікір 21 Сәуір, 2021 сағат 15:19

Қазақстан АҚШ-пен серіктес болуға мүдделі ме?

Бүгін АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер пресс-конференцияда журналистерді сан сауалына жауап берді. Оның ішінде АҚШ-тың Ресейге қатысты ұстанымы мен Қазақстанға қатысты көзқарасы да айтылды. Әсіресе санкция, вакцина жайында нақты жауаптар берілді. 

АҚШ елшісі Қазақстанның Вашингтонмен вакцина сатып алуға қатысты нақты ақпараттарды білмейтінін жасырмады. "Менің келіссөздер жайлы ақпаратым жоқ. Алайда американдық вакцинаны сатып алу мүмкіндігінің барын білемін. Әрине мен АҚШ өкілі ретінде Қазақстанның біздің вакцинаны сатып алуын қалаймын. Өйткені біздің вакцина өте жақсы әрі эффектісі жоғары", - деді елші. Қазақстан осы уақытқа дейін ресейлік "Спутник V" вакцинасын қолданып келеді. Елімізде 730 мыңнан астам адам осы вакцинаны қабылдап үлгерді. Қазақстандағы вакцинация науқаны көңіл қуантарлық деңгейде жүргізілмегендіктен, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тарапынан Денсаулық сақтау министрлігіне өткір сын айтылды. "Біз вакцинацияны айтылған кестеден кеш жүргізуімізге байланысты, өзімізге тиімсіз коммерциялық шарттарға көнуге мәжбүрміз" деді президент. Яғни Ресей  вакцинасын сатып алуда біз Мәсекеудің шартына көнгеніміз анық. Мүмкін ол қымбат баға, яки саяси шешім. Ол жағы уақыт еншісінде көрінеді. Дегенмен вакцинаның денсаулық саласынан бұрын саяси салмағы бар құралға айналып кеткені анық. Міне, АҚШ елшісі Қазақстанды өз вакцинасын сатып алуға шақыруы ресейлік тиімсіз шарттардан сақтандыру ретінде де түсіндіруге болады. Себебі АҚШ Орталық Азия елдерінің Мәскеудің жетегінде кеткенін қаламайтыны анық.

Бір ай бұрын, анығы 12 наурызда Байден президентіміз Тоқаевқа телеграмма жіберген болатын. Онда бізді тәуелсіздігімізбен құттықтап, Қазақстанмен тығыз жұмыс істеуге ниетті екенін білдірген еді. Сондай-ақ С5+1 форматында жұмысты күшейтетінін айтқан. С5+1 дегеніміз Орталық Азиядағы бес ел мен АҚШ. "Ақ үй" Орталық Азия елдерімен әріптестікті күшейтуге ниетті екенін осыдан-ақ аңғаруға болады.

Бүгінгі пресс-конференция барысында оны елші де қуаттады. Оны елшінің мына сөздерінен түсінуге болады. "Біз санкцияларды Ресейдің ұстанымы мен көзқарасын өзгерту үшін салдық. Біздің сайлау процесіміз бен ішкі саясатымызға араласу фактілері болды. Мұндай әрекеттерге біз қатаң жауап береміз. Ал Қазақстанға қатысты айтатын болсам, біз Қазақстанда жұмыс істегенбіз және істей береміз. Қазақстанға санкциялардың әсері болмау үшін әрекеттеніп жатырмыз. Біз бұл санкциялардың Қазақстанға кері әсер еткенін қаламаймыз",  - деді Уильям мырза. Яғни АҚШ әлі де болса Қазақстанды ресейдің ықпалынан шығаруды ойлайды. Ортақ экономикалық одақ, әуе кеңестігін бірлесе қорғау жүйесі, еліміздегі бірнеше Ресейдің әскери базалары мен "Байқоңыр" ғарыш айлағының Мәскеудің қолында екеніне қарамастан, Вашингтон Нұр-Сұлтанмен әріптестікті күшейтуге мүдделі. Қазақстан бұл мүмкіндікті пайдалана ала ма?

Асхат Қасенғали

Abai.kz

 

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5417